Қосымша 5 жыл жұмыс істеу зейнетақы жинақтарын 15%-ға арттыруға мүмкіндік береді

17 Сәуір 2013, 05:39

Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қосымша 5 жыл қатысу зейнетақы жинақтарын 15%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы барысында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының бірінші оқылымы барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қороғау министрі Серік Әбденов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Заң жобасының екінші бөлігі зейнет жасын біріздендіруді қарастырады. Бұл әйелдерге өзіне көбірек зейнетақы жинақтап, оның көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Жүйеге қосымша 5 жыл қатысу зейнетақы жинақтарының 15%-ға артуын қамтамасыз етеді», - деді С.Әбденов. Еңбек және халықты ілеуметтік қорғау министрі өз баяндамасында әйелдердің зейнет жасын ұлғайту 2014-2023 жылдар арасында жүргізілетіндігін еске сала кетті.  «Әйелдердің зейнет жасы 10 жылдың ішінде әр жыл сайын жарты жылға артып отыратын болады. Бұл санатқа 1956-1960 жылдары туған әйелдер жатады», - деп атап өтті ол.  Бұл ретте әйелдердің төмендегідей құқықтарының сақталатынын ескерген жөн: - Зейнетақы жинақтарының көлемі жеткілікті болған жаңдайда 50 жаста зейнет демалысына шығу; - 1998 жылдың 1-ші қаңтары мерзіміне дейін еңбек өтіліне ие әйелдер зейнет демалысына келесі жағдайларда ерте шыға алады: - 20 жыл еңбек өтілі бар, 5 және одан да көп баланы әкеліп, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеп үлгергендер 53 жасында; - 20 жыл еңбек өтіліне ие, 1949 жылдың 29-шы тамызы мен 1963 жылдың 5-ші жоғары радиациялық қауіп-қатер аймақтарында кем дегенде 10 жыл тұрған әйелдер 45 жасында шыға алады. Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА

Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қосымша 5 жыл қатысу зейнетақы жинақтарын 15%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы барысында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының бірінші оқылымы барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қороғау министрі Серік Әбденов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Заң жобасының екінші бөлігі зейнет жасын біріздендіруді қарастырады. Бұл әйелдерге өзіне көбірек зейнетақы жинақтап, оның көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Жүйеге қосымша 5 жыл қатысу зейнетақы жинақтарының 15%-ға артуын қамтамасыз етеді», - деді С.Әбденов.

Еңбек және халықты ілеуметтік қорғау министрі өз баяндамасында әйелдердің зейнет жасын ұлғайту 2014-2023 жылдар арасында жүргізілетіндігін еске сала кетті. 

«Әйелдердің зейнет жасы 10 жылдың ішінде әр жыл сайын жарты жылға артып отыратын болады. Бұл санатқа 1956-1960 жылдары туған әйелдер жатады», - деп атап өтті ол. 

Бұл ретте әйелдердің төмендегідей құқықтарының сақталатынын ескерген жөн:

- Зейнетақы жинақтарының көлемі жеткілікті болған жаңдайда 50 жаста зейнет демалысына шығу;

- 1998 жылдың 1-ші қаңтары мерзіміне дейін еңбек өтіліне ие әйелдер зейнет демалысына келесі жағдайларда ерте шыға алады:

- 20 жыл еңбек өтілі бар, 5 және одан да көп баланы әкеліп, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеп үлгергендер 53 жасында;

- 20 жыл еңбек өтіліне ие, 1949 жылдың 29-шы тамызы мен 1963 жылдың 5-ші жоғары радиациялық қауіп-қатер аймақтарында кем дегенде 10 жыл тұрған әйелдер 45 жасында шыға алады.

Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА

Бөлісу: