Астанадағы алтын зауыты алғашқы өнiмiн биыл желтоқсанда бере бастайды

17 Сәуір 2013, 05:09

Бүгiн "Самұрық-Қазына" АҚ мен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң қолдауымен жүзеге асып жатқан елордадағы  аффинажды зауыт құрылысының барысы талқыланды. "Самұрық-Қазына" қоры қаржыландырған аталмыш жоба жылына 25 тонна тазартылған алтын мен 50 тонна күмiс өндiре алатын болады. Оның бас операторы - "Тау-кен Алтын" ЖШС.  "Тау-кен Алтын" ЖШС бас инженерi Ахметтолла Мырзалиевтiң айтуынша, өндiрiлген өнiм бiрiншi кезекте елiмiздiң алтын-валюта қорын толықтыру үшiн ҚР Ұлттық банкiне берiледi. Одан әрi зергерлiк, техникалық өнеркәсiп үшiн құйма өндiрiсiн дамытып, тұрғындар үшiн инвестициялық алтын шығару жоспарланған.  "Зауытқа елордадағы индустриялық парк аумағынан 34 гектар жер бөлінген. Оған жер, табыс салықтары мен баж салымы салынбайды. Зауыттан алғашқы өнiм 2013 жылдың желтоқсан айында шығарыла бастайды", - дедi А.Мырзалиев. ҚазАқпарат.

Бүгiн "Самұрық-Қазына" АҚ мен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң қолдауымен жүзеге асып жатқан елордадағы  аффинажды зауыт құрылысының барысы талқыланды.

"Самұрық-Қазына" қоры қаржыландырған аталмыш жоба жылына 25 тонна тазартылған алтын мен 50 тонна күмiс өндiре алатын болады. Оның бас операторы - "Тау-кен Алтын" ЖШС.

 "Тау-кен Алтын" ЖШС бас инженерi Ахметтолла Мырзалиевтiң айтуынша, өндiрiлген өнiм бiрiншi кезекте елiмiздiң алтын-валюта қорын толықтыру үшiн ҚР Ұлттық банкiне берiледi. Одан әрi зергерлiк, техникалық өнеркәсiп үшiн құйма өндiрiсiн дамытып, тұрғындар үшiн инвестициялық алтын шығару жоспарланған.

 "Зауытқа елордадағы индустриялық парк аумағынан 34 гектар жер бөлінген. Оған жер, табыс салықтары мен баж салымы салынбайды. Зауыттан алғашқы өнiм 2013 жылдың желтоқсан айында шығарыла бастайды", - дедi А.Мырзалиев.

ҚазАқпарат.

Бөлісу: