Бүгін Финляндия Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

17 Сәуір 2013, 02:53

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға алғаш рет мемлекеттiк сапармен келетін Финляндия Президенті Саули Ниинистемен кездеседі деп күтілуде. Сапардың басты мақсаты – Қазақстан-финдік қарым-қатынастардың ахуалы мен болашағын, сонымен қатар аймақтық және халықаралық мәселелерді жан-жақты талқылау. Екі елдің көшбасшылары өзара келіссөздер жүргізіп, Қазақстан-Финляндия жасыл экономиканы жаңғырту жөніндегі форумына қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ, 17-18 сәуір күндері қазақстандық және финдік ресми тұлғалар мен іскер топтар Орталық Азия аймағындағы минералдық кен орнын игеру мен тау-кен өндірісі секторына шетелдiк инвестияцияларды тарту мәселелеріне қатысты Астанада өтетін Майнекс Орталық Азия халықаралық кен өнеркәсіптік форумына да қатыспақ. Ал форум жұмысына фин өкілдігімен қоса Монғолия, Тәжікстан және Қырғыз елінің іскер топтары қатысуы көзделіп отыр.

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға алғаш рет мемлекеттiк сапармен келетін Финляндия Президенті Саули Ниинистемен кездеседі деп күтілуде.

Сапардың басты мақсаты – Қазақстан-финдік қарым-қатынастардың ахуалы мен болашағын, сонымен қатар аймақтық және халықаралық мәселелерді жан-жақты талқылау. Екі елдің көшбасшылары өзара келіссөздер жүргізіп, Қазақстан-Финляндия жасыл экономиканы жаңғырту жөніндегі форумына қатысады деп күтілуде.

Сондай-ақ, 17-18 сәуір күндері қазақстандық және финдік ресми тұлғалар мен іскер топтар Орталық Азия аймағындағы минералдық кен орнын игеру мен тау-кен өндірісі секторына шетелдiк инвестияцияларды тарту мәселелеріне қатысты Астанада өтетін Майнекс Орталық Азия халықаралық кен өнеркәсіптік форумына да қатыспақ.

Ал форум жұмысына фин өкілдігімен қоса Монғолия, Тәжікстан және Қырғыз елінің іскер топтары қатысуы көзделіп отыр.

Бөлісу: