16 Сәуір 2013, 05:15
Осыдан 27 жыл бұрын әлем жұртшылығы жаңа баскетбол жұлдызының ғажайып өнеріне қол соқты. Ол – 1984 жылы Лос-Анджелесте өткен Олимпиада ойындары кезінде жарқырай көрінген Майкл Джордан болатын. Баскетбол өнерін жетік меңгеріп, спорт тарихында өшпес із қалдырған бұл саңлақ туралы аңыз көп. Ол жиырма екі жасында америкалық бапкерлер кеңесі іріктеуден өткізген 36 үміткердің арасынан суырылып шығып, АҚШ-тың ұлттық құрамасының қатарынан ойып тұрып орын алды.
Көп ұзамай Лос-Анджелес Олимпиадасында Джордан мен Патрик Юинг алпауыт елдің азулы командасын кезек-кезек ка питан ретінде алға сүйреп, америкалықтардың ұлттық қаһармандарына айналды. Өз жерінде өткен дүбірлі жарысты аса сәтті аяқтаған АҚШ баскетбол құрамасы алтын жүлдені жеңіп алса, осы ұжымның сапындағы ең нәтижелі ойыншы Майкл Джордан олимпиадалық тур нирдің үздік баскетболшысы бо лып танылды. Қалың елді әсіресе, Джорданның алаңдағы секіру әдісі таң-тамаша қал дырды. Ол әуеде бейне бір қа натты құс сияқ ты қалықтай тын.
Майкл 1962 жылы Бруклинде өмірге келеді. Бірақ көп ұзамай оның отбасы Солтүстік Каролина штатына қарасты шағын қала Уилмингтонға қоныс аударады. Балалық шағы туралы даңқты баскетболшы былай деп ой тер бейді: «Бес жасымда мен алғаш рет баскетбол ойынына куә бо лып, ҰБЛ-дағы (НБА) кәсіп қой лар сияқты допты шығыршыққа үстінен салуға қатты құмарттым. Мен сегізінші сыныпта оқып жүргенімде (ол кезде бойымның ұзындығы небәрі 173 см. бола тын) тұңғыш рет допты шығыр шық қа төбесінен енгіздім. Бұған дейінгі жаттығулардың бірде-біреуінде дәл бұлайша биікке се кіріп көрген емес едім. Ал сол жолғы ойында өзіме-өзім сене алмадым, қанат біткендей тым биік ке көтеріліп, допты шығыр шыққа атып ұрдым. Ауыр еңбек, мүмкіндігіме деген сенімділік және өзімді күннен-күнге көбірек жұмыс істеуге бейімдей білудің ар қасында мен арманымдағы бас кетболшыға айнала алдым».
Шынымен де, Майкл Джор дан тек өзінің қиялындағы емес, сон дай-ақ баскетбол добын қо лына алған сан мыңдаған спорт шы армандаған ұлы баскет бол шыға айналды. Миллиондаған жан күйердің жүрегін жаулаған ол тек Американың емес, күллі әлем бас кетболының шоқ жұлдызы ретінде танылды.
Майклдың анасы да ұлының балалық шағынан-ақ даңқты баскетболшы болуға тал пын ғанын растайды: «Ол шамамен 11-12 жасында өзінің қайткенде де Олимпиадаға қатыса тын дығын айтып, уәде бер ді. Арманы 1984 жылы орындалды, ол кезде Майкл бар болғаны 22 жаста еді».
Даңқты ұлын әке сі Джеймс те мақтан тұтады: «Ол өзінің туған ағасы Ларримен үнемі бірге бас кетбол ойнайтын. Әрине, өзінен төрт жас кіші інісін Ларри ұтып кететін. Бірақ жыл өткен сайын Майкл есеп айырмасын айтарлықтай қысқартып отырды. Ал он беске тол ған шағында ол өзінің ағасын ұта бастады».
авторы: Шалқар Естен