Қарулы Күштерде мемлекеттік тілдің қолданысы кеңеюде

16 Сәуір 2013, 02:56

Қорғаныс министрлігінде Министрдің орынбасары И. Ақпомбаевтың жетекшілік етуімен Қарулы Күштердегі Тіл туралы заңның орындалуы бойынша отырыс болып өтті. Оған Қазақстан Республикасы Бас әскери прокуратурасының өкілдері, әскер түрлері бас қолбасшыларының, Қарулы Күштердің құрылымдық бөлімшелері бастықтарының орынбасарлары мен мемлекеттік тіл мамандары қатысты. ҚР ҚМ Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы полковник Х. Омаров Қарулы Күштердегі мемлекеттік тілдің жай-күйі туралы баяндама жасады.   Бас әскери прокуратура басқармасының әскери прокуроры әділет майоры Ә. Рүстембаев Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік тілді дамыту бағытында бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтіп, кейбір мәселелер бойынша өзінің ұсыныстарын айтты.   Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік тілді дамыту бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы іс қағаздарын жүргізуді қазақ тілінде жүзеге асырылуын қадағалаумен қатар, әскери қызметшілер үшін қазақ тілін оқыту курстарын жүргізеді.   Қазақ тілі кабинеттері заманауи құралдармен толықтай жабдықталған. Тіл үйренушілерге білікті мамандар сабақ береді.   Жиналысты қорытындылаған Қорғаныс министрінің орынбасары И. Ақпомбаев Қарулы Күштерде мемлекеттік тілді дамыту жұмыстарын одан әрі жалғастыру бойынша нақты тапсырмалар қойды.    ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігінде Министрдің орынбасары И. Ақпомбаевтың жетекшілік етуімен Қарулы Күштердегі Тіл туралы заңның орындалуы бойынша отырыс болып өтті. Оған Қазақстан Республикасы Бас әскери прокуратурасының өкілдері, әскер түрлері бас қолбасшыларының, Қарулы Күштердің құрылымдық бөлімшелері бастықтарының орынбасарлары мен мемлекеттік тіл мамандары қатысты.

ҚР ҚМ Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы полковник Х. Омаров Қарулы Күштердегі мемлекеттік тілдің жай-күйі туралы баяндама жасады.  

Бас әскери прокуратура басқармасының әскери прокуроры әділет майоры Ә. Рүстембаев Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік тілді дамыту бағытында бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтіп, кейбір мәселелер бойынша өзінің ұсыныстарын айтты.
 
Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік тілді дамыту бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы іс қағаздарын жүргізуді қазақ тілінде жүзеге асырылуын қадағалаумен қатар, әскери қызметшілер үшін қазақ тілін оқыту курстарын жүргізеді.
 
Қазақ тілі кабинеттері заманауи құралдармен толықтай жабдықталған. Тіл үйренушілерге білікті мамандар сабақ береді.
 
Жиналысты қорытындылаған Қорғаныс министрінің орынбасары И. Ақпомбаев Қарулы Күштерде мемлекеттік тілді дамыту жұмыстарын одан әрі жалғастыру бойынша нақты тапсырмалар қойды. 
 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Бөлісу: