Нью-Йоркте қазақ концерті өтті

15 Сәуір 2013, 06:26

Өткен аптада Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы Бас консулдығының және «Қазақстан-американ альянсы» коммерциялық емес ұйымының бастамасымен қазақ музыкасының концерті өтті. Бұл туралы Нью-Йорктегі ҚР Бас консулдығы хабарлап отыр.    Іс-шараға америкалық ресми және іскерлік топтар, шетелдік дипмиссиялар мен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Томас Галло өз сөзінде екі ел халқы мен мәдениетін өзара жақындастыруға бағытталған мұндай іс-шараларды құптайтындығын айтты. Концерт барысында АҚШ-та уақытша тұрып жатқан және қазақ мәдениетін насихаттаумен айналысып жүрген Гүлмира Әміртаева мен Самал Шайкенова Н.Тілендиевтің, Е.Үсеновтың және С.Бәйтерековтың туындыларын орындады. Сондай-ақ сахнада Chinatown тобының бұрынғы мүшесі және SuperStar KZ байқауының қатысушысы Алтынай Сапарғалиева өнер көрсетті. «Наурыз мейрамын атап өту аясында мұндай концерттерді ұйымдастыру дәстүрге айналды»,-дейді Бас консул Раушан Есболатова. BAQ.KZ

Өткен аптада Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы Бас консулдығының және «Қазақстан-американ альянсы» коммерциялық емес ұйымының бастамасымен қазақ музыкасының концерті өтті. Бұл туралы Нью-Йорктегі ҚР Бас консулдығы хабарлап отыр.  

 Іс-шараға америкалық ресми және іскерлік топтар, шетелдік дипмиссиялар мен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Томас Галло өз сөзінде екі ел халқы мен мәдениетін өзара жақындастыруға бағытталған мұндай іс-шараларды құптайтындығын айтты.
Концерт барысында АҚШ-та уақытша тұрып жатқан және қазақ мәдениетін насихаттаумен айналысып жүрген Гүлмира Әміртаева мен Самал Шайкенова Н.Тілендиевтің, Е.Үсеновтың және С.Бәйтерековтың туындыларын орындады. Сондай-ақ сахнада Chinatown тобының бұрынғы мүшесі және SuperStar KZ байқауының қатысушысы Алтынай Сапарғалиева өнер көрсетті.
«Наурыз мейрамын атап өту аясында мұндай концерттерді ұйымдастыру дәстүрге айналды»,-дейді Бас консул Раушан Есболатова.

BAQ.KZ

Бөлісу: