15 Сәуір 2013, 06:24
Алматы қаласы аумағының Алматы облысы есебінен ұлғаюына байланысты қалада бірін бірі қайталайтын 165 көше пайда болған. Сонымен қоса тарихи тұрғыдан ескірген Ленин, Комсомол, Пионер, Коммунал сынды 50-ге жуық көше бар. Осы көше атаулары өзгертуді қажет етіп тұрғанын мәлімдеуде Алматы қалаласының тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы.
Бүгінгі күні қалада 2000-ға жуық көше бар. Тәуелсіздік алған жылдары оның 158-нің атауы өзгерген, ал 500-ге жуық көше аты жаңарған екен.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның күшіне енуіне сәйкес сәуір айының 24-нен бастап көпшілікке таратылатын ақпараттарда кеткен грамматикалық қателер, сонымен қатар көше атауларындағы қателіктер үшін де айыппұл алынады.
BAQ.KZ