Әскерге шақырылушылар күні

12 Сәуір 2013, 12:08

Өскеменде жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу шаралары аясында «Әскерге шақырылушылар күні» атап өтілді. Оны «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері ұйымдастырды. Жасөспірімдердің алдында осы өңірлік қолбасшылықтың қолбасшысы генерал-майор Василий Рысбаев сөз сөйлеп, аталған шараның мән-мақсатын түсіндірді. Әскери қызметшілер болашақ сарбаздарға қарумен сапта жүрудің әдіс-тәсілдерін паш етті. Барлаушылар болса қоян–қолтық айқас элементтерін көрсетті. Мектеп оқушылары атыс қаруларын тамашалап, Калашников автоматын шашып-жинаудан өзара жарысқа түсті. Көптеген жастар бұл міндеттерді өте шебер орындап,  Ұлы Отан соғысы мен ауған соғысы ардагерлерін қуанта білді. Әскерге шақырушылардың алдында әскери қызметшілер мен облыс артистері концерт қойды. Шараға қатысушылар сарбаз ботқасынан дәм татып, «Әскерге шақырылушылар» аллеясына ағаштар отырғызды.   Өскемен гарнизонында бұған дейін «Армия сәби көзімен», «Ерлік сабақтары», сондай-ақ оқушылар арасында әскерилендірілген эстафета сияқты патриоттық шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.   ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Өскеменде жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу шаралары аясында «Әскерге шақырылушылар күні» атап өтілді. Оны «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері ұйымдастырды. Жасөспірімдердің алдында осы өңірлік қолбасшылықтың қолбасшысы генерал-майор Василий Рысбаев сөз сөйлеп, аталған шараның мән-мақсатын түсіндірді.

Әскери қызметшілер болашақ сарбаздарға қарумен сапта жүрудің әдіс-тәсілдерін паш етті. Барлаушылар болса қоян–қолтық айқас элементтерін көрсетті. Мектеп оқушылары атыс қаруларын тамашалап, Калашников автоматын шашып-жинаудан өзара жарысқа түсті. Көптеген жастар бұл міндеттерді өте шебер орындап,  Ұлы Отан соғысы мен ауған соғысы ардагерлерін қуанта білді.

Әскерге шақырушылардың алдында әскери қызметшілер мен облыс артистері концерт қойды. Шараға қатысушылар сарбаз ботқасынан дәм татып, «Әскерге шақырылушылар» аллеясына ағаштар отырғызды.
 
Өскемен гарнизонында бұған дейін «Армия сәби көзімен», «Ерлік сабақтары», сондай-ақ оқушылар арасында әскерилендірілген эстафета сияқты патриоттық шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Бөлісу: