Ислам архитектурасы

9 Қараша 2012, 02:49

Соңғы редакциялау: 18 қазан 2012 ИСЛАМ АРХИТЕКТУРАСЫ, ислам сәулет өнері – әлемдік сәулет өнері қазынасына енетін ислам діні ықпалымен салынып-қалыптасқан ерекше үлгідегі ғимарат кешендерінің жүйесі. Ислам дінінің нығайып, қанат жаюымен бірге, мұсылмандықтың әсемдік хақындағы ұғымдары мен салт-дәстүрлеріне үйлесетін жаңа құрылыстар (мешіт, медресе, кесене, т.б.) жаппай салына бастады. И. а-ның ең бір ғажайып туындысы Меккедегі үлкен мешіт (їарам әл-Мәсжид). Ол – ашық алаң ортасына Қағба орналасқан, төрт жағынан бірнеше қабат ашық галереялармен қоршалған, оған тарихи Сафа, Маруа төбелерін галереямен жалғастырып қосқан үлкен кешен. И. а-ның бір ерекшелігі – әлемнің басқа жерлеріндегі сәулетшілік тәжірибесінде кездеспейтін мұнаралы тұрғын үйлер тұрғызу. Олардың кейбіреулерінің биікт. 11 қабатты үйдің биіктігіне тең. Алғашында олар тастан қаланған іргетастарға отырғызылып, шикі кірпіштерден тұрғызылды. Дамаск (Шам) Араб халифатының орталығына айналып, билікке Омейя әулеті келген кезде Сирия мен оның төңірегіндегі елді мекендерде аса ірі қамалдар тұрғызылып, көптеген мешіттер мен сарайлар салынды (мыс., Каср әл-Хаир әл-Ғарби, Уалид Кусейр-Амра, т.б.). Аббас әулеті билеген тұста Халиф Мансұр 762 ж. Бағдад қ-н салып, астананы сонда көшірді. Осыған байланысты Месопотамияда (Қосөзен аралығы) И. а. жедел өркендеді. 9 ғ-да Египет Бағдат халифатынан бөлініп шығып, билікке арғы тегі түркілерден тарайтын Тулун әулеті келді. Осы кезде аса ірі ибн Тулун мешіті салынды (879). Египеттегі билік Фатима әулетіне (969 – 1171) ауысқан тұста И. а. одан әрі өркендеп, ел астанасы Каир қ-на көшірілді. Кейінгі билеуші әулеттер – аби әулеті (1171 – 1250) мен мәмлүктер (1250 – 1517) тұсында да Мысыр И. а-ның негізгі орталығына айналып, аса ірі мешіттер мен сарайлар тұрғызылды (Самарра, Фустат, Султан Хасан мешіттері). Арабтар 711 ж. Пиреней түбегін жаулап алып, кейін Кордова халифаты құрылған кезде осы өлкеде де ғажайып И. а. ескерткіштері тұрғызылды. Атап айтқанда, Кордовадағы үлкен мешіт, Гранада әмірлерінің сарайы, т.б. 10 – 13 ғ-ларда ислам діні қанатын кеңге жайып, Орталық Азияға, Үндістанға, Кавказға тарала бастады. Ислам дінімен қатар, аталған елдерде И. а. да өркендеді. Мыс., 13 ғ-да Делиде салынған әйгілі Кутб-Минар мұнарасының биікт. 70 м-ге, табанының диам. 16 м-ге жетті. Бұл мұнараның өнбойы ою өрнекті 24 шығыңқы кернеумен безендірілген. Бұған қоса Делиде мешіт ауласында тұрғызылған Темір мұнарасы бар. Ахмадабақтағы 1427 ж. салынған Джамми-Мадджид мешіті 70´30 м-лік алаңды алып, онда 260 бағана 15 күмбезді ұстап тұр. Ұлы моғолдар билігі тұсында Үндістанда атақты Тәж-Маїал (1630 – 52) салынды. Оның сырты әлемде теңдесі жоқ ою-өрнектермен, алтын-күміс мозаикалармен көмкерілген, жақтаулары құран мәтіндерімен нақышталған. 10 – 12 ғ-ларда Иран, Ауғанстан, Орта Азия мен Қазақстанда да көптеген И. а. ескерткіштері салынды. Атап айтқанда: Тараздағы Айша бибі, Үргеніштегі Фахриддин Рази, Мервтегі Сұлтан Санжар, Нахичеваньдағы Момине хатун, Исфаїандағы жұма мешіті, т.б. кесенелер. Бұл өлкелерде 14 – 15 ғ-ларда И. а. одан әрі өркендеп, Самарқанда Гөр Әмір, Шахи-зинда, Түркістанда Қожа Ахмет Иасауи кесенелері, Бакуде Ширваншахтар сарайы, т.б. салынды. 16 – 18 ғ-ларда салынған Бұхарадағы Мір-Араб, Қос медресе, Ляби-хауз, Самарқандағы Регистан, Аградағы Тәж-Маїал (Үндістан) кешендері, Стамбұлдағы Сулеймание және Андрианопольдегі Селиме (Түркия) мешіттері, Турфандағы Сулейман мұнарасы (Қытай), Нұхтағы Шекі хандарының сарайы; 19 – 20 ғ-лардағы ескерткіштер – Бұхара маңындағы Ситораи Мохи Хоса, Хиуадағы Шырғызы хан, Аллақұли хан, Мұхаммед Амин хан медреселері, Бат. Қазақстандағы Бекет ата, Шақпақ ата жер асты медреселері, Айтман, Ерғали, Тәжике және Омар-Тұр кесенелері И. а-ның озық үлгілеріне жатады; қ. Архитектура. Б. Глаудинов, Ә. Төлебиев Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том

Соңғы редакциялау:

18 қазан 2012

ИСЛАМ АРХИТЕКТУРАСЫ, ислам сәулет өнері – әлемдік сәулет өнері қазынасына енетін ислам діні ықпалымен салынып-қалыптасқан ерекше үлгідегі ғимарат кешендерінің жүйесі. Ислам дінінің нығайып, қанат жаюымен бірге, мұсылмандықтың әсемдік хақындағы ұғымдары мен салт-дәстүрлеріне үйлесетін жаңа құрылыстар (мешіт, медресе, кесене, т.б.) жаппай салына бастады. И. а-ның ең бір ғажайып туындысы Меккедегі үлкен мешіт (їарам әл-Мәсжид). Ол – ашық алаң ортасына Қағба орналасқан, төрт жағынан бірнеше қабат ашық галереялармен қоршалған, оған тарихи Сафа, Маруа төбелерін галереямен жалғастырып қосқан үлкен кешен. И. а-ның бір ерекшелігі – әлемнің басқа жерлеріндегі сәулетшілік тәжірибесінде кездеспейтін мұнаралы тұрғын үйлер тұрғызу. Олардың кейбіреулерінің биікт. 11 қабатты үйдің биіктігіне тең. Алғашында олар тастан қаланған іргетастарға отырғызылып, шикі кірпіштерден тұрғызылды. Дамаск (Шам) Араб халифатының орталығына айналып, билікке Омейя әулеті келген кезде Сирия мен оның төңірегіндегі елді мекендерде аса ірі қамалдар тұрғызылып, көптеген мешіттер мен сарайлар салынды (мыс., Каср әл-Хаир әл-Ғарби, Уалид Кусейр-Амра, т.б.). Аббас әулеті билеген тұста Халиф Мансұр 762 ж. Бағдад қ-н салып, астананы сонда көшірді. Осыған байланысты Месопотамияда (Қосөзен аралығы) И. а. жедел өркендеді. 9 ғ-да Египет Бағдат халифатынан бөлініп шығып, билікке арғы тегі түркілерден тарайтын Тулун әулеті келді. Осы кезде аса ірі ибн Тулун мешіті салынды (879). Египеттегі билік Фатима әулетіне (969 – 1171) ауысқан тұста И. а. одан әрі өркендеп, ел астанасы Каир қ-на көшірілді. Кейінгі билеуші әулеттер – аби әулеті (1171 – 1250) мен мәмлүктер (1250 – 1517) тұсында да Мысыр И. а-ның негізгі орталығына айналып, аса ірі мешіттер мен сарайлар тұрғызылды (Самарра, Фустат, Султан Хасан мешіттері). Арабтар 711 ж. Пиреней түбегін жаулап алып, кейін Кордова халифаты құрылған кезде осы өлкеде де ғажайып И. а. ескерткіштері тұрғызылды. Атап айтқанда, Кордовадағы үлкен мешіт, Гранада әмірлерінің сарайы, т.б. 10 – 13 ғ-ларда ислам діні қанатын кеңге жайып, Орталық Азияға, Үндістанға, Кавказға тарала бастады. Ислам дінімен қатар, аталған елдерде И. а. да өркендеді. Мыс., 13 ғ-да Делиде салынған әйгілі Кутб-Минар мұнарасының биікт. 70 м-ге, табанының диам. 16 м-ге жетті. Бұл мұнараның өнбойы ою өрнекті 24 шығыңқы кернеумен безендірілген. Бұған қоса Делиде мешіт ауласында тұрғызылған Темір мұнарасы бар. Ахмадабақтағы 1427 ж. салынған Джамми-Мадджид мешіті 70´30 м-лік алаңды алып, онда 260 бағана 15 күмбезді ұстап тұр. Ұлы моғолдар билігі тұсында Үндістанда атақты Тәж-Маїал (1630 – 52) салынды. Оның сырты әлемде теңдесі жоқ ою-өрнектермен, алтын-күміс мозаикалармен көмкерілген, жақтаулары құран мәтіндерімен нақышталған. 10 – 12 ғ-ларда Иран, Ауғанстан, Орта Азия мен Қазақстанда да көптеген И. а. ескерткіштері салынды. Атап айтқанда: Тараздағы Айша бибі, Үргеніштегі Фахриддин Рази, Мервтегі Сұлтан Санжар, Нахичеваньдағы Момине хатун, Исфаїандағы жұма мешіті, т.б. кесенелер. Бұл өлкелерде 14 – 15 ғ-ларда И. а. одан әрі өркендеп, Самарқанда Гөр Әмір, Шахи-зинда, Түркістанда Қожа Ахмет Иасауи кесенелері, Бакуде Ширваншахтар сарайы, т.б. салынды. 16 – 18 ғ-ларда салынған Бұхарадағы Мір-Араб, Қос медресе, Ляби-хауз, Самарқандағы Регистан, Аградағы Тәж-Маїал (Үндістан) кешендері, Стамбұлдағы Сулеймание және Андрианопольдегі Селиме (Түркия) мешіттері, Турфандағы Сулейман мұнарасы (Қытай), Нұхтағы Шекі хандарының сарайы; 19 – 20 ғ-лардағы ескерткіштер – Бұхара маңындағы Ситораи Мохи Хоса, Хиуадағы Шырғызы хан, Аллақұли хан, Мұхаммед Амин хан медреселері, Бат. Қазақстандағы Бекет ата, Шақпақ ата жер асты медреселері, Айтман, Ерғали, Тәжике және Омар-Тұр кесенелері И. а-ның озық үлгілеріне жатады; қ. Архитектура.

Б. Глаудинов, Ә. Төлебиев

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том

Бөлісу: