Көненің көзі

12 Сәуір 2013, 10:14

Петропавлда тарихи-өлкетану мұражайы 1924 жылы құрылды. Қазіргі уақытта оның жалпы аумағы 2400 шаршы метрді, оның ішінде экспозициялары 2000 метрді алып жатыр. Қорда 350 мыңға тарта экспонат сақтаулы. 1981 жылы мұражайда археологияның ғылыми-зерттеу бөлімі ұйымдастырылды. Облыста 1967 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан ареологиялық экспедициясы жұмыс істеп келеді. Осы жылдарда ол түрлі тарихи дәуірлерге жататын 600-ден аса археология ескерткіштерін ашып, ішінара зерттеді. Археология бөлімдерінің қорында, тас, қола, темір ғасырлары жөніндегі деректер қойылған. Олар Солтүстік Қазақстанның аумағында тұрмыс кешкен тайпалардың пайда болуының, тарауының, шаруашылығының, әлеуметтік тарихының мәселелері бойынша мол түсінік береді. Табиғат бөлімінде бай дәйектер жинақталған. Палеонтологиялық жәдігерлер. аңдардың, кұстардың және өсімдіктердің деректері келушілердің зор ықыласын тудырады. Этнография бөлімі 1993 жылы құрылған. Музей қызметкерлері бірнеше жылдар ішінде облыстың селоларына этнографиялық экспедицияларға шықты. Соның арқасында қорларда қазақтардың, славяндардың, татарлардың, немістердің және басқа халықтардың тұрмыс-салты бойынша экспонаттар шоғыры жиналды. Бұдан басқа мұражайда Петропавл қаласының, Солтүстік Қазақстан облысының тарихы жөнінен мол метриалдар, ұлы Отан соғысы мен өлкенің жаңа тарихы бойынша құжаттар жинақталған. 1996-2004 жылдары мұражайдың айтарлықтай бөлігін сауда алаңдары иеленді. 2005 жылы облыс әкімінің бастамасымен "Казреставрация" кәсіпорнының мамандары күрделі жөндеу жүргізіп, ғимараттың нобайын қайта жасады. Экспозицияларды жасақтауды А.Жансүгіров басқаратын "Дара фирмасы " ЖШС-нің суретшілері мен безендірушілері жүзеге асырды. Қазір мұражайдың экспозициялары 13 залға орналастырылған. Мұражайды аралау табиғат залынан басталады. Одан кейінгі өлкенің көне тарихы залында тамаша археологиялық жәдігерлер қойылған, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы, Петропавл қаласы мен облыстың өміріне арналған залдар бар. "Қазақстан тәуелсіздік жылдарында" тарауына айтарлықтай орын берілген. Мұнда еліміздің және Солтүстік Қазақстан облысының экономикасы, саясаты, әлеуметтік саласы туралы материалдар орналастырылған. Көрме алаңында Қазақстан — Ресей қарым-қатынастарын бейнелейтін, Солтүстік Қазақстан облысының Ресей Федерациясының шекаралас облыстарымен ынтымақтастығы туралы материалдар орын алған. Біздің баршамызға аса көрнекті жерлесіміз Шоқан Уәлихановтың орыстың ұлы жазушысы Федор Михайлович Достоевскиймен дос болғаны белгілі. Ш.Уәлиханов қазіргі Айыртау ауданының аумағындағы өзінің ата-қонысы Сырымбеттен Петербург пен Омбыға Ф.М. Достосвскийге хат жазып тұрды. Сөзсіз, осы қайталанбас тұлғалардың бір-біріне ықпалы олардың тағдырында және тамаша ғылыми, әдеби мұраларында өшпес із қалдырды. Осы бір рухани алыптардың достығы туралы Мұхтар Әуезов: "Бұл достық — орыс және қазақ халықтарының тарихи достығының тамаша айғақтарының бірі" дегені айтуға тұрарлық. Қазақстан мен Ресей мәдениеттерінің дамуы мен екі жақты өркендеуіне үлкен үлес қосқан екі аса көрнекті тұлғаны мәңгілік есте қалдыру үшін Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғимаратында Петропавлда 2005 жылғы ақпанда қазақ және орыс халықтарының достығын бейнелейтін Ш.Уәлиханов пен Ф.М. Достоевскийдің барельефі қойылды. Барельефтің ашылуында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болды.

Петропавлда тарихи-өлкетану мұражайы 1924 жылы құрылды. Қазіргі уақытта оның жалпы аумағы 2400 шаршы метрді, оның ішінде экспозициялары 2000 метрді алып жатыр. Қорда 350 мыңға тарта экспонат сақтаулы.

1981 жылы мұражайда археологияның ғылыми-зерттеу бөлімі ұйымдастырылды. Облыста 1967 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан ареологиялық экспедициясы жұмыс істеп келеді. Осы жылдарда ол түрлі тарихи дәуірлерге жататын 600-ден аса археология ескерткіштерін ашып, ішінара зерттеді. Археология бөлімдерінің қорында, тас, қола, темір ғасырлары жөніндегі деректер қойылған. Олар Солтүстік Қазақстанның аумағында тұрмыс кешкен тайпалардың пайда болуының, тарауының, шаруашылығының, әлеуметтік тарихының мәселелері бойынша мол түсінік береді.

Табиғат бөлімінде бай дәйектер жинақталған. Палеонтологиялық жәдігерлер. аңдардың, кұстардың және өсімдіктердің деректері келушілердің зор ықыласын тудырады.

Этнография бөлімі 1993 жылы құрылған. Музей қызметкерлері бірнеше жылдар ішінде облыстың селоларына этнографиялық экспедицияларға шықты. Соның арқасында қорларда қазақтардың, славяндардың, татарлардың, немістердің және басқа халықтардың тұрмыс-салты бойынша экспонаттар шоғыры жиналды.

Бұдан басқа мұражайда Петропавл қаласының, Солтүстік Қазақстан облысының тарихы жөнінен мол метриалдар, ұлы Отан соғысы мен өлкенің жаңа тарихы бойынша құжаттар жинақталған.

1996-2004 жылдары мұражайдың айтарлықтай бөлігін сауда алаңдары иеленді. 2005 жылы облыс әкімінің бастамасымен "Казреставрация" кәсіпорнының мамандары күрделі жөндеу жүргізіп, ғимараттың нобайын қайта жасады. Экспозицияларды жасақтауды А.Жансүгіров басқаратын "Дара фирмасы " ЖШС-нің суретшілері мен безендірушілері жүзеге асырды. Қазір мұражайдың экспозициялары 13 залға орналастырылған.

Мұражайды аралау табиғат залынан басталады. Одан кейінгі өлкенің көне тарихы залында тамаша археологиялық жәдігерлер қойылған, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы, Петропавл қаласы мен облыстың өміріне арналған залдар бар. "Қазақстан тәуелсіздік жылдарында" тарауына айтарлықтай орын берілген. Мұнда еліміздің және Солтүстік Қазақстан облысының экономикасы, саясаты, әлеуметтік саласы туралы материалдар орналастырылған.

Көрме алаңында Қазақстан — Ресей қарым-қатынастарын бейнелейтін, Солтүстік Қазақстан облысының Ресей Федерациясының шекаралас облыстарымен ынтымақтастығы туралы материалдар орын алған.

Біздің баршамызға аса көрнекті жерлесіміз Шоқан Уәлихановтың орыстың ұлы жазушысы Федор Михайлович Достоевскиймен дос болғаны белгілі. Ш.Уәлиханов қазіргі Айыртау ауданының аумағындағы өзінің ата-қонысы Сырымбеттен Петербург пен Омбыға Ф.М. Достосвскийге хат жазып тұрды. Сөзсіз, осы қайталанбас тұлғалардың бір-біріне ықпалы олардың тағдырында және тамаша ғылыми, әдеби мұраларында өшпес із қалдырды. Осы бір рухани алыптардың достығы туралы Мұхтар Әуезов: "Бұл достық — орыс және қазақ халықтарының тарихи достығының тамаша айғақтарының бірі" дегені айтуға тұрарлық.

Қазақстан мен Ресей мәдениеттерінің дамуы мен екі жақты өркендеуіне үлкен үлес қосқан екі аса көрнекті тұлғаны мәңгілік есте қалдыру үшін Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғимаратында Петропавлда 2005 жылғы ақпанда қазақ және орыс халықтарының достығын бейнелейтін Ш.Уәлиханов пен Ф.М. Достоевскийдің барельефі қойылды. Барельефтің ашылуында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болды.

Бөлісу: