"1996-2000 жылдары Қазақстан Республикасының мәдениетін дамыту Стратегиясы" және мәдениетт

12 Сәуір 2013, 09:59

Шығармашылық ұжымды нығайтуға ден қойылды. Труппада 20-дан 35 жасқа дейінгі жастар жұмыс істейді. Түгелдей дерлік актерлер облыстық мәдениет басқармасының "алтын сахна" театр жүлдесінің иегерлері болып табылады. Соған қоса, сахна шебері Айгүл Қасенова Екатеринбургте өткен "Малахит қобдиша" халық аралық фестивалінде "Кузька" спектаклінде таңдаулы әйел бейнесін сомдағаны үшін жүлде иеленді. Ал актер Андрей Зайцев "Көгілдір мен қалбағай" спектаклінде таңдаулы еркек рөлін ойнағаны үшін Алматыдағы республикалық куыршақ фестивалінің лауреаты болды. Облыстық қуыршақ театрының ағымдағы репертуарында 25 спектакль бар. Олар ұлттык фольклордың, қуыршақ театрлары классикасының, сондай-ақ қазіргі авторлар С.Жүнісовтің, С.Коганның, С.Ефремовтің, С.Мақұлбековтің, В.Лившицтің және басқалардың туындыларын ұсынады. Бүгіндері театрдың аты шыққан, оның көрермендері бар. Бұған Солтүстік Қазақстан облысынан тысқары еліміздің көптеген қалаларын — Астананы, Павлодарды, Атырауды, Ақтауды, Жезқазғанды, Шортандыны, Өскеменді, Көкшетауды, Қостанайды, Қарағандыны қамтыған гастрольдік сапарлары айғақ. 1996 жылы "1996-2000 жылдары Қазақстан Республикасының мәдениетін да-мыту Стратегиясы" және мәдениетті қолдаудын Мемлекеттік бағдарламасы жасалып, қабылданды. 2000 жылғы 15 маусымда С.Мұқанов атындағы сазды-драма театрының ашылуы Солтүстік Қазақстанның аталған құжаттарды жүзеге асыруға қосқан айтарлықтай үлесі болып табылады. Осы мәдениет мекемесінің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев қатысты. Облысымызға 22 жас актер — Қазақтың Мемлекеттік өнер академиясының түлектері келді. Алғашқы театр маусымы М.Әуезовтің "Қарагөз" пьесасы бойынша спектакльмен ашылды. Оны профессор, Қазақстан Республикасының халық артисі Е.Обаев қойды. Шығармашылық қызметпен өткен алты жылда ұжым көрермендерге 30 спектакль ұсынды. Репертуарға С.Жүнісовтің "Елім-ай", "Қысылғаннан қыз болдық", С.Мұқановтың "Аққан жұлдыз", Ш.Айтматовтың "Шыңғыс ханның ақ бұлты" қойылымдары, Д.Симоновтың "Алтын бидайдың жұмбағы" ертегісі енгізілді. Театр гастрольдік сапарлармен Омбыда және Павлодарда болды. Өнер үжымы IX Республикалық театрлар фестивалінде гран-приді жеңіп алды. Ғ.Мүсіреповтің 100 жылдығына арналып, Петропавлда өткен Х-фестивальде театрдың сахна шеберлері Н.Мағауина мен Б.Жалғасбаев "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" спектаклінде ойнап, "Таңдаулы әйел рөлі" және "Таңдаулы еркек рөлі" номинацияларында лауреат атанды. Театр қол жеткенді місе тұтқан емес. Ол көрермендерді жаңа сәтті қойылымдармен және тамаша ойналған рөлдермен қуантып келеді. Бұған олардың иеленген марапаттары айғақ бола алады. 2003 жылы Каирде өткен XV Халықаралық эксперименттік театрлардың фестивалінде "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" пьесасының желісінде қойылған "Шың басында" спектаклі таңдаулы он қойылымға еніп, Құрмет дипломын иеленді. 2004 жылы XII Республикалық театрлар фестивалінде И.Сайкаку мен Р.Бредберидің шығармалары бойынша қойылған "Куыршақ немесе қызғаншақ қыздардың кеші" спектаклі "Таңдаулы режиссура" номинациясында жүлде еншіледі. Арада жыл өткенде Н.Мағауина Президент Нүрсұлтан Назарбаевтың жәрдемімен және ЮНЕСКО-ның қолдауымен Астана қаласындағы шығармашыл жастардың VІІ Халықаралық фестивалінің лауреаты болды. Ол П. Мерименің "Кармен" новелласы бойынша қойылған спектакльде басты әйел бейнесін мүсіндегені үшін марапатталды. Ал "Театр қойылымы" деп аталған жалпы номинацияда театр ұжымына үшінші орын берілді. 2005 жылы XIII Республикалық театрлар фестивалінде "Актерлік дебют" номинация сында Д.Исабековтің шығармасы бойынша қойылған "Тыныштық сақшысы" спектаклінде тамаша ойнағаны үшін актер Е. Шүкіров жеңіске жетті. Театрдың көркемдік жетекшісі - Б.Жалғасбаев.

Шығармашылық ұжымды нығайтуға ден қойылды. Труппада 20-дан 35 жасқа дейінгі жастар жұмыс істейді. Түгелдей дерлік актерлер облыстық мәдениет басқармасының "алтын сахна" театр жүлдесінің иегерлері болып табылады. Соған қоса, сахна шебері Айгүл Қасенова Екатеринбургте өткен "Малахит қобдиша" халық аралық фестивалінде "Кузька" спектаклінде таңдаулы әйел бейнесін сомдағаны үшін жүлде иеленді. Ал актер Андрей Зайцев "Көгілдір мен қалбағай" спектаклінде таңдаулы еркек рөлін ойнағаны үшін Алматыдағы республикалық куыршақ фестивалінің лауреаты болды. Облыстық қуыршақ театрының ағымдағы репертуарында 25 спектакль бар. Олар ұлттык фольклордың, қуыршақ театрлары классикасының, сондай-ақ қазіргі авторлар С.Жүнісовтің, С.Коганның, С.Ефремовтің, С.Мақұлбековтің, В.Лившицтің және басқалардың туындыларын ұсынады.

Бүгіндері театрдың аты шыққан, оның көрермендері бар. Бұған Солтүстік Қазақстан облысынан тысқары еліміздің көптеген қалаларын — Астананы, Павлодарды, Атырауды, Ақтауды, Жезқазғанды, Шортандыны, Өскеменді, Көкшетауды, Қостанайды, Қарағандыны қамтыған гастрольдік сапарлары айғақ.

1996 жылы "1996-2000 жылдары Қазақстан Республикасының мәдениетін да-мыту Стратегиясы" және мәдениетті қолдаудын Мемлекеттік бағдарламасы жасалып, қабылданды. 2000 жылғы 15 маусымда С.Мұқанов атындағы сазды-драма театрының ашылуы Солтүстік Қазақстанның аталған құжаттарды жүзеге асыруға қосқан айтарлықтай үлесі болып табылады. Осы мәдениет мекемесінің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев қатысты. Облысымызға 22 жас актер — Қазақтың Мемлекеттік өнер академиясының түлектері келді. Алғашқы театр маусымы М.Әуезовтің "Қарагөз" пьесасы бойынша спектакльмен ашылды. Оны профессор, Қазақстан Республикасының халық артисі Е.Обаев қойды. Шығармашылық қызметпен өткен алты жылда ұжым көрермендерге 30 спектакль ұсынды. Репертуарға С.Жүнісовтің "Елім-ай", "Қысылғаннан қыз болдық", С.Мұқановтың "Аққан жұлдыз", Ш.Айтматовтың "Шыңғыс ханның ақ бұлты" қойылымдары, Д.Симоновтың "Алтын бидайдың жұмбағы" ертегісі енгізілді. Театр гастрольдік сапарлармен Омбыда және Павлодарда болды. Өнер үжымы IX Республикалық театрлар фестивалінде гран-приді жеңіп алды. Ғ.Мүсіреповтің 100 жылдығына арналып, Петропавлда өткен Х-фестивальде театрдың сахна шеберлері Н.Мағауина мен Б.Жалғасбаев "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" спектаклінде ойнап, "Таңдаулы әйел рөлі" және "Таңдаулы еркек рөлі" номинацияларында лауреат атанды.

Театр қол жеткенді місе тұтқан емес. Ол көрермендерді жаңа сәтті қойылымдармен және тамаша ойналған рөлдермен қуантып келеді. Бұған олардың иеленген марапаттары айғақ бола алады.

2003 жылы Каирде өткен XV Халықаралық эксперименттік театрлардың фестивалінде "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" пьесасының желісінде қойылған "Шың басында" спектаклі таңдаулы он қойылымға еніп, Құрмет дипломын иеленді. 2004 жылы XII Республикалық театрлар фестивалінде И.Сайкаку мен Р.Бредберидің шығармалары бойынша қойылған "Куыршақ немесе қызғаншақ қыздардың кеші" спектаклі "Таңдаулы режиссура" номинациясында жүлде еншіледі.

Арада жыл өткенде Н.Мағауина Президент Нүрсұлтан Назарбаевтың жәрдемімен және ЮНЕСКО-ның қолдауымен Астана қаласындағы шығармашыл жастардың VІІ Халықаралық фестивалінің лауреаты болды. Ол П. Мерименің "Кармен" новелласы бойынша қойылған спектакльде басты әйел бейнесін мүсіндегені үшін марапатталды. Ал "Театр қойылымы" деп аталған жалпы номинацияда театр ұжымына үшінші орын берілді. 2005 жылы XIII Республикалық театрлар фестивалінде "Актерлік дебют" номинация сында Д.Исабековтің шығармасы бойынша қойылған "Тыныштық сақшысы" спектаклінде тамаша ойнағаны үшін актер Е. Шүкіров жеңіске жетті.

Театрдың көркемдік жетекшісі - Б.Жалғасбаев.

Бөлісу: