12 Сәуір 2013, 09:53
Сахнаның саңлақ шеберлері өздерінің білімдері мен тәжірибесін болашақ жас буынға дарытатын театр студиясы ұйымдастырылды. Республиканың байырғы театрларының бірі болып табылатын погодиндіктер өзінің 120 жылдық мерейтойының қарсаңында шығармашылық күш-қуатқа ден қойып, ізденістерге үмтылды. Театрдың Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналып, 2006 жылғы маусым айында Астанада өткен XIV Республикалық фестивальде лауреат атануы мұ ның айқын айғағы болды.
Театр сонымен жеке тұлға мен қоғамның әлеуметтік тұрақтылығының, адамгершілігінің қалыптасуына қол жеткізетін парасаттылық пен рухани игілікті сақтап, жетілдіріп отыратын орталық екендігін айғақтады.
Театр өз қолтаңбасын, ерекшелігін табуға талпынып, әлемдік классика мен қазақ драматургиясының шығармаларына негізделген репертуар саясатын ұстануға тырысты.
1991 жылы Петропавлда облыстық қуыршақ театрының ашылуы өңіріміздің мәдени өміріндегі айтулы оқиға болды. Өз қызметінің алғашқы жылдарынан бастап бүл театр солтүстікқазақстандықтардың сүйікті отбасылық демалыс орнына, балалардың театр өнерінің орталығына айналды. Оның репертуарында А.Пушкиннің "Салтан патша туралы ертегі", АМилнің "Винни-пух және басқалар", Л.Филатовтың "Федот мерген туралы", Х.Юрковскийдің "Сен, мен және қуыршақшы", Гернеттің "Қаз балапаны", М.Бартеневтің "Гераклдың өмірі" сияқгы балалар драматургиясының таңдаулы шығармалары бар. Осы жылдарда театрдың труппасы қуыршақшылардың көптеген шығармашылық байқауларында — "Дастарқан" фестивалінде, Мәскеудегі қуыршақ театрлары фестивалінде, Болгариядағы "Алтын дельфин" конкурсында, Омбыдағы және Түмендегі фестивальдерде болып, бірқатар құрметті ма-рапаттарды иеленді. Әр алуан жылдары театрды бас режиссерлер ЛАрхипов, В.Саврюков, АМелентьев басқарды, мұнда тамаша актерлер О.Каровских, С.Потапов, И.Белецкая, Л.Малобродская, ағайынды Королевтер жұмыс істеді. Труппа Солтүстік Қазақстанның қалалары мен селоларына, еліміздің және Ресейдің көрші облыстарына өнер сапарларына жиі шығып тұрды.
2005 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық куыршақ театрына 15 жыл толып, ол әдеттегідей үнемі ізденіс үстінде болды, бейнелеудің жаңа жолдарын іздестірді, куыршақ сахнасының жанрлық және тақырыптық қырларын кеңейтті. Оның басты мақсаты — балалардың рухани әлемін дамыту, ойлау, тапқырлық қасиеттерін жетілдіру, адами болмысын қалыптастыру.