Театр қойылымдарын шығару

12 Сәуір 2013, 09:36

Әрбір театр маусымының соңында жыл сайын берілетін театр жүлдесінің сахнаның жұлдызы Иван Арчибасовтың есімімен аталуы тегін емес. Погодиндіктер Қазақстанның көптеген қалаларына гастрольдік сапарларға шықты, ұжым сондай-ақ Ресей Федерациясында, Украинада өнер көрсетті. 1987 жылғы маусымда, театрдың 100 жылдық салтанатының жылында, погодиндіктердің ұжымы Н.Островский атындағы Кіші театрдың сахнасына (Мәскеу қаласы) шықты. Елдің белгілі сыншылары театрдың жоғары кәсіби деңгейін атап көрсетті. Ал Қазақ КСР халық артисі И.Арчибасов "Иван мен Мадонна" спектаклінде Иван бейнесін сомдағаны үшін Попов атындағы алтын медальмен марапатталды. Театр қойылымдарын шығару үшін Қазақстанның және көршілес республикалардың танымал шеберлері шақырылды. 2001-2002 жылдары аса көрнекті режиссер КСРО халық артисі Әзірбайжан Мәмбетов Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш-Баян сұлуын" қойды. 2004 жылдан бастап Украинаның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Днепродзержинскінің Леся Украинка атындағы сазды-драма театрының бас режиссері Сергей Чулков, Ресейдің және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Борис Преображенский, ресейлік режиссерлер Юрий Кокорин мен Борис Горбаческий театрмен белсенді ынтымақтастық орнатты. 2004 жылдан бастап театр өңірімізде және одан тысқары жерлерде гастрольдік сапарларға жиі шығып жүр. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Т.А. Мансұров пен Омбы облысының губернаторы Л.К. Полежаев қол қойған экономика және мәдениет саласындағы өзара ынтымақтастық туралы шартты жүзеге асыру аясында 2005 жылғы қыркүйектегі Омбының мемлекеттік драма театрының сахнасындағы гастрольдер елеулі оқиға болды. Театр басшылығы шығармашылық ұжымның қалыптасуына айрықша көңіл бөледі. Қазақстан Республикасының халық артисі Л. Ванюкова, ҚР еңбек сіңірген артисі, театрдың көркемдік жетекшісі В.Шалаев, артистер Л.Шустова, "Мәдениет қайраткері" құрмет белгісінің иегері В.Шустов, Б.Баско, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Н.Косыгина, А.Наргеленас, И.Пашкина, И.Полещук, Л.Шалаева, Т.Афанасьева, Е.Покрас, Е.Патешкин, А.Никуллин труппаның негізін қүрайды. Актерлердің жас буыны да өз өнерлерін жарқыратып көрсетуде. Сахна шебері И.Пашкина Э.Радзинскийдің "Лила" спектакліндегі рөлі үшін Мәскеудің "Ғасыр жастары" Халықаралық теледидар-театр фестивалінің лауреаты атағын иеленді.

Әрбір театр маусымының соңында жыл сайын берілетін театр жүлдесінің сахнаның жұлдызы Иван Арчибасовтың есімімен аталуы тегін емес.

Погодиндіктер Қазақстанның көптеген қалаларына гастрольдік сапарларға шықты, ұжым сондай-ақ Ресей Федерациясында, Украинада өнер көрсетті.

1987 жылғы маусымда, театрдың 100 жылдық салтанатының жылында, погодиндіктердің ұжымы Н.Островский атындағы Кіші театрдың сахнасына (Мәскеу қаласы) шықты.

Елдің белгілі сыншылары театрдың жоғары кәсіби деңгейін атап көрсетті. Ал Қазақ КСР халық артисі И.Арчибасов "Иван мен Мадонна" спектаклінде Иван бейнесін сомдағаны үшін Попов атындағы алтын медальмен марапатталды.

Театр қойылымдарын шығару үшін Қазақстанның және көршілес республикалардың танымал шеберлері шақырылды. 2001-2002 жылдары аса көрнекті режиссер КСРО халық артисі Әзірбайжан Мәмбетов Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш-Баян сұлуын" қойды. 2004 жылдан бастап Украинаның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Днепродзержинскінің Леся Украинка атындағы сазды-драма театрының бас режиссері Сергей Чулков, Ресейдің және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Борис Преображенский, ресейлік режиссерлер Юрий Кокорин мен Борис Горбаческий театрмен белсенді ынтымақтастық орнатты.

2004 жылдан бастап театр өңірімізде және одан тысқары жерлерде гастрольдік сапарларға жиі шығып жүр. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Т.А. Мансұров пен Омбы облысының губернаторы Л.К. Полежаев қол қойған экономика және мәдениет саласындағы өзара ынтымақтастық туралы шартты жүзеге асыру аясында 2005 жылғы қыркүйектегі Омбының мемлекеттік драма театрының сахнасындағы гастрольдер елеулі оқиға болды.

Театр басшылығы шығармашылық ұжымның қалыптасуына айрықша көңіл бөледі. Қазақстан Республикасының халық артисі Л. Ванюкова, ҚР еңбек сіңірген артисі, театрдың көркемдік жетекшісі В.Шалаев, артистер Л.Шустова, "Мәдениет қайраткері" құрмет белгісінің иегері В.Шустов, Б.Баско, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Н.Косыгина, А.Наргеленас, И.Пашкина, И.Полещук, Л.Шалаева, Т.Афанасьева, Е.Покрас, Е.Патешкин, А.Никуллин труппаның негізін қүрайды. Актерлердің жас буыны да өз өнерлерін жарқыратып көрсетуде. Сахна шебері И.Пашкина Э.Радзинскийдің "Лила" спектакліндегі рөлі үшін Мәскеудің "Ғасыр жастары" Халықаралық теледидар-театр фестивалінің лауреаты атағын иеленді.

Бөлісу: