12 Сәуір 2013, 08:44
Ұлыбритания құрамындағы Нортумбрия корольдығының ғалымдары гүлшетен бұтасының ғажайып қасиетін анықтады. Олардың айтуынша, бұл талдан алынатын майдың иісі адамның есте сақтау қабілетін жақсартады.
The Times of India-ның хабарлауынша, ағылшын ғалымдары гүлшетеннің (розмарин) бұл қасиетін теория жүзінде әлдеқашан анықтағанымен, тәжірибе жүзінде дәлелдеудің сәті енді түскен. Ғалымдар 66 адамды қатыстырып сынақ жүргізді. Қатысушылардың бір тобы гүлшетен майы иісіне толтырылған бөлмеде, екінші тобы ешқандай иісі жоқ бөлмеде отырып, жадыны тексеруге арналған жаттығуларды орындады. Зерттеу нәтижесінде гүлшетен иісінің бөлмедегілерге жақсы әсер еткені расталды. Олар өткен кезеңдерде болған оқиғаларды детальды түрде еске түсіруде ешкімге дес бермеген. Гүлшетен, негізінен, Жерорта теңізі аймағында өседі. Ежелгі гректер бұл гүл қорқынышты түс көруден сақтайды деп есептеген.