12 Сәуір 2013, 08:41
10 сәуір күні Астанада экологиялық айлық басталды. Дәстүр бойынша 20 сәуірде қалада абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жалпықалалық сенбілік өтеді. Оған қазірдің өзінде 80 мыңға тарта астаналық қатысады деп күтілуде. Бұл туралы astana.kz сайтына қала әкімдігінің Өмір тіршілігін қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту бөлімінен мәлім етті.
Жалпықалалық экологиялық сенбілік аясында қалалық және республикалық ұйымдармен бірге «Астана-Көгалдандыруқұрылысы» АҚ әртүрлі 2500 дана ағаш түрлерін ортығызады.
Есіл ауданында Тұран даңғылы бойында 1000 түп; Алматы ауданындағы көлік айырылығы көпірінде, Пушкин және Ақжол көшелерінің қиылысында 1 300 түп; Сарыарқа ауданындағы Тілендиев даңғылында - 200 түп ағаш отырығызу жоспарланған.