Облыста қоғамнан қолдау алатын, тұрмысы төмен санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдаудың мемлекеттік

12 Сәуір 2013, 04:23

Тұрғындарды әлеуметтік қорғау органдары егде адамдарды әлеуметтік қолдау жөніндегі жұмысты ардагерлер ұйымдарымен тығыз байланыста жүргізеді. 2005 жылдың қаңтарынан бастап соғыс жылдарындағы жұмыс өтілін анықтау жөніндегі арнайы комиссиялар отырыстарында он бес мың сегіз жүз он тоғыз іс қаралып, оның он төрт мың сегіз жүз сексен бесі бойынша оң шешімдер шығарылды, енді бұрынғы тыл еңбеккерлері өздеріне тиесілі жәрдемақыларын ала алады. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің алпыс жылдығына бұрынғы майдангерлер республикалық бюджеттен отыз мың теңгеден алды. Облыс әкімі мерекелік шараларды өткізуге және соғыс ардагерлеріне көмек көрсетуге қосымша қырық миллион теңге бөлді. 2004 жылдан бастап ардагерлер үшін Астанаға саяхаттық авиатурлар ұйымдастырылды. Облыста қоғамнан қолдау алатын, тұрмысы төмен санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдаудың мемлекеттік емес түрлері де дамыған. Олар – өткізілген кезінде егде азаматтардың көптеген әлеуметтік және тұрмыстық проблемалары шешілетін қарт адамдар күніне арналған дәстүрлі айлықгар, қайырымдылық сенбіліктері, телемарафондар, жекебасты егде адамдарға, мүгедектерге, сол сияқты басқа да көмекті қажет ететін адамдарға барлық меншік түріндегі шаруашылық жүргізуші субъектілер басшыларының қамқорлық көмегі. Осындай қайырымдылық акцияларының нәтижесінде жыл сайын жүз мыңнан астам адам материалдық көмек алады. 2005 жылы 145,8 мың мұқтаж жанға 222,7 миллион теңгенің көмегі көрсетілді; 2006 жылы 143,0 мың адам сомасы 203,6 миллион теңгенің қайырымдылығын, көмегін алды. Облыс тұрғындарының тұрмыс деңгейінің жақсара түсуі мемлекетте табысты жүзеге асырылған экономикалық реформалардың арқасында мүмкін болды. "Қазақстан-2030" Стратегиясында негізі қаланған күшті жасампаздық, қуатын шығармашылықпен пайдалану елдің жан-жақты жаңаруын қамтамасыз етеді, яғни, аймақтық деңгейде әлеуметтік сектордың жедел дамуына ықпал етеді. Облыс басшылығы адамдарға күнделікті қамқорлық таныта отырып, тиімді әлеуметтік саясат жүргізуде. Тайыр Мансұровтың 2005 жылғы жиырма бесінші ақпандағы тұрғындармен есепті кездесуінде Мемлекет басшысы және жергілікті жұртшылық оның аймақты одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі жұмысын жоғары бағалады. Бірақ кейінге қалдыруға болмайтын проблемалар әлі де жоқ емес, облыс басшылығының күнделікті күш-жігері оларды шешуге бағытталған.

Тұрғындарды әлеуметтік қорғау органдары егде адамдарды әлеуметтік қолдау жөніндегі жұмысты ардагерлер ұйымдарымен тығыз байланыста жүргізеді. 2005 жылдың қаңтарынан бастап соғыс жылдарындағы жұмыс өтілін анықтау жөніндегі арнайы комиссиялар отырыстарында он бес мың сегіз жүз он тоғыз іс қаралып, оның он төрт мың сегіз жүз сексен бесі бойынша оң шешімдер шығарылды, енді бұрынғы тыл еңбеккерлері өздеріне тиесілі жәрдемақыларын ала алады.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің алпыс жылдығына бұрынғы майдангерлер республикалық бюджеттен отыз мың теңгеден алды. Облыс әкімі мерекелік шараларды өткізуге және соғыс ардагерлеріне көмек көрсетуге қосымша қырық миллион теңге бөлді. 2004 жылдан бастап ардагерлер үшін Астанаға саяхаттық авиатурлар ұйымдастырылды.

Облыста қоғамнан қолдау алатын, тұрмысы төмен санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдаудың мемлекеттік емес түрлері де дамыған. Олар – өткізілген кезінде егде азаматтардың көптеген әлеуметтік және тұрмыстық проблемалары шешілетін қарт адамдар күніне арналған дәстүрлі айлықгар, қайырымдылық сенбіліктері, телемарафондар, жекебасты егде адамдарға, мүгедектерге, сол сияқты басқа да көмекті қажет ететін адамдарға барлық меншік түріндегі шаруашылық жүргізуші субъектілер басшыларының қамқорлық көмегі.

Осындай қайырымдылық акцияларының нәтижесінде жыл сайын жүз мыңнан астам адам материалдық көмек алады. 2005 жылы 145,8 мың мұқтаж жанға 222,7 миллион теңгенің көмегі көрсетілді; 2006 жылы 143,0 мың адам сомасы 203,6 миллион теңгенің қайырымдылығын, көмегін алды.

Облыс тұрғындарының тұрмыс деңгейінің жақсара түсуі мемлекетте табысты жүзеге асырылған экономикалық реформалардың арқасында мүмкін болды. "Қазақстан-2030" Стратегиясында негізі қаланған күшті жасампаздық, қуатын шығармашылықпен пайдалану елдің жан-жақты жаңаруын қамтамасыз етеді, яғни, аймақтық деңгейде әлеуметтік сектордың жедел дамуына ықпал етеді. Облыс басшылығы адамдарға күнделікті қамқорлық таныта отырып, тиімді әлеуметтік саясат жүргізуде. Тайыр Мансұровтың 2005 жылғы жиырма бесінші ақпандағы тұрғындармен есепті кездесуінде Мемлекет басшысы және жергілікті жұртшылық оның аймақты одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі жұмысын жоғары бағалады. Бірақ кейінге қалдыруға болмайтын проблемалар әлі де жоқ емес, облыс басшылығының күнделікті күш-жігері оларды шешуге бағытталған.

Бөлісу: