Су және сумен жабдықгау туралы

12 Сәуір 2013, 04:18

Белгілі бір дәрежеде әрбір аймақ тұрғынының мүддесін қозғайтын өткір тұрған әлеуметтік мәселенің бірі елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету болып табылады. Ол адамдардың күнделікті сұранысын қанағаттандыратын толыққанды инфрақұрылымдарды қолдауға қазынадағы қаржы үнемі жетпейтін кезде, әлі бұрынғы ескі, шығынды экономиканың жағдайында қалыптасты. Осы мәселені толық Мемлекеттік "Ауыз су" бағдарламасына сәйкес шешу үшін облыс басшылығы 2010 жылға дейін есептелінген облысты сумен қамтамасыз ету бағдарламасын жасап, жүзеге асыруда. Мемлекеттік бағдарламаны орындау аясында 2004 жылы бір миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды, ол 78 шақырым топтық су құбырларында қайта жаңарту жұмыстарын орындауға, Сергеев гидроторабын қайта жаңартуды жалғастыруға және Петропавл гидроторабын қайта жаңартуға кірісуге мүмкіндік берді. Облыстың алты елді мекеніндегі 31 шақырым тарату жүйесін қайта жаңартуға және сегіз жергілікті жер асты су тарту ұңғымалары құрылысына жергілікті бюджеттен 250 миллион теңге бөлінді, ол бұрнағы жылмен салыстырғанда 1,9 есе көп. Кейінірек су шаруашылығы шараларын қаржыландыру өсе түсті: соңғы екі жылда бұл мақсаттарға 3,4 миллиард теңгеден астам жұмсалды. Жергілікті су құбырлары құрылысын жүргізу, топтық магистральдық су жеткізуші құбырлар мен ірі елді мекендердегі таратушы жүйелерге қайта жаңарту жүргізу жұмыстарының нәтижесінде 36 селоға ауыз су беру мүмкін болды. 43 елді мекенде сумен қамтамасыз ету анағұрлым жақсарды. Ұзақ жылдардан бері Тайынша қаласын сумен жабдықтау мәселесі шешілмей келгенді. "Ауыз су" Мемлекеттік бағдарламасы бойынша 46 шақырымдық су жеткізу құбырының құрылысы бүгінгі күннің шындығы болды. Алғашында оны 2006 жылы аяқтау көзделген. Бірақ су жеткізу желісінін құрылысы мерзімінен жылдам қарқында жүргізілгенін ескеріп, Үкімет қосымша 385 миллион теңге бөлді, сөйтіп нысан 2005 жылғы 26 желтоқсанда іске қосылды. Ол қала тұрғындары мен онда жуырда тұрғызылған "Биохим" өндірістік кешенін сапалы сумен толық қамтамасыз етеді. 2004 жылы қаңтарда әлеуметтік-мәдени даму мәселелері қаралған облыс активі жиналысы өткен кезде Солтүстік Қазақстанның 721 елді мекенінде небары 83 қоғамдық монша ғана бары анықталды. Бұл мәселеге жергілікті басшылардың бәрі бірдей жеткілікті мән бере қойған жоқ. Әрбір селолық ауланың өз моншасы бар, оның өзі жергілікті жерде қальшты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сақтауға өздігінен кепілдік береді деген пікір қалыптасты. Бірақ бұл пікір жаңсақ болып шықты: тексеріс көрсеткеніндей, жеке үй аулаларының тек 30 пайызында ғана монша бар екен. Сондықтан әрбір ауданда жаңадан моншалар салу және ескілерін қалпына келтіру жөнінде шаралар жоспарлары жасалып, белсенді жүзеге асырыла бастады. 2004 жылы олардың 120-сы, бір жылдан кейін тағы 338-і іске қосылды. Қазір аудан басшылары алдына 2007 жылдың соңына дейін облыстың әрбір елді мекенін қоғамдық моншалармен қамтамасыз ету міндеті қойылды. Бұл мәселенің тағы да бір сөз етерлік астары бар. Мемлекет 80 пайызға дейін ауыз суға жұмсалатын шығынға қаржылай көмек көрсетеді, топтық су құбырларында белгіленген баға 40 теңгені құрайды. Алайда көптеген делдал құрылымдардың болуы себепті жеткізу құбырлары арқылы су алатын облыстың 162 селосында судың текше метрінің бағасы 2004 жылдың басында 400-500 теңгеге жетті. Облыс басшылығы бірқатар тиімді шаралар қабылдап, бұл істе тиісті тәртіп орнатты: бүгінде ауыз судың текше метрі 100-125 теңге тұрады, оның өзі іске қосылған моншалардың толық күшінде жұмыс істеп, тұрғындарға қол жетімді ақымен қызмет көрсетулеріне жол ашты. Бұл бағыттағы атқарылған істер село еңбеккерлерінің тазалығы мен дене күтіміне ғана емес, алыс қиырда тұратын олардың денсаулығы мен тұрмыс мәдениетін көтеруге жасалып отырған қамқорлықтың жарқын мысалы болып табылады.

Белгілі бір дәрежеде әрбір аймақ тұрғынының мүддесін қозғайтын өткір тұрған әлеуметтік мәселенің бірі елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету болып табылады. Ол адамдардың күнделікті сұранысын қанағаттандыратын толыққанды инфрақұрылымдарды қолдауға қазынадағы қаржы үнемі жетпейтін кезде, әлі бұрынғы ескі, шығынды экономиканың жағдайында қалыптасты. Осы мәселені толық Мемлекеттік "Ауыз су" бағдарламасына сәйкес шешу үшін облыс басшылығы 2010 жылға дейін есептелінген облысты сумен қамтамасыз ету бағдарламасын жасап, жүзеге асыруда. Мемлекеттік бағдарламаны орындау аясында 2004 жылы бір миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды, ол 78 шақырым топтық су құбырларында қайта жаңарту жұмыстарын орындауға, Сергеев гидроторабын қайта жаңартуды жалғастыруға және Петропавл гидроторабын қайта жаңартуға кірісуге мүмкіндік берді. Облыстың алты елді мекеніндегі 31 шақырым тарату жүйесін қайта жаңартуға және сегіз жергілікті жер асты су тарту ұңғымалары құрылысына жергілікті бюджеттен 250 миллион теңге бөлінді, ол бұрнағы жылмен салыстырғанда 1,9 есе көп.

Кейінірек су шаруашылығы шараларын қаржыландыру өсе түсті: соңғы екі жылда бұл мақсаттарға 3,4 миллиард теңгеден астам жұмсалды. Жергілікті су құбырлары құрылысын жүргізу, топтық магистральдық су жеткізуші құбырлар мен ірі елді мекендердегі таратушы жүйелерге қайта жаңарту жүргізу жұмыстарының нәтижесінде 36 селоға ауыз су беру мүмкін болды. 43 елді мекенде сумен қамтамасыз ету анағұрлым жақсарды.

Ұзақ жылдардан бері Тайынша қаласын сумен жабдықтау мәселесі шешілмей келгенді. "Ауыз су" Мемлекеттік бағдарламасы бойынша 46 шақырымдық су жеткізу құбырының құрылысы бүгінгі күннің шындығы болды. Алғашында оны 2006 жылы аяқтау көзделген. Бірақ су жеткізу желісінін құрылысы мерзімінен жылдам қарқында жүргізілгенін ескеріп, Үкімет қосымша 385 миллион теңге бөлді, сөйтіп нысан 2005 жылғы 26 желтоқсанда іске қосылды. Ол қала тұрғындары мен онда жуырда тұрғызылған "Биохим" өндірістік кешенін сапалы сумен толық қамтамасыз етеді.

2004 жылы қаңтарда әлеуметтік-мәдени даму мәселелері қаралған облыс активі жиналысы өткен кезде Солтүстік Қазақстанның 721 елді мекенінде небары 83 қоғамдық монша ғана бары анықталды. Бұл мәселеге жергілікті басшылардың бәрі бірдей жеткілікті мән бере қойған жоқ. Әрбір селолық ауланың өз моншасы бар, оның өзі жергілікті жерде қальшты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сақтауға өздігінен кепілдік береді деген пікір қалыптасты. Бірақ бұл пікір жаңсақ болып шықты: тексеріс көрсеткеніндей, жеке үй аулаларының тек 30 пайызында ғана монша бар екен. Сондықтан әрбір ауданда жаңадан моншалар салу және ескілерін қалпына келтіру жөнінде шаралар жоспарлары жасалып, белсенді жүзеге асырыла бастады. 2004 жылы олардың 120-сы, бір жылдан кейін тағы 338-і іске қосылды. Қазір аудан басшылары алдына 2007 жылдың соңына дейін облыстың әрбір елді мекенін қоғамдық моншалармен қамтамасыз ету міндеті қойылды.

Бұл мәселенің тағы да бір сөз етерлік астары бар. Мемлекет 80 пайызға дейін ауыз суға жұмсалатын шығынға қаржылай көмек көрсетеді, топтық су құбырларында белгіленген баға 40 теңгені құрайды. Алайда көптеген делдал құрылымдардың болуы себепті жеткізу құбырлары арқылы су алатын облыстың 162 селосында судың текше метрінің бағасы 2004 жылдың басында 400-500 теңгеге жетті. Облыс басшылығы бірқатар тиімді шаралар қабылдап, бұл істе тиісті тәртіп орнатты: бүгінде ауыз судың текше метрі 100-125 теңге тұрады, оның өзі іске қосылған моншалардың толық күшінде жұмыс істеп, тұрғындарға қол жетімді ақымен қызмет көрсетулеріне жол ашты. Бұл бағыттағы атқарылған істер село еңбеккерлерінің тазалығы мен дене күтіміне ғана емес, алыс қиырда тұратын олардың денсаулығы мен тұрмыс мәдениетін көтеруге жасалып отырған қамқорлықтың жарқын мысалы болып табылады.

Бөлісу: