Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде оқушылар мен студенттердің шығармашылық байқаулары

12 Сәуір 2013, 04:04

Облыс әкімінің гранты бойынша Тіл және әдебиет институтында қазақ тілі мен әдебиеті факультетінде 10 орыс тілді студент оқуларын жалғастыруда. Мемлекеттік тілді балабақшадан бастап есейген жасқа дейін дұрыс және жүйелі дамыту жөніндегі біздің облыстың жұмыс тәжірибесі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қолдауын тапты және жер-жерде іс-тәжірибесіне енгізілуде. Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде оқушылар мен студенттердің шығармашылық байқауларына айрықша маңыз беріледі. Жалпы білім беретін және кәсіптік мектептердің оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарынын студенттері үшін жылына екі рет шығармалар мен рефераттар байқауларын жариялау дәстүрге айналды. "Менің елім — менің Қазақстаным", "Президент Нұрсұлтан На-зарбаевтың Жолдауы — Қазақстан гүлдену жолында", "Қазақстанның Тәуелсіздігіне 15 жыл: менің еліме және әлемге көзқарасым" және "Абай мен Пушкин — менің өмірімде" тақырыптарындағы шығармалар, "Менің Қазақстаным - менің бақытты балалық шағым" суреттер байқауы өткізілді. Олардың әрқайсысына 65 мыңнан астам оқушылар мен студенттер қатысты. Байқаулардың жеңімпаздары естелік белгілермен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 2007 жылы оқушылар мен студенттер "Қазақстандық патриотизм — еліміздің нық дамуы мен гүлденуінің негізі" деген тақырыптағы үздік шығармалар мен рефераттар байқауына қатысады. Облыс басшылығының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі — мұғалімдердің жұмыс істеуіне сапалы жағдай туғызуы. Өйткені орта мектеп барлық адамдарға одан әрі білім берудің негізі қаланатын іргетасы болып табылады. Сондықтан да осы іргетасты ұстаздардың қандай ынтамен және ұқыптылықпен қалап жатқаны бізге тіпті де бәрібір емес. Облыста ұстаздық мамандықтың беделі мен мәртебесінің өсуі үшін көп іс тындырылды. Кәсіптік мереке күнінде үздік мұғалімдерге облыс әкімінің арнайы сыйлығы — автомобиль тапсыру дәстүрі бар. 2004 жылдан бастап төрт ұстаз оның иегері атанды. Білім беруді дамытуға қосқан айтарлықтай үлестері үшін жыл сайын үздік ұстаздар өңір басшысының ақшалай сыйлықтарымен марапатталуда. 2004 жылдың қорытындысы бойынша осындай жалпы сомасы 1600 мың теңгенің сыйлықтарымен 34 мұғалім марапатталды, 2005 жылы "сыйлық со-масы" екі миллион теңгеге дейін өсті - оны 35 ұстаз өзара бөлісті. 2006 жылы он үздік пән ұстаздары әкімнің заттай сыйлықтарын алды, облыстың он үздік мұғалімі 75 мың теңге көлеміндегі сыйлықтармен марапатталды. Қолданылған шаралар нәтижесінде жоғары білімді ұстаздар саны 67 пайыздан 73 пайызға дейін өсті. Республикалық олимпиадаларда облыс оқушылары айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Жалпы білімдік пәндер бойынша республикалық олимпиада қорытындысында облыс мектеп оқушылары жалпы командалық екінші орын алды. Бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысы бойынша облыс республика облыстары арасында көш бастаушы үштіктен орын алады, ал білім беру гранттарының саны жөнінен екінші орынға шықты. Солтүстікқазақстандық 37 түлек Президенттік "Болашақ" бағдарламасы бойынша әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алу құқына ие болды. Облыста білім беру жүйесін дамытуға бағытталған жұмыстар босаңсымайды. Сөйтіп ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үнемі көңіл аударып отыратын, ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады деген талабы мүлтіксіз жүзеге асырылады.

Облыс әкімінің гранты бойынша Тіл және әдебиет институтында қазақ тілі мен әдебиеті факультетінде 10 орыс тілді студент оқуларын жалғастыруда. Мемлекеттік тілді балабақшадан бастап есейген жасқа дейін дұрыс және жүйелі дамыту жөніндегі біздің облыстың жұмыс тәжірибесі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қолдауын тапты және жер-жерде іс-тәжірибесіне енгізілуде.

Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде оқушылар мен студенттердің шығармашылық байқауларына айрықша маңыз беріледі.

Жалпы білім беретін және кәсіптік мектептердің оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарынын студенттері үшін жылына екі рет шығармалар мен рефераттар байқауларын жариялау дәстүрге айналды. "Менің елім — менің Қазақстаным", "Президент Нұрсұлтан На-зарбаевтың Жолдауы — Қазақстан гүлдену жолында", "Қазақстанның Тәуелсіздігіне 15 жыл: менің еліме және әлемге көзқарасым" және "Абай мен Пушкин — менің өмірімде" тақырыптарындағы шығармалар, "Менің Қазақстаным - менің бақытты балалық шағым" суреттер байқауы өткізілді. Олардың әрқайсысына 65 мыңнан астам оқушылар мен студенттер қатысты. Байқаулардың жеңімпаздары естелік белгілермен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

2007 жылы оқушылар мен студенттер "Қазақстандық патриотизм — еліміздің нық дамуы мен гүлденуінің негізі" деген тақырыптағы үздік шығармалар мен рефераттар байқауына қатысады.

Облыс басшылығының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі — мұғалімдердің жұмыс істеуіне сапалы жағдай туғызуы. Өйткені орта мектеп барлық адамдарға одан әрі білім берудің негізі қаланатын іргетасы болып табылады. Сондықтан да осы іргетасты ұстаздардың қандай ынтамен және ұқыптылықпен қалап жатқаны бізге тіпті де бәрібір емес.

Облыста ұстаздық мамандықтың беделі мен мәртебесінің өсуі үшін көп іс тындырылды. Кәсіптік мереке күнінде үздік мұғалімдерге облыс әкімінің арнайы сыйлығы — автомобиль тапсыру дәстүрі бар. 2004 жылдан бастап төрт ұстаз оның иегері атанды.

Білім беруді дамытуға қосқан айтарлықтай үлестері үшін жыл сайын үздік ұстаздар өңір басшысының ақшалай сыйлықтарымен марапатталуда. 2004 жылдың қорытындысы бойынша осындай жалпы сомасы 1600 мың теңгенің сыйлықтарымен 34 мұғалім марапатталды, 2005 жылы "сыйлық со-масы" екі миллион теңгеге дейін өсті - оны 35 ұстаз өзара бөлісті. 2006 жылы он үздік пән ұстаздары әкімнің заттай сыйлықтарын алды, облыстың он үздік мұғалімі 75 мың теңге көлеміндегі сыйлықтармен марапатталды. Қолданылған шаралар нәтижесінде жоғары білімді ұстаздар саны 67 пайыздан 73 пайызға дейін өсті.

Республикалық олимпиадаларда облыс оқушылары айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Жалпы білімдік пәндер бойынша республикалық олимпиада қорытындысында облыс мектеп оқушылары жалпы командалық екінші орын алды.

Бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысы бойынша облыс республика облыстары арасында көш бастаушы үштіктен орын алады, ал білім беру гранттарының саны жөнінен екінші орынға шықты. Солтүстікқазақстандық 37 түлек Президенттік "Болашақ" бағдарламасы бойынша әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алу құқына ие болды.

Облыста білім беру жүйесін дамытуға бағытталған жұмыстар босаңсымайды. Сөйтіп ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үнемі көңіл аударып отыратын, ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады деген талабы мүлтіксіз жүзеге асырылады.

Бөлісу: