Дәрігерлердің кәсіптік деңгейін көтеру

12 Сәуір 2013, 03:51

Әзірге денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық кадрлардың тапшылығы байқалуда. Бұл мәселені шешу үшін мақсатты бағдарлама жүзеге асырылуда. Денсаулық сақтау департаментінің шақыртуы бойынша облысқа қазақстандық медициналық жоғары оқу орындарының түлектері — 75 жас дәрігер келді. Олардың әрқайсысы тұрғын үймен және 100-150 мың теңге мөлшеріндегі көтерме ақымен қамтамасыз етілді. Аймақта дәрігерлердің әлеуметтік мәртебесін көтеру үшін көп іс жасалуда. Айталық, дәл осы мақсатта облыс әкімі Тайыр Мансұров 2005 жылдың қорытындысы бойынша неғұрлым көзге түскен медициналық қызметкерлерді арнайы тағайындалған сыйлықтармен марапаттады, ал үздік селолық дәрігер мен Петропавл қаласының үздік дәрігеріне жаңа автомобиль кілттерін тапсырды. Бұл жақсы дәстүрге айналып отыр, мысалы 2006 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1,5 миллион теңге 30 сыйлық, сол сияқты облыстың үздік екі дәрігеріне жаңа автомобилдер тапсырылды. Дәрігерлердің кәсіптік деңгейін көтеру, Петропавл қаласының емдеу ұйымдарында ақыл-кеңес және емдік көмек көрсету мақсаттарында бірлесіп жұмыс жүргізу мәселесі бойынша Ресей Федерациясының көршілес облыстарымен ынтымақтастық жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Мысалы, мұнда Түмен облыстык клиникалық ауруханасының туа біткен жүрек ақауы мен балалар кардиохирургиясы ота бөлімінің меңгерушісі профессор Кирилл Горбатиков бастаған кардиооташылар бригадасы үнемі келіп тұрады. 2006 жылы Ресейдің іргелес облысының дәрігерлері 70 жас солтүстікқазақстандықтың денсаулығын түзеді. Балалардың тең жартысынан астамы түмендік стационарда, қалғандары іргелес екі аймақтың медицина саласындағы ынтымақтастық туралы келісімі күшіне енген уақыттан бері осы заманғы құрал-жабдықтармен жарақтанған, ал қызметкерлері ресейлік мамандардан көп тәжірибе алған Петропавл қаласындағы балалар ауруханасының өзінде отадан өтті. Ота жасалынған балалардың көбі селолық аудандардан. Ең кішкентай емделуші сәби небары бір жарым айлық қана. Ресей оташылары соңғы жылдары туа біткен жүрек ақауы бар 214 балаға ота жасады. Бұл әлеуметтік дамудағы ана мен баланы қорғаудың басымдығын қамтамасыз етуді көздеген мақсатты жұмыстардың бір ғана көрінісі. 2005 жылы облыс әкімі Тайыр Мансұровтың бастамасымен бала тууына байланысты мемлекеттік жәрдемақы төлемімен бірге, қосымша қаржыландыру аясында әрбір жаңа туған сәби үшін 30 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек төлемін жасау туралы шешім қабылданды. Аталмыш шара жаңа ғасыр басында қалыптасқан өткір демографиялық жағдайды түбірінен өзгертуге бағытталған. 2004 жылы республика тұрғындары санының жалпы өсімі 125 мың адамға жеткен кезде, облыс тұрғындары осы кезеңде 8,7 мың адамға азайды. Тұрғылықты халық өсімі қажеттілігі ескеріліп, мәселені шұғыл шешу керек болды. Сондықтан да аймақ басшылығы қажетті шаралар қабылдады. Ол бала тууын ынталандыру ғана емес, сондай-ақ балалар бақшасы жұмысын жандандырып, жаңа мектеп, аурухана және тағы басқаларын салуға әсер етеді. 2005 жылдың басынан 8157 балаға жалпы сомасы 244,1 миллион теңге әлеуметтік көмек төленді, ал 2006 жылы 42 мың балаға төленгені 313,3 миллион теңгеге жетті. Нәтижесінде бала туу көбейіп, тұрғындардың Солтүстік Қазақстаннан қоныс аударуы азая бастады.

Әзірге денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық кадрлардың тапшылығы байқалуда. Бұл мәселені шешу үшін мақсатты бағдарлама жүзеге асырылуда. Денсаулық сақтау департаментінің шақыртуы бойынша облысқа қазақстандық медициналық жоғары оқу орындарының түлектері — 75 жас дәрігер келді. Олардың әрқайсысы тұрғын үймен және 100-150 мың теңге мөлшеріндегі көтерме ақымен қамтамасыз етілді. Аймақта дәрігерлердің әлеуметтік мәртебесін көтеру үшін көп іс жасалуда. Айталық, дәл осы мақсатта облыс әкімі Тайыр Мансұров 2005 жылдың қорытындысы бойынша неғұрлым көзге түскен медициналық қызметкерлерді арнайы тағайындалған сыйлықтармен марапаттады, ал үздік селолық дәрігер мен Петропавл қаласының үздік дәрігеріне жаңа автомобиль кілттерін тапсырды. Бұл жақсы дәстүрге айналып отыр, мысалы 2006 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1,5 миллион теңге 30 сыйлық, сол сияқты облыстың үздік екі дәрігеріне жаңа автомобилдер тапсырылды.

Дәрігерлердің кәсіптік деңгейін көтеру, Петропавл қаласының емдеу ұйымдарында ақыл-кеңес және емдік көмек көрсету мақсаттарында бірлесіп жұмыс жүргізу мәселесі бойынша Ресей Федерациясының көршілес облыстарымен ынтымақтастық жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Мысалы, мұнда Түмен облыстык клиникалық ауруханасының туа біткен жүрек ақауы мен балалар кардиохирургиясы ота бөлімінің меңгерушісі профессор Кирилл Горбатиков бастаған кардиооташылар бригадасы үнемі келіп тұрады. 2006 жылы Ресейдің іргелес облысының дәрігерлері 70 жас солтүстікқазақстандықтың денсаулығын түзеді. Балалардың тең жартысынан астамы түмендік стационарда, қалғандары іргелес екі аймақтың медицина саласындағы ынтымақтастық туралы келісімі күшіне енген уақыттан бері осы заманғы құрал-жабдықтармен жарақтанған, ал қызметкерлері ресейлік мамандардан көп тәжірибе алған Петропавл қаласындағы балалар ауруханасының өзінде отадан өтті. Ота жасалынған балалардың көбі селолық аудандардан. Ең кішкентай емделуші сәби небары бір жарым айлық қана. Ресей оташылары соңғы жылдары туа біткен жүрек ақауы бар 214 балаға ота жасады. Бұл әлеуметтік дамудағы ана мен баланы қорғаудың басымдығын қамтамасыз етуді көздеген мақсатты жұмыстардың бір ғана көрінісі.

2005 жылы облыс әкімі Тайыр Мансұровтың бастамасымен бала тууына байланысты мемлекеттік жәрдемақы төлемімен бірге, қосымша қаржыландыру аясында әрбір жаңа туған сәби үшін 30 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек төлемін жасау туралы шешім қабылданды. Аталмыш шара жаңа ғасыр басында қалыптасқан өткір демографиялық жағдайды түбірінен өзгертуге бағытталған. 2004 жылы республика тұрғындары санының жалпы өсімі 125 мың адамға жеткен кезде, облыс тұрғындары осы кезеңде 8,7 мың адамға азайды. Тұрғылықты халық өсімі қажеттілігі ескеріліп, мәселені шұғыл шешу керек болды. Сондықтан да аймақ басшылығы қажетті шаралар қабылдады. Ол бала тууын ынталандыру ғана емес, сондай-ақ балалар бақшасы жұмысын жандандырып, жаңа мектеп, аурухана және тағы басқаларын салуға әсер етеді. 2005 жылдың басынан 8157 балаға жалпы сомасы 244,1 миллион теңге әлеуметтік көмек төленді, ал 2006 жылы 42 мың балаға төленгені 313,3 миллион теңгеге жетті. Нәтижесінде бала туу көбейіп, тұрғындардың Солтүстік Қазақстаннан қоныс аударуы азая бастады.

Бөлісу: