7 мамырда Қарулы Күштердің Жауынгерлік парады өтеді

12 Сәуір 2013, 03:31

Қазақстан тарихында 2013 жылғы 7 мамырда – Отан қорғаушылар күні тұңғыш рет Қазақстан Қарулы Күштерінің Жауынгерлік парады өтеді. Үйреншікті әскери парадта әскери қызметшілердің саптық дайындығы және техника мен қару-жарақтың кейбір үлгілері сандық жағынан көрсетіледі. Жауынгерлік  парадта офицерлер мен сарбаздардың кәсіби дағдысы, бөлімшелердің іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ Қазақстан армиясының қарамағындағы қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техниканың жауынгерлік мүмкіндігі көрсетіледі.   2013 жылғы 7 мамырда Гвардейск гарнизонының полигонында әскери бөлімшелер Құрлық әскерлері мен Әуе қорғанысы күштерінің заманауи қару-жарақ пен техниканы пайдалануының мүмкіндіктерін тактикалық және тәжірибелік тұрғыда көрсететін болады. Сонымен бірге Каспий акваториясындағы Қазақстан Әскери-теңіз күштері кемелерінің жауынгерлік атысы онлайн-режимінде таратылады. Полигонда Құрлық әскерлерінің барлық қару-жарақ түрлерінен жауынгерлік атыстар жүзеге асырылады. Қазақстан Әскери әуе күштерінің ұшақтары мен тікұшақтарынан зымырандар нақты түрде жіберіліп, бомбалау тәжірибе жүзінде қолданылады, ұшқыштар өздерінің жоғары шеберліктерін көрсетеді. Еліміздің Қарулы Күштерінің барлық түрлері мен тектерінің жеке құрамы құрлықтағы, әуедегі және теңіздегі кәсіби біліктіліктерін танытады. Мұнда әртүрлі құрамалардың, соның ішінде барлау және арнайы мақсаттағы әскери бөлімдер мен бөлімшелердің өзара іс-қимылы паш етіледі. Офицерлер мен сарбаздар іс жүзінде Қарулы Күштердің қатарында нағыз патриоттар мен өз ісінің шеберлері қызмет ететіндігін және олардың «Мықты армия – мықты Қазақстан!» ұранымен Отанға қызмет ете беретіндігін дәлелдемек. 7 мамырда өтетін Жауынгерлік парадтың тағы бір ерекшелігі бұл жолы оған қатысатын қару-жарақ пен техника түрлері әдеттегіден айтарлықтай көп болады. Мысалы, Жауынгерлік парадқа қатысатын әскери ұшақтар мен тікұшақтардың жалпы саны – 86. Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған соңғы парадқа қатысқан әуе кемелерінен еке есе көп деген сөз.  Сонымен қатар, Жауынгерлік парад шеңберінде қазіргі заманға сай техникалардың, қару-жарақтардың және қазақстандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің байланыс құралдары көрсетіледі. ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Қазақстан тарихында 2013 жылғы 7 мамырда – Отан қорғаушылар күні тұңғыш рет Қазақстан Қарулы Күштерінің Жауынгерлік парады өтеді.

Үйреншікті әскери парадта әскери қызметшілердің саптық дайындығы және техника мен қару-жарақтың кейбір үлгілері сандық жағынан көрсетіледі. Жауынгерлік  парадта офицерлер мен сарбаздардың кәсіби дағдысы, бөлімшелердің іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ Қазақстан армиясының қарамағындағы қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техниканың жауынгерлік мүмкіндігі көрсетіледі.  

2013 жылғы 7 мамырда Гвардейск гарнизонының полигонында әскери бөлімшелер Құрлық әскерлері мен Әуе қорғанысы күштерінің заманауи қару-жарақ пен техниканы пайдалануының мүмкіндіктерін тактикалық және тәжірибелік тұрғыда көрсететін болады. Сонымен бірге Каспий акваториясындағы Қазақстан Әскери-теңіз күштері кемелерінің жауынгерлік атысы онлайн-режимінде таратылады.
Полигонда Құрлық әскерлерінің барлық қару-жарақ түрлерінен жауынгерлік атыстар жүзеге асырылады. Қазақстан Әскери әуе күштерінің ұшақтары мен тікұшақтарынан зымырандар нақты түрде жіберіліп, бомбалау тәжірибе жүзінде қолданылады, ұшқыштар өздерінің жоғары шеберліктерін көрсетеді.
Еліміздің Қарулы Күштерінің барлық түрлері мен тектерінің жеке құрамы құрлықтағы, әуедегі және теңіздегі кәсіби біліктіліктерін танытады. Мұнда әртүрлі құрамалардың, соның ішінде барлау және арнайы мақсаттағы әскери бөлімдер мен бөлімшелердің өзара іс-қимылы паш етіледі.
Офицерлер мен сарбаздар іс жүзінде Қарулы Күштердің қатарында нағыз патриоттар мен өз ісінің шеберлері қызмет ететіндігін және олардың «Мықты армия – мықты Қазақстан!» ұранымен Отанға қызмет ете беретіндігін дәлелдемек.
7 мамырда өтетін Жауынгерлік парадтың тағы бір ерекшелігі бұл жолы оған қатысатын қару-жарақ пен техника түрлері әдеттегіден айтарлықтай көп болады. Мысалы, Жауынгерлік парадқа қатысатын әскери ұшақтар мен тікұшақтардың жалпы саны – 86. Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған соңғы парадқа қатысқан әуе кемелерінен еке есе көп деген сөз. 
Сонымен қатар, Жауынгерлік парад шеңберінде қазіргі заманға сай техникалардың, қару-жарақтардың және қазақстандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің байланыс құралдары көрсетіледі.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Бөлісу: