Әскери қызметшілер жауынгерлік, саптық және дене дайындықтары бойынша өз шеберліктерін көрсетуге тырысты. Сондай-ақ, олар әскери топография арқылы жер бағдарлаудан, әскери машиналар мен техникаларды жүргізуден өзара бақ сынасты. Күрделі сынақтардан соң әртүрлі мамандықтар бойынша өз істерінің кәнігі шеберлері анықталды.
Өскемен гарнизоны механикаландырылған танкі бригадасының әскери қызметшілері ең көп ұпай жинап, көзге түсті. Ортақ жеңіске осы бригаданың атқыштары, радиотелеграфистері, барлаушылары мен зениттік-артиллериялық батареясының операторлары өз үлестерін қосты.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі