Жауынгерлік парадқа дайындық басталды

11 Сәуір 2013, 10:33

Астанадан «Отар» 40-шы әсери базасына Жауынгерлік парадқа дайындық мәселесін пысықтау үшін ҚР Қорғаныс министрлігінің жедел тобы жүріп кетті. Оған Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұқан Дүйсекеев басшылық жасайды. Жедел топтың құрамына Қорғаныс министрлігі мен  Қарулы Күштері түрлі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері енген. Офицерлердің алдында Жауынгерлік парадқа дайындық жөніндегі барлық мәселелерді үйлестіру міндеті тұр. Бұрын хабарлағанымыздай ол осы жылдың 7 мамырында, Отан қорғаушылары күні өтеді.  Қазіргі уақытта әскери база аймағында Жауынгерлік парадқа қатысатын жауынгерік техникалар мен бөлімшелердің жеке құрамы шоғырланып жатыр. Жауынгерлік парадқа барлығы 7 мың әскери қызметшілер, 400-ден астам бронды машиналар, автотехникалар, 80-нен астам ұшақтар мен тікұшақтар қатысады. Әскери бөлімшелер қазіргі таңда Құрлық әскерлері мен Әуе қорғанысы күштері жарақтанған қазіргі заманғы қарулар мен техникаларды іс жүзінде қолдануда тактикалық шеберліктерін көрсетеді.   Бүгін «Отар» 40-шы әсери базасына темір жолмен екі эшелон танкі және мотоатқыштар бөлімшелері келіп жетті. Ертең Ақтаудан теңіз жаяу әскерінің батальоны мен «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлау бөлімшесі келеді.   Отарға мұның алдында авиациялық материалдық-техникалық  қамтамасыз ету бөлімдері барлық қажетті құрал жабдықтарымен жеткен болатын. Жауынгерлік парадқа алаңсыз, тыңғылықты дайындалу үшін әскери авиация ұшқыштарына арналып жеке  лагерь тігілмек. ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Астанадан «Отар» 40-шы әсери базасына Жауынгерлік парадқа дайындық мәселесін пысықтау үшін ҚР Қорғаныс министрлігінің жедел тобы жүріп кетті. Оған Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұқан Дүйсекеев басшылық жасайды.

Жедел топтың құрамына Қорғаныс министрлігі мен  Қарулы Күштері түрлі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері енген. Офицерлердің алдында Жауынгерлік парадқа дайындық жөніндегі барлық мәселелерді үйлестіру міндеті тұр. Бұрын хабарлағанымыздай ол осы жылдың 7 мамырында, Отан қорғаушылары күні өтеді. 

Қазіргі уақытта әскери база аймағында Жауынгерлік парадқа қатысатын жауынгерік техникалар мен бөлімшелердің жеке құрамы шоғырланып жатыр. Жауынгерлік парадқа барлығы 7 мың әскери қызметшілер, 400-ден астам бронды машиналар, автотехникалар, 80-нен астам ұшақтар мен тікұшақтар қатысады. Әскери бөлімшелер қазіргі таңда Құрлық әскерлері мен Әуе қорғанысы күштері жарақтанған қазіргі заманғы қарулар мен техникаларды іс жүзінде қолдануда тактикалық шеберліктерін көрсетеді.
 
Бүгін «Отар» 40-шы әсери базасына темір жолмен екі эшелон танкі және мотоатқыштар бөлімшелері келіп жетті. Ертең Ақтаудан теңіз жаяу әскерінің батальоны мен «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлау бөлімшесі келеді.
 
Отарға мұның алдында авиациялық материалдық-техникалық  қамтамасыз ету бөлімдері барлық қажетті құрал жабдықтарымен жеткен болатын. Жауынгерлік парадқа алаңсыз, тыңғылықты дайындалу үшін әскери авиация ұшқыштарына арналып жеке  лагерь тігілмек.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Бөлісу: