11 Сәуір 2013, 08:30
Футболдан Франция құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Зинедин Зидан «Родез Аверьон» футбол клубының басшысы атанды. Франция чемпионатының 4-дивизионында өнер көрсететін құрама осы маусымда қаржылай қиындықтарға тап болған. Осыған орай Зинедин Зидан Родез қаласына арнайы келіп, аталмыш клубты сатып алатындығын мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.
Енді, 40 жастағы ардагер футболшы «Родез Авеоьон» командасының барлық мәселелерін шешіп, ел біріншілігінде жоғары сатылардан көрінуіне атсалысамын деп отыр.
Айта кетейік, Зидан осының алдында мадридтік «Реал» командасының спорттық директоры қызметін атқарды.