11 Сәуір 2013, 08:11
Ұлыбритания астанасының мэрі Борис Джонсон өткен дүйсенбіде 87 жасында дүниеден озған бұрынғы премьер-министр Маргарет Тэтчерге қала орталығында ескерткіш орнатуға ниеттеніп отыр.
Осыған орай қала басшысы әрі Маргарет Тэтчердің партияласы лайықты орын қарастыруды тапсырды. Бұл туралы британдық БАҚ-тар хабарлады.
Мэрдің пікірінше, баронесса Тэтчер қаланың орта тұсында ескерткіш орнатуға лайықты еңбек сіңірді.
Маргарет Тэтчердің мүсіні 2007 жылы Ұлыбританиялық парламенттің мәжілісі өтетін - Вестминстер сарайында қойылды.
Inform.kz