Әбдісалан және Октябрь

11 Сәуір 2013, 05:06

  Әбдісалан Нұрмаханов туралы замандастары мен қазақ спортына әуес жандар ғана хабардар десек, Октябрь Жарылқапов туралы мүлдем дерек жоқ. Біле білсек, Әбдісалан Нұрмахановтан бастап бірнеше қазақ жігіттерін үлкен спортқа бейімдеген осы Октябрь Жарылқапов болатын. Бірақ, ол туралы деректер бүгінде үзік-үзік. «Октябрь Жарылқапов туралы іздестіруде көп қиындықтар болды. Мәселен, оның қарындасы өзінің туған ағасы туралы ешнәрсе білмейтін болып шықты. Ал, әйелінен бірде-бір мәлімет ала алмадық», – дейді Жарылқасын Нұсқабайұлы. Жоғарыда Әбдісалан Нұрмахановты үлкен спортқа әкелген Октябрь Жарылқапов деп атап өттік. Ал, Нұрмахановты жалпы боксқа әкелген – бокс қолғабын бар қазақтан бұрын киген Шоқыр Бөлтекұлы. Қазақтан шыққан тұңғыш боксшы деп Шоқыр Бөлтекұлын айтатынымыз да сондықтан (жалпы, қазақ жігіттерінің ресми бәсекелерге алғаш қатысуы Кеңес Одағына қараған кезеңнің үлесіне жатады). 1936 жылы бокспен қоштасқан спортшы толықтай қазақ балаларын дайындауға көшеді. Нәтижесі де жаман болды деп айта алмаймыз. Мәселен, 1947 жылы КСРО чемпионатында Бөлтекұлының «бөлтіріктерінің» арасынан 51 келіде Махмұт Омаров қола медаль еншіледі. Содан соң Махмұт туған інісі Мақсұтты жетегіне ілестіріп, бапкер үмітін ақтады. Міне, солардың қатарында 1959 жылы КСРО спартакиадасында аты танылған Әбдісалан да бар еді. Жалпы, Шоқыр Бөлтекұлы – қазақ боксшыларына құтты жол салушы. Тіпті, Шоқыр Бөлтекұлы Әбдісаланды жақсы көргендігі сонша, оның кескінін қылқаламымен салып шыққан көрінеді. Әбдісалан Нұрмаханов, қазақтан шыққан гүрзі жұдырық иесі және Тәуелсіздіктің таңы атқанда бапкерлігімен қазақ боксшыларын әлем назарына іліктірген өр тұлға. 1996 жылғы Атланта Олимпиадасында Әбдісаланның шәкірттері бір алтын, бір күміс, екі қола медальды жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте Куба, Болгария құрамаларынан кейін үшінші орынды жеңіп алды. Қазақ боксы бұрын-соңды мұндай биікке жетіп көрмеген еді. Қалай десек те, қазақ боксы Әбдісаланымен биік. Біз осы биіктікті сезініп жатырмыз ба, әлде асылды аласартып, мүлдем ұмыт қалдырған жоқпыз ба? Бүгінде, Әбдісалан Нұрмаханов туралы деректі фильм түсірілгелі жатыр. Жыл сайын Түркістанда даңқты спортшының атындағы турнир өткізіліп тұрады. Расында бізде жауырыны жер иіскемеген балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлынан басқа бірде-бір спортшы туралы фильм түсірілмеген екен. Осы ретте, не себепті Әбдісалан Нұрмаханов туралы халықтың рухын оятып, мәңгі ұмытылмас кейіпкері ретінде бір фильм түсірмеске?! Сонда тірісінде толық бағалай алмаған Әбдісалан әруағының алдындағы қарызымыздың бір парасын өтеген болар едік... Авторы: Жандос Байділда.  

 

Әбдісалан Нұрмаханов туралы замандастары мен қазақ спортына әуес жандар ғана хабардар десек, Октябрь Жарылқапов туралы мүлдем дерек жоқ. Біле білсек, Әбдісалан Нұрмахановтан бастап бірнеше қазақ жігіттерін үлкен спортқа бейімдеген осы Октябрь Жарылқапов болатын. Бірақ, ол туралы деректер бүгінде үзік-үзік. «Октябрь Жарылқапов туралы іздестіруде көп қиындықтар болды. Мәселен, оның қарындасы өзінің туған ағасы туралы ешнәрсе білмейтін болып шықты. Ал, әйелінен бірде-бір мәлімет ала алмадық», – дейді Жарылқасын Нұсқабайұлы.


Жоғарыда Әбдісалан Нұрмахановты үлкен спортқа әкелген Октябрь Жарылқапов деп атап өттік. Ал, Нұрмахановты жалпы боксқа әкелген – бокс қолғабын бар қазақтан бұрын киген Шоқыр Бөлтекұлы. Қазақтан шыққан тұңғыш боксшы деп Шоқыр Бөлтекұлын айтатынымыз да сондықтан (жалпы, қазақ жігіттерінің ресми бәсекелерге алғаш қатысуы Кеңес Одағына қараған кезеңнің үлесіне жатады). 1936 жылы бокспен қоштасқан спортшы толықтай қазақ балаларын дайындауға көшеді. Нәтижесі де жаман болды деп айта алмаймыз. Мәселен, 1947 жылы КСРО чемпионатында Бөлтекұлының «бөлтіріктерінің» арасынан 51 келіде Махмұт Омаров қола медаль еншіледі. Содан соң Махмұт туған інісі Мақсұтты жетегіне ілестіріп, бапкер үмітін ақтады. Міне, солардың қатарында 1959 жылы КСРО спартакиадасында аты танылған Әбдісалан да бар еді. Жалпы, Шоқыр Бөлтекұлы – қазақ боксшыларына құтты жол салушы. Тіпті, Шоқыр Бөлтекұлы Әбдісаланды жақсы көргендігі сонша, оның кескінін қылқаламымен салып шыққан көрінеді.


Әбдісалан Нұрмаханов, қазақтан шыққан гүрзі жұдырық иесі және Тәуелсіздіктің таңы атқанда бапкерлігімен қазақ боксшыларын әлем назарына іліктірген өр тұлға. 1996 жылғы Атланта Олимпиадасында Әбдісаланның шәкірттері бір алтын, бір күміс, екі қола медальды жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте Куба, Болгария құрамаларынан кейін үшінші орынды жеңіп алды. Қазақ боксы бұрын-соңды мұндай биікке жетіп көрмеген еді.

Қалай десек те, қазақ боксы Әбдісаланымен биік. Біз осы биіктікті сезініп жатырмыз ба, әлде асылды аласартып, мүлдем ұмыт қалдырған жоқпыз ба? Бүгінде, Әбдісалан Нұрмаханов туралы деректі фильм түсірілгелі жатыр. Жыл сайын Түркістанда даңқты спортшының атындағы турнир өткізіліп тұрады.


Расында бізде жауырыны жер иіскемеген балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлынан басқа бірде-бір спортшы туралы фильм түсірілмеген екен. Осы ретте, не себепті Әбдісалан Нұрмаханов туралы халықтың рухын оятып, мәңгі ұмытылмас кейіпкері ретінде бір фильм түсірмеске?! Сонда тірісінде толық бағалай алмаған Әбдісалан әруағының алдындағы қарызымыздың бір парасын өтеген болар едік...

Авторы: Жандос Байділда.

 

Бөлісу: