Үздік боксшы-үздік бапкер

11 Сәуір 2013, 04:51

  Тәуелсіздіңтің алғашқы жылдары Қазақстан бокс федерациясының тізгінін іскер басшы, білікті кәсіпкер Бекет Махмұтов ұстады. Махмұтов пен Нұрмаханов тізе қосқан сәттен бастап қазақ боксы аршындап алға басты. Нұрмаханов білім-білігі мен маңдай терін аямай жұмсаса, Махмұтов жанашырлық көңілімен қатар қаржылай көмектесті. Бекет Махмұтовтың АИБА-ның бірінші вице-президенті болып сайлануы қазақ боксына қанат бітірді. Осындай кесек турап, кеңінен толғайтын ағаларына арқа сүйеген боксшылар да барын салды. 1996 жылғы Атланта олимпиадасында Әбдісаланның шәкірттері бір алтын, бір күміс, екі қола медальді жеңіп алып, жалпы командалық есепте Куба, Болгария құрамаларынан кейін үшінші орынды жеңіп алды. Қазақ боксы бұрын-соңды мұндай биікке жетіп көрмеген еді. Бес құрлықтың мықты деген мамандары қазақ жігіттерінің бұл табысына қайран қалды. Әлем жұртшылығы Қазақстанды боксшыларымыздың тамаша табысы арқылы тани бастады. Сол Олимпиадада Қазақстан спортшылары барлығы он бір медальға ие болса, соның төртеуі Нұрмахановтың командасының үлесінде. Василий Жиров Қазақстан боксшыларынан бірінші болып, ең үздік боксшыға тағайындалған Вэл Баркер кубогын жеңіп алды. Кезінде Мәскеудің әділетсіздігінен боксшы ретінде бағы байланған Әбдісалан Нұрмаханов Атланта олимпиадасында бапкерлік білігімен дүниежүзін мойындатты. Осы Олимпиада қарсаңында Нұрмаханов өзінің нағыз майталман маман екенін көрсетті. Тоқсан алтының көктемінде боксшы жігіттерді Сарыағаш шипажайына арнайы апарып, ішқұрылыстарын тазартып, асқазандарын жуғызды. Одан кейін құраманы Ыстықкөлдің жағасында жаттықтырып, бір жағынан суға малтытып, тыңайтып алды. Алатаудың баурайындағы жиында жігіттерге ақшұбар тас лақтыртып, шой балғамен трактордың дөңгелегін ұрғызды. Күнге күйдіріп, таудың салқын ауасында әбден шыңдады. Қазы-қартаны кертіп жеп, қымыз, шұбатты таңдап ішкен батырлар нағыз бабында еді. Олимпиада басталуға екі апта қалғанда Нұрмаханов шәкірттерімен АҚШ-тың Орландо штатына барып орналасты. Осы қалада асықпай жаттығып, жергілікті ауа райына, сол жердің табиғатына бейімделген спортшылар дәл Олимпиада қарсаңында Орландоның былғары қолғап шеберлерімен жекпе-жекке шықты. Бұл бәсекеде қазақ жігіттері айқын басымдылық танытты. Содан кейін қазақ құрамасы Атлантаға ат басын бұрды. Бұл дегеніңіз – нағыз өзіне сенген, өзіндік көзқарасы бар, білімді әрі батыр адамның ғана қолына келетін тірлік. Авторы: Темірхан Досмұхамбетов.

 

Тәуелсіздіңтің алғашқы жылдары Қазақстан бокс федерациясының тізгінін іскер басшы, білікті кәсіпкер Бекет Махмұтов ұстады. Махмұтов пен Нұрмаханов тізе қосқан сәттен бастап қазақ боксы аршындап алға басты. Нұрмаханов білім-білігі мен маңдай терін аямай жұмсаса, Махмұтов жанашырлық көңілімен қатар қаржылай көмектесті. Бекет Махмұтовтың АИБА-ның бірінші вице-президенті болып сайлануы қазақ боксына қанат бітірді. Осындай кесек турап, кеңінен толғайтын ағаларына арқа сүйеген боксшылар да барын салды.
1996 жылғы Атланта олимпиадасында Әбдісаланның шәкірттері бір алтын, бір күміс, екі қола медальді жеңіп алып, жалпы командалық есепте Куба, Болгария құрамаларынан кейін үшінші орынды жеңіп алды. Қазақ боксы бұрын-соңды мұндай биікке жетіп көрмеген еді. Бес құрлықтың мықты деген мамандары қазақ жігіттерінің бұл табысына қайран қалды. Әлем жұртшылығы Қазақстанды боксшыларымыздың тамаша табысы арқылы тани бастады. Сол Олимпиадада Қазақстан спортшылары барлығы он бір медальға ие болса, соның төртеуі Нұрмахановтың командасының үлесінде. Василий Жиров Қазақстан боксшыларынан бірінші болып, ең үздік боксшыға тағайындалған Вэл Баркер кубогын жеңіп алды.
Кезінде Мәскеудің әділетсіздігінен боксшы ретінде бағы байланған Әбдісалан Нұрмаханов Атланта олимпиадасында бапкерлік білігімен дүниежүзін мойындатты. Осы Олимпиада қарсаңында Нұрмаханов өзінің нағыз майталман маман екенін көрсетті. Тоқсан алтының көктемінде боксшы жігіттерді Сарыағаш шипажайына арнайы апарып, ішқұрылыстарын тазартып, асқазандарын жуғызды. Одан кейін құраманы Ыстықкөлдің жағасында жаттықтырып, бір жағынан суға малтытып, тыңайтып алды. Алатаудың баурайындағы жиында жігіттерге ақшұбар тас лақтыртып, шой балғамен трактордың дөңгелегін ұрғызды. Күнге күйдіріп, таудың салқын ауасында әбден шыңдады. Қазы-қартаны кертіп жеп, қымыз, шұбатты таңдап ішкен батырлар нағыз бабында еді.
Олимпиада басталуға екі апта қалғанда Нұрмаханов шәкірттерімен АҚШ-тың Орландо штатына барып орналасты. Осы қалада асықпай жаттығып, жергілікті ауа райына, сол жердің табиғатына бейімделген спортшылар дәл Олимпиада қарсаңында Орландоның былғары қолғап шеберлерімен жекпе-жекке шықты. Бұл бәсекеде қазақ жігіттері айқын басымдылық танытты. Содан кейін қазақ құрамасы Атлантаға ат басын бұрды. Бұл дегеніңіз – нағыз өзіне сенген, өзіндік көзқарасы бар, білімді әрі батыр адамның ғана қолына келетін тірлік.

Авторы: Темірхан Досмұхамбетов.

Бөлісу: