Сидней-2000

11 Сәуір 2013, 04:14

  Сидней 2000 Айдын алғашқы бәсекені Аргентина балуанына қарсы өткізді. Оны еш қиналмай, таза ұтты. Екінші кездесуде бразилиялық Манола Пулоға есе жіберді. Негізі оны ұтуға болатын еді. Бәсеке басталған бетте «диірмен» әдісін жасады. Төрешілер бұл тәсіл «юко» ұпайымен бағалады. Айдын көп ұзамай тағы бір әдіс орындауға бел буды. Сол кезде екеуі боз кілемге бірдей құлады. Татамидегі қазы істің ақ-қарасын ажыратпай, жеңісті Пулоға беріп жіберді. Бұл жеңіліс Айдынды алтыннан айырды. Одан кейінгі бәсекелерде қарсыластары бас көтеруге жарамады. Ресей, Молдова және АҚШ дзюдошыларын «иппонмен», яғни таза ұтты. Қола үшін таласта қарсыласы Өзбекстанның беткеұстар балуаны Әлішер Мұхтаров еді. Осы оқиғадан бір жыл бұрын Алматыда өткен Санжар Жандосовты еске түсіруге арналған халықаралық турнирде екеуінің жолы қиысқан болатын. Сол жарыста «қылқындыру» тәсілін қолданған Мұхтаров Айдынды сан соқтырып кетті. Татамиге шығар алдында командалық әріптесі Сағдат Садықов қолдау көрсетіп, Қазақстанның ұлттық құрамасының бас бапкері Бостан Жаңбырбаев ағалық ақылын айтып, намысын жаныды. Қазақстаннның басқа да балуандары мен бапкерлері келіп, сәттілік тіледі. Шамамен кездесудің үшінші минуты болса керек, Мұхтаров іштен ілуге әрекет етті. Айдын оның алдын орауға бекініп, әп-сәтте «диірмен» әдісін қолданды. Қарсыласым қос жауырынымен жерге құлады. Төреші «иппон» деп айғай салды. Өзбек дзюдошысы біресе Айдынға, біресе төрешіге жалтақ-жалтақ қарағады. Сиднейде Айдын күресіп болғаннан кейін ала тақиялылар байбалам салыпты. Өзбек бапкерлері: «Айдын Смағұлов – Қазақстанның азаматы. Оның Қырғызстанға еш қатысы жоқ. Олар халықаралық дзюдо федерациясы бекіткен ережені бұзып отыр. Сол себепті жеңіс біздің балуанға берілуге тиіс» деп шағым түсіруге бекінген екен. Сол кезде қарсыласым азаматтық танытты. Әлішер: «Мен Айдыннан татамидің үстінде, таза бәсеке барысында ұтылдым. Сондықтан да ешкімнің алдына барып арызданбаймын. Оған арым жібермейді. Ондай арзан жолмен келген алтынның маған еш қажеті жоқ», – деп кесімді сөзін айтқан екен. Бұл сөзді естіген өзбектер райынан қайтты. Қызық ойлар Кей адамдар Айдынна «Егер қола медаль үшін айқаста өзбек Мұхтаровпен емес, қазақ Доңбаймен кездескенде не істер едің?» деген сұрақты жиі қояды. Әрине, әр спортшының түпкі арманы – Олимпиада ойындарында атой салу. Айдын да Сиднейдегі ойындарда жүлдеге қол жеткізуді мақсат тұтты. Алланың қалауымен ол арманым орындалды. Ал егер Базарбек екеуінің жолы қиысқанда, Айдын оған еш ойланбастан жол берер еді. Өйткені, Доңбай қазақтың намысын қорғады. Ол болса, өзге елдің туы астында өнер көрсетті. Ондай жағдайда кеудесінде намысы бар әр азамат мемлекеттің мүддесін бәрінен де жоғары қоюға тиіс – дейді Айдын. Марапаты Қырғыз мемлекет басшысы Асқар Ақаев Айдын кеудесіне «Даңқ» орденін тақты. Дереккөзі: "Аламан" ұлттық спорт порталы    

 

Сидней 2000

Айдын алғашқы бәсекені Аргентина балуанына қарсы өткізді. Оны еш қиналмай, таза ұтты. Екінші кездесуде бразилиялық Манола Пулоға есе жіберді. Негізі оны ұтуға болатын еді. Бәсеке басталған бетте «диірмен» әдісін жасады. Төрешілер бұл тәсіл «юко» ұпайымен бағалады. Айдын көп ұзамай тағы бір әдіс орындауға бел буды. Сол кезде екеуі боз кілемге бірдей құлады. Татамидегі қазы істің ақ-қарасын ажыратпай, жеңісті Пулоға беріп жіберді. Бұл жеңіліс Айдынды алтыннан айырды. Одан кейінгі бәсекелерде қарсыластары бас көтеруге жарамады. Ресей, Молдова және АҚШ дзюдошыларын «иппонмен», яғни таза ұтты.

Қола үшін таласта қарсыласы Өзбекстанның беткеұстар балуаны Әлішер Мұхтаров еді. Осы оқиғадан бір жыл бұрын Алматыда өткен Санжар Жандосовты еске түсіруге арналған халықаралық турнирде екеуінің жолы қиысқан болатын. Сол жарыста «қылқындыру» тәсілін қолданған Мұхтаров Айдынды сан соқтырып кетті. Татамиге шығар алдында командалық әріптесі Сағдат Садықов қолдау көрсетіп, Қазақстанның ұлттық құрамасының бас бапкері Бостан Жаңбырбаев ағалық ақылын айтып, намысын жаныды. Қазақстаннның басқа да балуандары мен бапкерлері келіп, сәттілік тіледі. Шамамен кездесудің үшінші минуты болса керек, Мұхтаров іштен ілуге әрекет етті. Айдын оның алдын орауға бекініп, әп-сәтте «диірмен» әдісін қолданды. Қарсыласым қос жауырынымен жерге құлады. Төреші «иппон» деп айғай салды. Өзбек дзюдошысы біресе Айдынға, біресе төрешіге жалтақ-жалтақ қарағады.

Сиднейде Айдын күресіп болғаннан кейін ала тақиялылар байбалам салыпты. Өзбек бапкерлері: «Айдын Смағұлов – Қазақстанның азаматы. Оның Қырғызстанға еш қатысы жоқ. Олар халықаралық дзюдо федерациясы бекіткен ережені бұзып отыр. Сол себепті жеңіс біздің балуанға берілуге тиіс» деп шағым түсіруге бекінген екен. Сол кезде қарсыласым азаматтық танытты. Әлішер: «Мен Айдыннан татамидің үстінде, таза бәсеке барысында ұтылдым. Сондықтан да ешкімнің алдына барып арызданбаймын. Оған арым жібермейді. Ондай арзан жолмен келген алтынның маған еш қажеті жоқ», – деп кесімді сөзін айтқан екен. Бұл сөзді естіген өзбектер райынан қайтты.

Қызық ойлар

Кей адамдар Айдынна «Егер қола медаль үшін айқаста өзбек Мұхтаровпен емес, қазақ Доңбаймен кездескенде не істер едің?» деген сұрақты жиі қояды. Әрине, әр спортшының түпкі арманы – Олимпиада ойындарында атой салу. Айдын да Сиднейдегі ойындарда жүлдеге қол жеткізуді мақсат тұтты. Алланың қалауымен ол арманым орындалды. Ал егер Базарбек екеуінің жолы қиысқанда, Айдын оған еш ойланбастан жол берер еді. Өйткені, Доңбай қазақтың намысын қорғады. Ол болса, өзге елдің туы астында өнер көрсетті. Ондай жағдайда кеудесінде намысы бар әр азамат мемлекеттің мүддесін бәрінен де жоғары қоюға тиіс – дейді Айдын.

Марапаты

Қырғыз мемлекет басшысы Асқар Ақаев Айдын кеудесіне «Даңқ» орденін тақты.

Дереккөзі: "Аламан" ұлттық спорт порталы

 

 

Бөлісу: