Алғашқы қадам

11 Сәуір 2013, 04:06

  Айдын Смағұлов – қазақ дзюдошысы,1996 жылы Қазақстан чемпионы, Орталық Азия ойындары чемпионы, 2000 жылы Сидней Оимпиадасында Қырғызстан атынан қола медаль иегері атанды. Айдын Смағұлов Алматы облысы Алакөл ауданының түлегі. Туған ағасы Рустемге еліктеп күрес үйірмесіне келді. Бұл өнердің қыр-сырын жергілікті бапкер Бақытбек Мұстафиннен үйренді. Уақыт оза өз қатарының алды болып, ел намысын қорғайтындай дәрежеге жетті. Дзюдо күресі бойынша ел чемпионы атанды, Орталық Азия ойындарында топ жарды, бірқатар халықаралық жарыстарда атой салды. Алайда 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындары қарсаңындағы ел чемпионатында сәтсіздікке ұшырап, байрақты бәсекеде Қазақстанның туы астында өнер көрсету құқығынан айырылды. Жасы 26-дан асқан Айдын балуанға қазақстандық бапкерлер сенімсіздік білдіргеннен кейін ол тосын шешім қабылдады. Алатаудың арғы жағына өтіп, айыр қалпақты ағайындардың намысын жыртуды жөн санады. Бұл ретте оның еңбегі еш кеткен жоқ. Айдын Сиднейде қола медальді қоржынға салды. Қырғыздар қалпақтарын аспанға атты. Олардың осылай қуануы да негіссіз емес-ті. Өйткені, 1980 жылы атақты ауыр атлет Қаныбек Османәлиев Мәскеуде алтын алған уақыттан бергі 20 жыл аралығында Қырғызстан құрамасына Олимпиаданың бірде-бір медалі бұйырмаған екен. Айдын Смағұловқа дейін Қазақстанның бірде-бір дзюдошысының Олимпиада тұғырына табаны тимеген. Әке-шешесі байланыс саласының қарапайым қызметкерлері. Жалпы аудан орталығы – Үшарал өңірінң барлық жетістігі білікті бапкер Бақытбек Мұстафиннің есімімен тығыз байланысты. Сол кісіден тәлім алған туған ағасы Рүстем қысқа ғана мерзім аралығында көпшілікке танылды. Самбодан бірқатар республикалық жарыстарды ұтты. Грузияда өткен жасөспірімдер арасындағы КСРО чемпионатында алтын медальді олжалап, спорт шеберінің күміс белгісін омырауына тақты. Үлкен ағасы Дастан бокспен айналысты. Екеуі де үнемі жарыста. Үйде болған жағдайдың өзінде жаттығудан қолдары босай бермейді. Үйде Айдынға қарайтын ешкім жоқ. Сол себепті Рүстем өзімен бірге спорт залына алып баратын. Кешкісін ағасының қасында болып, жаттығу барысын тамашалайтын. Бапкері өте байыпты адам. Еш уақытта дауыс көтеріп, балаға ұрыспайды. Ұтсаң да, ұтылсаң да бір қалыпты. Үнемі ақыл-кеңесін айтып, ағалық қамқорлық танытады. Білмеген жерін тәпіштеп үйретуден еш жалықпайды. Ал Рүстемнің мінезі бөлек. Бір әдісті бір рет қана қайталайды. Көрсетіп тұрғанында қағып алуға тиіссің. Сол тәсілді қайталай алмасаң, бұлқан-талқан болып ашуланады. Көңіл-күйі болса, екінші мәрте қайталауы мүмкін. Егер сонда үйренбесең, қолың бір сілтейді де кетеді. Жай кетпейді, балағаттап, сүйектен өтетін сөздер айтып кетеді. Ағасының бұл қылығы алғашында маған тым ерсі көрінетін. «Дұрыстап үйретсе қайтеді екен» деп жыларман болатын. «Тұра тұр, бәлем, әдіс-тәсілдің барлығын үйреніп алайын, содан кейін қалай күресу керектігін мен саған үйретемін» деп өз-өзін қайрайтын. Балалық қой, есейе келе ағамның не үшін ашуланатынын түсіндім. Балуанға ең әуелі жылдамдық, шапшаңдық, ептілік қажет. Айтылған ақылға құлақ түріп, көрсетілген әдісті әп-сәтте қағып алмаған спортшы боз кілемде шұғыл шешім қабылдай алмай, кібіртіктеп қалуы мүмкін. Ал оның ақыры немен тынатыны белгілі ғой. Дереккөзі: "Аламан" ұлттық спорт порталы

 

Айдын Смағұлов – қазақ дзюдошысы,1996 жылы Қазақстан чемпионы, Орталық Азия ойындары чемпионы, 2000 жылы Сидней Оимпиадасында Қырғызстан атынан қола медаль иегері атанды.

Айдын Смағұлов Алматы облысы Алакөл ауданының түлегі. Туған ағасы Рустемге еліктеп күрес үйірмесіне келді. Бұл өнердің қыр-сырын жергілікті бапкер Бақытбек Мұстафиннен үйренді. Уақыт оза өз қатарының алды болып, ел намысын қорғайтындай дәрежеге жетті. Дзюдо күресі бойынша ел чемпионы атанды, Орталық Азия ойындарында топ жарды, бірқатар халықаралық жарыстарда атой салды.
Алайда 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындары қарсаңындағы ел чемпионатында сәтсіздікке ұшырап, байрақты бәсекеде Қазақстанның туы астында өнер көрсету құқығынан айырылды.
Жасы 26-дан асқан Айдын балуанға қазақстандық бапкерлер сенімсіздік білдіргеннен кейін ол тосын шешім қабылдады. Алатаудың арғы жағына өтіп, айыр қалпақты ағайындардың намысын жыртуды жөн санады. Бұл ретте оның еңбегі еш кеткен жоқ. Айдын Сиднейде қола медальді қоржынға салды. Қырғыздар қалпақтарын аспанға атты. Олардың осылай қуануы да негіссіз емес-ті. Өйткені, 1980 жылы атақты ауыр атлет Қаныбек Османәлиев Мәскеуде алтын алған уақыттан бергі 20 жыл аралығында Қырғызстан құрамасына Олимпиаданың бірде-бір медалі бұйырмаған екен. Айдын Смағұловқа дейін Қазақстанның бірде-бір дзюдошысының Олимпиада тұғырына табаны тимеген.

Әке-шешесі байланыс саласының қарапайым қызметкерлері. Жалпы аудан орталығы – Үшарал өңірінң барлық жетістігі білікті бапкер Бақытбек Мұстафиннің есімімен тығыз байланысты. Сол кісіден тәлім алған туған ағасы Рүстем қысқа ғана мерзім аралығында көпшілікке танылды. Самбодан бірқатар республикалық жарыстарды ұтты. Грузияда өткен жасөспірімдер арасындағы КСРО чемпионатында алтын медальді олжалап, спорт шеберінің күміс белгісін омырауына тақты. Үлкен ағасы Дастан бокспен айналысты. Екеуі де үнемі жарыста. Үйде болған жағдайдың өзінде жаттығудан қолдары босай бермейді. Үйде Айдынға қарайтын ешкім жоқ. Сол себепті Рүстем өзімен бірге спорт залына алып баратын. Кешкісін ағасының қасында болып, жаттығу барысын тамашалайтын. Бапкері өте байыпты адам. Еш уақытта дауыс көтеріп, балаға ұрыспайды. Ұтсаң да, ұтылсаң да бір қалыпты. Үнемі ақыл-кеңесін айтып, ағалық қамқорлық танытады. Білмеген жерін тәпіштеп үйретуден еш жалықпайды. Ал Рүстемнің мінезі бөлек. Бір әдісті бір рет қана қайталайды. Көрсетіп тұрғанында қағып алуға тиіссің. Сол тәсілді қайталай алмасаң, бұлқан-талқан болып ашуланады. Көңіл-күйі болса, екінші мәрте қайталауы мүмкін. Егер сонда үйренбесең, қолың бір сілтейді де кетеді. Жай кетпейді, балағаттап, сүйектен өтетін сөздер айтып кетеді. Ағасының бұл қылығы алғашында маған тым ерсі көрінетін. «Дұрыстап үйретсе қайтеді екен» деп жыларман болатын. «Тұра тұр, бәлем, әдіс-тәсілдің барлығын үйреніп алайын, содан кейін қалай күресу керектігін мен саған үйретемін» деп өз-өзін қайрайтын. Балалық қой, есейе келе ағамның не үшін ашуланатынын түсіндім. Балуанға ең әуелі жылдамдық, шапшаңдық, ептілік қажет. Айтылған ақылға құлақ түріп, көрсетілген әдісті әп-сәтте қағып алмаған спортшы боз кілемде шұғыл шешім қабылдай алмай, кібіртіктеп қалуы мүмкін. Ал оның ақыры немен тынатыны белгілі ғой.

Дереккөзі: "Аламан" ұлттық спорт порталы

Бөлісу: