Қарағандыда "ұяты бар" ұры 10 млн теңгені иесіне қайтарып берді

10 Сәуір 2013, 05:39

2012 жылдың аяғында менеджер болып қызмет атқарған Николай Коваленко есімді азамат ұрлап алған 10 млн теңгені иесіне қайтарып берді. Бұл туралы «Экспресс К» мәлімдеп отыр.  Ер адам Қарағанды банктерінің бірінде тұрақта тұрған автокөліктің доңғалағын тесіп, айласын іске асырмақ болған көрінеді. Көп ұзамай банктен қолында оралған пакеті бар көлік иесі шыққан екен. Алайда, доңғалағы тесілген көлік орынан тапжылмапты. Әбігер болған көлік иесі сыртқа шыққанында менеджер арнайы басқару құрылғысы арқылы есікті бекітіп тастаған. Сөйтіп жарты сағат көлігінің есігін аша алмай әлек болған әйел көмек шақыртпақ болып, жақын маңдағы дүкенге кетеді. Осы сәтті пайдаланған айлакер жігіт көлік есігін ашып, ішінде ораулы жатқан 9 млн 960 мың теңгені ұрлап кетеді.   Ар-ұяты оянған болу керек, ұры екі күн өткен соң ақшаны алып, полиция бөлімшесіне өз еркімен келеді. Сот Николай Коваленконы 3 жыл бас бостандығынан айырып, дүние-мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарады. Алайда, әйел облыстық сотқа шағымданып, ұрының жазасын жеңілдетуін сұрап, шартты мерзім тағайындауды сұраған. Қылмыскердің өз кінәсін мойындағаны әйелдің ренішін сейілтіп, ендігі ретте мұндай әрекетке бара қоймас деп отыр ол.  Baq.kz    

2012 жылдың аяғында менеджер болып қызмет атқарған Николай Коваленко есімді азамат ұрлап алған 10 млн теңгені иесіне қайтарып берді. Бұл туралы «Экспресс К» мәлімдеп отыр. 

Ер адам Қарағанды банктерінің бірінде тұрақта тұрған автокөліктің доңғалағын тесіп, айласын іске асырмақ болған көрінеді. Көп ұзамай банктен қолында оралған пакеті бар көлік иесі шыққан екен. Алайда, доңғалағы тесілген көлік орынан тапжылмапты. Әбігер болған көлік иесі сыртқа шыққанында менеджер арнайы басқару құрылғысы арқылы есікті бекітіп тастаған. Сөйтіп жарты сағат көлігінің есігін аша алмай әлек болған әйел көмек шақыртпақ болып, жақын маңдағы дүкенге кетеді. Осы сәтті пайдаланған айлакер жігіт көлік есігін ашып, ішінде ораулы жатқан 9 млн 960 мың теңгені ұрлап кетеді.  
Ар-ұяты оянған болу керек, ұры екі күн өткен соң ақшаны алып, полиция бөлімшесіне өз еркімен келеді. Сот Николай Коваленконы 3 жыл бас бостандығынан айырып, дүние-мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарады. Алайда, әйел облыстық сотқа шағымданып, ұрының жазасын жеңілдетуін сұрап, шартты мерзім тағайындауды сұраған. Қылмыскердің өз кінәсін мойындағаны әйелдің ренішін сейілтіп, ендігі ретте мұндай әрекетке бара қоймас деп отыр ол. 

Baq.kz
 

 

Бөлісу: