Сакура ағашы гүлдеді

8 Сәуір 2013, 12:02

Вашингтонда сакура ағашы шешек атты. Алайда, бұрын дәл осы уақытта жайқалып тұратын ағаш биыл әдеттегіден кеш гүлдеді.  Бұл ағашты аймаққа өткен ғасырда, яғни, 1912 жылы Токио мэрі сыйлаған екен. АҚШ-та биыл қыс ерекше суық болғандықтан ағаш кеш бүр жарған. Жапонияда сакураның гүлденгені көптен күткен көктем мезгілінің келгені деген сенім бар. Жергілікті тұрғындар бұл кезеңді назардан тыс қалдырған жоқ, деп хабарлайды 24.kz.  Сакураның гүлдеу кезеңін тамашалауға тіпті саяхатшылар да келген. Әдетте ағаш наурыз айының соңында гүлдей бастап, шамамен екі апта бойы гүлдеп тұрады екен. ҚазАқпарат.  

Вашингтонда сакура ағашы шешек атты. Алайда, бұрын дәл осы уақытта жайқалып тұратын ағаш биыл әдеттегіден кеш гүлдеді. 

Бұл ағашты аймаққа өткен ғасырда, яғни, 1912 жылы Токио мэрі сыйлаған екен. АҚШ-та биыл қыс ерекше суық болғандықтан ағаш кеш бүр жарған. Жапонияда сакураның гүлденгені көптен күткен көктем мезгілінің келгені деген сенім бар. Жергілікті тұрғындар бұл кезеңді назардан тыс қалдырған жоқ, деп хабарлайды 24.kz. 
Сакураның гүлдеу кезеңін тамашалауға тіпті саяхатшылар да келген. Әдетте ағаш наурыз айының соңында гүлдей бастап, шамамен екі апта бойы гүлдеп тұрады екен.

ҚазАқпарат.

 

Бөлісу: