Мұхамеджан Құрманғалиұлы Дәуренбек. Әлімбаев Мұзафар

8 Сәуір 2013, 09:39

Мұхамеджан Құрманғалиұлы Дәуренбек 1935 ж. Қостанай облысы, Әулиекөл ауданында, Сұлукөл кеңшары Қарағансай ауылында дүниеге келген. 1958 жылы Алматыдағы қазіргі Әль-Фараби ұлттық университетінің филология факультеті журналистика бөлімін бітірген соң баспа орындарында (Павлодар облыстық «Қызыл Ту», тың өлкелік «Тың өлке», зейнеткерлікке шыққаннан бері Павлодар аудандық газеттерінде) жиыны 52 жыл еңбек еткен. Ондаған жылдар республикалық сатиралық «Ара» журналының штаттан тыс тілшісі қызметін қатар атқарды. Облыстық газетте алты мәселені қамтыған мәдениет бөлімін ширек ғасыр меңгерген. Кезінде өмір талап еткен, теңдесі жоқ төкпе айтыстың ақтаңгері Иса Байзаковтың дәстүрін жаңғырту ісіне мол үлес қосты. Облыста бау-бақша өсіруді тұңғыш қолға алып, бағбан атанып, бұл шаруа жайлы газет арқылы насихат жүргізді. Өзінен кейінгі жастардың арасынан 30-дан аса шығармашылық бұлақ көздерін ашқан, қазір олар өздері таңдаған қаламгерлік істерін жалғастыруда. Шығармашылық еңбегі: «Өнердің алтын тәжі» (2006), «Рухани құтхана» (2008) Орталық мешітіміз жайлы, Облыстық «Сарыарқа» газетінің 80 жылдығына орай «Замандастарым, қаламдастарым» (2009), 75 жылдық өмір белестеріне орай және Республикамыздың 20 жылдығына арнап «Ой түбінде жатқан сөз» шығармалар жинағы баспадан, негізінен өзінің қаржысына бастырылып шығарылды. Әлде де облыста өткізілетін игі шаралар (айтысқа төрелік жасау, өнер байқауларына сарапшылық көрсету істеріне араласып келеді. Әлімбаев Мұзафар 1923 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданы Маралды аулында дүниеге келген. Қазақ ақыны, публицист, әдебиет зерттеушісі, аудармашы. 1978 жылы Қазақ КСР-ң Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атанды. Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984). Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1948-58 жылдары «Пионер» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, бас редакторының орынбасары, 1958-86 жылдары «Балдырған» журналының бас редакторы болды. Алғашқы өлеңдерін 1939 жылдары жазды. Майдан газеттеріне араласты. «Ана сәлемі», «Бір күн кейін білдім мен…», «Хаттарым қайда, хаттарым», «Ел мен ер» т.б. өлеңдерінде майдангерлер ерлігін жырлап, патриотизмге үндеді. Бірінші кітабы - «Қарағанды жырлары» 1952 жылы жарық көрді. «Құрбыма» (1954), «Лирика», «Жолдар-жырлар» (1964), «Өлеңдер мен поэмалар» (1952, 1958) т.б. жинақтары сол кездегі өмір салтын, еңбекті, «Менің Қазақстаным», «Құрыш қазақ», «Мен де Ильичтің баласы» атты лирикалық поэмаларында Отанға, туған елге деген сүйіспеншілікті жырлайды. «Ту тіккен» атты дастаны Ұлы Отан соғысында Рейхстагқа ту тіккендердің бірі Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігіне арналды. «Естай-Қорлан» атты лиро-эпикалық дастанына белгілі ақын, әнші, композитор Естай өмірі мен сол кездегі оқиға арқау болған. Ол 140 ән текстерін жазды. Олар 19 тілге аударылған. Әлімбаев балалар әдебиетіне ерекше еңбек сіңіріп келеді. Оның «Бал дәурен, шіркін балалық», «Ақсерек пен Көксерек» т.б. сондай кітаптары оқырмандар қауымына кеңінен танымал. 1982 жылы «Аспандағы әпке» жинағы үшін ҚазКСР Мемлекеттің сыйлығы берілді. Әлімбаев дүние жүзіндегі 70 елдің мақал-мәтелін жинап, оларды ана тілімізге аударды. Жазушы шығыстың классикалық поэзиясындағы рубаят үлгісімен де жазған ақын. Ол А.Пушкин, М.Лермонтов, М.Исаковский, Н.Тихонов, Тоқтағұл, Я.Райнис, Фирдауси, Сағди, Ш.Петефи, Г.Апполинер, Ю.Фучек, Н.Хикмет, т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударды. М.Әлімбаев қырғыздың әйгілі «Манас» эпосын қазақ тіліне аударушылардың бірі. Қазақстан Республикасының Әнұраны авторының бірі. Ақын шығармалары бірқатар КСРО халықтары және шетел тілдеріне аударылған. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған. Источник: акимат Павлодарской области

Мұхамеджан Құрманғалиұлы Дәуренбек 1935 ж. Қостанай облысы, Әулиекөл ауданында, Сұлукөл кеңшары Қарағансай ауылында дүниеге келген.

1958 жылы Алматыдағы қазіргі Әль-Фараби ұлттық университетінің филология факультеті журналистика бөлімін бітірген соң баспа орындарында (Павлодар облыстық «Қызыл Ту», тың өлкелік «Тың өлке», зейнеткерлікке шыққаннан бері Павлодар аудандық газеттерінде) жиыны 52 жыл еңбек еткен. Ондаған жылдар республикалық сатиралық «Ара» журналының штаттан тыс тілшісі қызметін қатар атқарды.

Облыстық газетте алты мәселені қамтыған мәдениет бөлімін ширек ғасыр меңгерген. Кезінде өмір талап еткен, теңдесі жоқ төкпе айтыстың ақтаңгері Иса Байзаковтың дәстүрін жаңғырту ісіне мол үлес қосты.

Облыста бау-бақша өсіруді тұңғыш қолға алып, бағбан атанып, бұл шаруа жайлы газет арқылы насихат жүргізді. Өзінен кейінгі жастардың арасынан 30-дан аса шығармашылық бұлақ көздерін ашқан, қазір олар өздері таңдаған қаламгерлік істерін жалғастыруда.

Шығармашылық еңбегі: «Өнердің алтын тәжі» (2006), «Рухани құтхана» (2008) Орталық мешітіміз жайлы, Облыстық «Сарыарқа» газетінің 80 жылдығына орай «Замандастарым, қаламдастарым» (2009), 75 жылдық өмір белестеріне орай және Республикамыздың 20 жылдығына арнап «Ой түбінде жатқан сөз» шығармалар жинағы баспадан, негізінен өзінің қаржысына бастырылып шығарылды.

Әлде де облыста өткізілетін игі шаралар (айтысқа төрелік жасау, өнер байқауларына сарапшылық көрсету істеріне араласып келеді.

Әлімбаев Мұзафар 1923 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданы Маралды аулында дүниеге келген. Қазақ ақыны, публицист, әдебиет зерттеушісі, аудармашы. 1978 жылы Қазақ КСР-ң Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атанды. Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984). Ұлы Отан соғысына қатысқан.

1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1948-58 жылдары «Пионер» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, бас редакторының орынбасары, 1958-86 жылдары «Балдырған» журналының бас редакторы болды. Алғашқы өлеңдерін 1939 жылдары жазды. Майдан газеттеріне араласты.

«Ана сәлемі», «Бір күн кейін білдім мен…», «Хаттарым қайда, хаттарым», «Ел мен ер» т.б. өлеңдерінде майдангерлер ерлігін жырлап, патриотизмге үндеді.

Бірінші кітабы - «Қарағанды жырлары» 1952 жылы жарық көрді. «Құрбыма» (1954), «Лирика», «Жолдар-жырлар» (1964), «Өлеңдер мен поэмалар» (1952, 1958) т.б. жинақтары сол кездегі өмір салтын, еңбекті, «Менің Қазақстаным», «Құрыш қазақ», «Мен де Ильичтің баласы» атты лирикалық поэмаларында Отанға, туған елге деген сүйіспеншілікті жырлайды.

«Ту тіккен» атты дастаны Ұлы Отан соғысында Рейхстагқа ту тіккендердің бірі Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігіне арналды. «Естай-Қорлан» атты лиро-эпикалық дастанына белгілі ақын, әнші, композитор Естай өмірі мен сол кездегі оқиға арқау болған. Ол 140 ән текстерін жазды. Олар 19 тілге аударылған.

Әлімбаев балалар әдебиетіне ерекше еңбек сіңіріп келеді. Оның «Бал дәурен, шіркін балалық», «Ақсерек пен Көксерек» т.б. сондай кітаптары оқырмандар қауымына кеңінен танымал. 1982 жылы «Аспандағы әпке» жинағы үшін ҚазКСР Мемлекеттің сыйлығы берілді.

Әлімбаев дүние жүзіндегі 70 елдің мақал-мәтелін жинап, оларды ана тілімізге аударды. Жазушы шығыстың классикалық поэзиясындағы рубаят үлгісімен де жазған ақын. Ол А.Пушкин, М.Лермонтов, М.Исаковский, Н.Тихонов, Тоқтағұл, Я.Райнис, Фирдауси, Сағди, Ш.Петефи, Г.Апполинер, Ю.Фучек, Н.Хикмет, т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударды. М.Әлімбаев қырғыздың әйгілі «Манас» эпосын қазақ тіліне аударушылардың бірі.

Қазақстан Республикасының Әнұраны авторының бірі.

Ақын шығармалары бірқатар КСРО халықтары және шетел тілдеріне аударылған. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған.

Источник: акимат Павлодарской области

Бөлісу: