Салық (Мұхамедсалық) Әмірәмзеұлы. Сәбитов Рәшит Сәбитұлы

8 Сәуір 2013, 09:30

Салық (Мұхамедсалық) Әмірәмзеұлы 1860 жылы бұрынғы Семей облысы Семей уезіне қарасты Малыбай болысының (Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Малыбай ауылында) орталығында жылқышылар отбасында дүниеге келген. Жасынан желіде бие сауғызып, құлынтайды сылап-сипап өсірген жылқышы баласы ат айылын тартып, азамат болып, атқа мінгенінде де алғаш атқарған жұмысы жылқы бағу болыпты. Ол туралы ел аузында аңыз сақталған. Ақын өлең айтуға құмар болып, домбырасын арқалап айдалада тыңдаушы елді іздеп жүретін болған. Ол тұста қазақ халқының мәдени өмірі аса төмен дәрежеде болды. Оқу өнері дамымай жатқан кез. Өз елінде кітап басу тиым еді. Кітаптар Қазан, Троцкі, Петербургтен ғана шағын-шағын данамен шығып отырған. «Түркістан уалаяты» (1870-1882), «Дала уалаяты» (1888-1902), Қазақстан» газеттері (1911-1913), «Айқап» журналы (1911-1915) басылымдарын ұйымдастырып, тарату мүмкіндігі болмаған. Халық қараңғылықта болды. Араб жазуымен жазылған қолжазбалар кеңес заманында ертелініп, жойылды. Сондықтан да бұндай ақындар өз заманына дүлдүл саналғанымен шығармалары қағазға түспей, сақталмай қалды. Ақынның «Құсайын болыс» атты поэмасы табылған. Поэмада «Құсайын» бейнесі еш бояусыз шынды суреттелген. «Призваға» деп аталатын 1916 жылғы патша жарлығына байланысты қазақтан қара жұмысқа кісі алып іріктеуі, азаматтарды сарапқа салғаны туралы поэзия тілінде тұңғыш рет осы өлеңінде суреттелген. Ақын аса тапқыр, өткір ойлы суырып салма, төкпе ақын болғаны оның бата өлеңдерінен анық көрінеді. Салық ақын 1923 жылы қайтыс болды. Оның өмірінің ақыры қалай болғаны белгісіз. Ақынның шығармашылығы Лебяжі ауданына қарасты «Қарағай» еліне жақсы таныс. Олардың ішінде «Салық өлеңі еді», - деп жатқа айтушылар көп болыпты. Сәбитов Рәшит Сәбитұлы 1936 жылы 8 мамырда Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, «Жаңа таң» ауылында туған. 1954 жылы «Қызыл қоғам» ауылында Қызыл  әскер орта мектебін, 1959 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1959 жылғы тамыздан 1968 жылғы қыркүйекке дейін Ақсу (бұрынғы Ермак), Май аудандық газеттері редакторының орынбасары болып істеген. 1970 жылы Алматы Жоғары партия мектебін бітірген соң сол жылы тамыздан желтоқсанға дейін Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің аға әдеби қызметкері міндетін атқарған. Бұдан соң жиырма жыл бойы Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті жанындағы Партия тарихы институтының аға ғылыми редакторы болып қызмет істеген. 1992 жылдан 1997 жылы зейнеткер болғанға дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінде бірінші хатшы, сектор, бөлім меңгерушісі, кеңесші болып еңбек еткен Рәшит Сәбитұлына Екінші хатшы дипломатиялық дәрежесі берілген. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Рәшит Сәбитұлын «В.И. Ленин Шығармаларының 55 томдық толық жинағын қазақ тіліне аударуды жүзеге асыруда жемісті қызмет атқарғаны үшін» Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1983 жылғы 22 қарашадағы Жарлығы бойынша Жоғарғы Кеңестің Құрмет грамотасымен марапаттады. Р.Сәбитов 1964 жылы «Тың және тыңайған жерлерді игерудің 10 жылдығы», 1989 жылы «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. 1990 жылы 16-тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Рәшит Сәбитұлына «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» құрметті атағы берілді. Танымал ақынның топтама өлеңдері 1956 жылы «Жас жүрек», 1961 жылы «Тақпақ айтып, ән шырқайық» ұжымдық жинақтарында жарияланған. «Толқын» деп аталатын өлеңдер жинағы 1978 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрді. Источник: акимат Павлодарской области

Салық (Мұхамедсалық) Әмірәмзеұлы 1860 жылы бұрынғы Семей облысы Семей уезіне қарасты Малыбай болысының (Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Малыбай ауылында) орталығында жылқышылар отбасында дүниеге келген.

Жасынан желіде бие сауғызып, құлынтайды сылап-сипап өсірген жылқышы баласы ат айылын тартып, азамат болып, атқа мінгенінде де алғаш атқарған жұмысы жылқы бағу болыпты. Ол туралы ел аузында аңыз сақталған.

Ақын өлең айтуға құмар болып, домбырасын арқалап айдалада тыңдаушы елді іздеп жүретін болған. Ол тұста қазақ халқының мәдени өмірі аса төмен дәрежеде болды. Оқу өнері дамымай жатқан кез. Өз елінде кітап басу тиым еді. Кітаптар Қазан, Троцкі, Петербургтен ғана шағын-шағын данамен шығып отырған. «Түркістан уалаяты» (1870-1882), «Дала уалаяты» (1888-1902), Қазақстан» газеттері (1911-1913), «Айқап» журналы (1911-1915) басылымдарын ұйымдастырып, тарату мүмкіндігі болмаған.

Халық қараңғылықта болды. Араб жазуымен жазылған қолжазбалар кеңес заманында ертелініп, жойылды. Сондықтан да бұндай ақындар өз заманына дүлдүл саналғанымен шығармалары қағазға түспей, сақталмай қалды.

Ақынның «Құсайын болыс» атты поэмасы табылған. Поэмада «Құсайын» бейнесі еш бояусыз шынды суреттелген. «Призваға» деп аталатын 1916 жылғы патша жарлығына байланысты қазақтан қара жұмысқа кісі алып іріктеуі, азаматтарды сарапқа салғаны туралы поэзия тілінде тұңғыш рет осы өлеңінде суреттелген. Ақын аса тапқыр, өткір ойлы суырып салма, төкпе ақын болғаны оның бата өлеңдерінен анық көрінеді.

Салық ақын 1923 жылы қайтыс болды. Оның өмірінің ақыры қалай болғаны белгісіз. Ақынның шығармашылығы Лебяжі ауданына қарасты «Қарағай» еліне жақсы таныс. Олардың ішінде «Салық өлеңі еді», - деп жатқа айтушылар көп болыпты.

Сәбитов Рәшит Сәбитұлы 1936 жылы 8 мамырда Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, «Жаңа таң» ауылында туған. 1954 жылы «Қызыл қоғам» ауылында Қызыл  әскер орта мектебін, 1959 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

1959 жылғы тамыздан 1968 жылғы қыркүйекке дейін Ақсу (бұрынғы Ермак), Май аудандық газеттері редакторының орынбасары болып істеген. 1970 жылы Алматы Жоғары партия мектебін бітірген соң сол жылы тамыздан желтоқсанға дейін Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің аға әдеби қызметкері міндетін атқарған.

Бұдан соң жиырма жыл бойы Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті жанындағы Партия тарихы институтының аға ғылыми редакторы болып қызмет істеген. 1992 жылдан 1997 жылы зейнеткер болғанға дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінде бірінші хатшы, сектор, бөлім меңгерушісі, кеңесші болып еңбек еткен Рәшит Сәбитұлына Екінші хатшы дипломатиялық дәрежесі берілген.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Рәшит Сәбитұлын «В.И. Ленин Шығармаларының 55 томдық толық жинағын қазақ тіліне аударуды жүзеге асыруда жемісті қызмет атқарғаны үшін» Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1983 жылғы 22 қарашадағы Жарлығы бойынша Жоғарғы Кеңестің Құрмет грамотасымен марапаттады.

Р.Сәбитов 1964 жылы «Тың және тыңайған жерлерді игерудің 10 жылдығы», 1989 жылы «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. 1990 жылы 16-тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Рәшит Сәбитұлына «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» құрметті атағы берілді.

Танымал ақынның топтама өлеңдері 1956 жылы «Жас жүрек», 1961 жылы «Тақпақ айтып, ән шырқайық» ұжымдық жинақтарында жарияланған. «Толқын» деп аталатын өлеңдер жинағы 1978 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрді.

Источник: акимат Павлодарской области

Бөлісу: