Қалмұқан Исабаев. Субханбердин Сәлкен

8 Сәуір 2013, 04:17

Қалмұқан Исабаев1925 жылы 25 тамызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. Ұлы Отан соғысының ардагері. 1954 жылға дейін КСРО Қарулы күштерінің Германиядағы батыс тобында қала коменданты болып қызмет атқарған. 1961 жылы ҚазМУ-ді бітірген, 1955-1985 жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар Одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бөлімінің директоры болды. Қ.Исабаевтың әңгіме, очерктері баспасөзде 1954 жылдан жариялана бастады. Алғашқы «Баян» әңгімелер жинағы 1959 жылы жарық көрді. Кейін «Ажал құрсауында» (1961), «Жұмбақ үй» (1962), «Бетпе-бет» (1963), «Соңғы тәулік» (1966) повесть, әңгіме, очерктер жинақтады. «Сұңқар самғауы» (1966), «Айқыз» (1967), «Жолдас комендант» (1975), «Көгілдір қазына» (1978), «Серт» (1982), «Арна» (1984) т.б. романдары басылды. Жазушы Ертіс-Қарағанды каналының жобасымен танысып, оның бойын жаяу аралады. Он бес жыл өмірін канал құрылысшылары арасында өткізіп, ол туралы кітап жазды. Әр түрлі өзекті тақырыпқа арналған 300-дей көркем очерк, ғылыми және мәселелік мақалалары жарияланды. Кітаптары орыс, неміс және басқа тілдерде жазылған. «Қызыл жұлдыз», Еңбек Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендері және медальдарымен марапатталған. 2003 жылы Президент Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды. Субханбердин Сәлкен 4 мамырда Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жаңажол ауылында туған. 1993 жылы Семей қаласында Қазақстан өлкелік фармацевтика техникумын бітіріп, сол техникумда әуелі оқу бөлімінің меңгерушісі, 1935-1938 жж. директор, 1938-1944 жылдары Алматыдағы №1 дәріханасының меңгерушісі, содан соң республикалық дәріханалар басқармасының бастығы болып істейді. 1941-1945 жылдары Алматы және Талдықорған облыстарының Сарқанд, Октябрь, Гвардия аудандарында атқару комитетінің төрағасы, 1945-1948 жылдар аралығында Жамбыл облыстық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, 1948 жылы Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің коллегия мүшесі боп тағайындалды. 1950 жылы И.М.Сеченов атындағы Мәскеу медицина институтының фармацевтика кафедрасын басқарды. Дәрі-дәрмек тақырыбына көптеген ғылыми еңбектер, монографиялар жазды. Сонымен бірге драмалық шығарма жазумен шұғылданды. Екі рет «Құрмет Белгісі» орденімен, бірнеше медальмен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамоталарымен марапатталған. «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген фармацевті», «КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі» атақтары берілген. Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі

Қалмұқан Исабаев1925 жылы 25 тамызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. Ұлы Отан соғысының ардагері. 1954 жылға дейін КСРО Қарулы күштерінің Германиядағы батыс тобында қала коменданты болып қызмет атқарған.

1961 жылы ҚазМУ-ді бітірген, 1955-1985 жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар Одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бөлімінің директоры болды.

Қ.Исабаевтың әңгіме, очерктері баспасөзде 1954 жылдан жариялана бастады. Алғашқы «Баян» әңгімелер жинағы 1959 жылы жарық көрді. Кейін «Ажал құрсауында» (1961), «Жұмбақ үй» (1962), «Бетпе-бет» (1963), «Соңғы тәулік» (1966) повесть, әңгіме, очерктер жинақтады. «Сұңқар самғауы» (1966), «Айқыз» (1967), «Жолдас комендант» (1975), «Көгілдір қазына» (1978), «Серт» (1982), «Арна» (1984) т.б. романдары басылды.

Жазушы Ертіс-Қарағанды каналының жобасымен танысып, оның бойын жаяу аралады. Он бес жыл өмірін канал құрылысшылары арасында өткізіп, ол туралы кітап жазды. Әр түрлі өзекті тақырыпқа арналған 300-дей көркем очерк, ғылыми және мәселелік мақалалары жарияланды. Кітаптары орыс, неміс және басқа тілдерде жазылған. «Қызыл жұлдыз», Еңбек Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендері және медальдарымен марапатталған. 2003 жылы Президент Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.

Субханбердин Сәлкен 4 мамырда Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жаңажол ауылында туған. 1993 жылы Семей қаласында Қазақстан өлкелік фармацевтика техникумын бітіріп, сол техникумда әуелі оқу бөлімінің меңгерушісі, 1935-1938 жж. директор, 1938-1944 жылдары Алматыдағы №1 дәріханасының меңгерушісі, содан соң республикалық дәріханалар басқармасының бастығы болып істейді.

1941-1945 жылдары Алматы және Талдықорған облыстарының Сарқанд, Октябрь, Гвардия аудандарында атқару комитетінің төрағасы, 1945-1948 жылдар аралығында Жамбыл облыстық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, 1948 жылы Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің коллегия мүшесі боп тағайындалды. 1950 жылы И.М.Сеченов атындағы Мәскеу медицина институтының фармацевтика кафедрасын басқарды. Дәрі-дәрмек тақырыбына көптеген ғылыми еңбектер, монографиялар жазды. Сонымен бірге драмалық шығарма жазумен шұғылданды.

Екі рет «Құрмет Белгісі» орденімен, бірнеше медальмен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамоталарымен марапатталған.

«Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген фармацевті», «КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі» атақтары берілген.

Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі

Бөлісу: