Қазақ халқының біртуар қайраткері һәм көрнекті қаламгері Қошке (Қошмұхамбет) Кемеңгерұлы 1896 жылдың 15 шілдесі күні ескіше Ақмола облысы, Омбы уезі, Теке болысы, Қаржас ауылында туды. Кеңес үкіметі орнаған соң бұл аймақ Ресейдің Омбы облысы Әдес (Одесское) ауданына қарап кетті.
Қ.Кемеңгерұлының әкесі, ата-бабасы қазақтың қасиетті өлкесі - Баянауылда туған. Мұса мырза Шорманұлының заманында Қошкенің атасы Баяннан Омбыға келіп, осы төңіректі мекендеп қалады. Ол тарихи шындық Әлкей Марғұлан зерттеулерінде сақталған.
Қисықтағы Қаржаста Белгібай молдадан оқыған Қошкені әкесі Омбы приход школына береді (Бұл кезде мұсылманша оқу орны - мектеп, медресе, орысша оқу орны - школа, училище аталған). Алғаш христиан дініне тарту үшін ашылған приход школдары мұсылмандардың ниетін аңғарғаннан кейін олардың балаларын «Божий Закон» сабағынан босатқан. Жас Қошке осы школдан орыс тілін, басқа да пәндердің негіздерін үйреніп шығады.
Мұнан кейін Қошке Омбының ветеринарлық-фельдшерлік школына түседі. Арнаулы оқу орны болғандықтан мұнда ол зоотехника, медицина негіздері бойынша сабақ алады.
1917-1918 жылдардағы саяси оқиғалар тұсында Қошке сергелдеңге түскен халық пен оқығандардың ішінде жүрді. Бұл кезде заман қатал, саясат құбылмалы еді. Осыған қарамай Алаш зиялылары сеңдей соғылысқан жұрттың арасынан бөлінбей, мәмілегерлік жолын іздеді. 1917 жылы сәуірде Қошмұхамбет Кемеңгерұлы Дінше Әділұлын ертіп, Ақмола облыстық қазақ комитеті атынан (Омбыдан) Ақмола қаласына келіп, уездік қазақ комитетін ашады.
1915-1916 жылдары Омбыдағы қазақ жастары сол жағалаудағы Қаржаста жасырын жиналатын болса, 17-жылғы өзгерістен соң қала ішінде ашық мәжіліс құрды. Алғашқы бас қосулардың нәтижесі 1918-1919 жылдары Алаш Ордаға қалтқысыз жәрдем берген, ел бірлігі мәселесінде біршама тиянақты жұмыс жасаған «Жас азамат» ұйымы мен газеті еді. Қошке осы ұйымның алқасына кірді, оның Қызылжар қаласында шығып тұрған үні - «Жас азамат» газетіне редактор болды. «Қазақ», «Сарыарқа», «Абай» сынды ұлттық басылымдардың ізбасары іспеттес «Жас азамат» бетінде алаштың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған мақалалар нөмір құрғатпай шығып тұрды. Бұл газет большевиктердің имансыз әрекеттерін елге жария қылды. Сондай-ақ қиын кезде жастарды ауызбірлікке шақырды. 1919 жылы Қошке Омбы политехника институтына оқуға түседі. Мұнда ол бірінші курсты ғана оқиды. 1920 жылы Ақмола облысына (орталығы - Омбы) қарайтын Петропавл (Қызылжар) уезіне мұғалімдікке шақырылады. Мұнда ол жаңадан құрылған, аты заманына сай «Қызыл мұғалімдер курсында» оқытушы ретінде дәріс оқи бастайды.
Ол мұнда ұлтқа қызмет ету үшін көшті. 20-жылдары зиялылардың көбі негізінен Ташкентке орнықты. Мұндағы саясат райы салыстырмалы түрде Орынбордан тәуір еді. Түркістанда өкімет басындағылардың ескі оқығандарға ықыласы бөлек болды. Х.Досмұхамедұлы 1922 жылы құрған «Талап» қауымына елшіл азаматтар топтасқан еді.
Сәл кейінірек, 1926 жылы «Көркем әдебиет туралы» атты мақаласында осы ойды Қошке таратыңқырап, жүйелеп айтқаны мәлім. Оның көркемөнер табиғаты мен заңдылығы туралы пікірі әлі де көкейкесті. Ғұмырының Ташкент кезеңі Қ.Кемеңгерұлы шығармашылығының тынысын кеңейтті. Ол Омбыда бастаған «Қазақ тарихынан» зерттеуін аяқтап, Мәскеудегі «Күншығыс» баспасына тапсырды. Аталған баспадан сонымен бірге 1925 жылы қаламгердің «Бұрынғы езілген ұлттар» атты ғылыми еңбегі мен «Қазақша-орысша тілмашы» жарық көрді. Сөздікті түзеуге Қ.Кемеңгерұлының жетекшілігімен Баймақанұлы, Дәулетбекұлы, Сәрсенбайұлы қатынасқан. Қошке осы Ташкентте жүріп 2 кітаптан тұратын қазақ тілінен «Жабыропалықтар үшін оқу құралын» жазды. Оның біріншісі 1928 жылы Ташкентте, екіншісі 1929 жылы Қызылордада басылды.
1930 жылы 13 қазанда Қ.Кемеңгерұлы «Кеңес өкіметіне қарсы әрекет жасаушы» деген жалған айыппен Ташкентте ұсталып, абақтыға жабылады. Осы 30-жылдың қазан айының соңында Қошке Ташкенттен Алматы абақтысына айдалды. Ол Алматы түрмесінде 1932 жылдың сәуір айының соңына дейін отырады. 20 сәуірде үштіктің шешімімен 58-баптың 10,11-тармағы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылып, Украинаның Валуйки қаласына жер аударылады. Қаламгер мұндағы темір жол жүйесінде дәрігер болды. Дәл осы жол құрылысында 1932-1933 жылдары С.Садуақасұлы инженер болып қызмет жасаған еді. Сондай-ақ Валуйки, Воронеж бағытында Х.Досмұхамедұлы, Е.Омарұлы, С.Қадырбайұлы, К.Тоқтыбайұлы, М.Тынышбай, Ж.Күдеріұлы, М.Мырзаұлы сынды азаматтар жер аударылған еді.
1935 жылы Қошке Кемеңгерұлы Валуйкиде мерзімін толық аяқтады. Заң бойынша енді ол елге қайтуға ерікті еді. Бірақ айлалы НКВД саяси тұтқындарды елден жырақ ұстауды қалады. Сол себепті Қ.Кемеңгерұлына толық ерік бермей, Омбының Шарбақкөліне қоныстануға рұқсат етті. Ол аудандық денсаулық сақтау бөліміндегі қарапайым қызметті таңдады.
Зәйра Қошкеқызының естелігіне қарағанда, әкесі 1937 жылдың ортасында сонау Ташкенттен бастап жазған замандастары туралы романды аяқтаған, енді соны Алматы баспаларына жеткізудің жолын қарастырған. Сол кітап кейін қолжазба күйінде НКВД қармағына түскен.
1937 жылдың қара құйыны Шарбақкөлдегі дәрігер Қошкені қиналмай-ақ тапты. Қайраткерді ату туралы үкім 17 қарашада бекітіліп, 21 қарашада Омбыда орындалды. Қошкенің бақи дүниеге көшкенін туған-туыстары білмеді - тек бір Алла ғана білді. Қошке әділет, азаттық жолында шейіт болды.
Қ.Кемеңгеров есімі бүгінгі ұрпаққа танымал. Жұмат Шанин атындағы шаруашылық орталындағы орта мектепке аты берілген.
Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі