Зейтiн Ақышев. Бағдат Баянды (Дүйсенов)

8 Сәуір 2013, 04:04

Зейтiн Ақышев 1911 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. 1936 жылы Омбы жұмысшы факультетiн бiтiрiп, кейiн 1938 жылы Семей пединститутының физика-математика факультетiн тәмәмдаған. 1938-1952 жылдары Баянауыл мектебiнде математика пәнiнен дәрiс берiп, кейiн мектеп директоры болды. Аудандық оқу бөлiмiнiң меңгерушiсi және Павлодар педучилищесiнде сабақ берiп, аудандық оқу бөлiмiнiң меңгерушiсi болып қызмет атқарды. Ұлы Отан соғысы жылдары Павлодар облысы оқу бөлiмiнiң (облоно) меңгерушi қызметiнде жүрiп, Павлодар облыстық тарихи- өлкетану мұражайының ашылуына үлкен көмек көрсетiп, мүмкiндiктер жасады. З.Ақышев 1952-1966 жылдары «Мектеп» баспасында редактор, редакция меңгерушiсi, бас редактор. 1955-1960 жж. «Қазақстан мұғалiмi» газетiнде редактор. 1966-1969 жж. ҚазКСР Министрлер Кеңесiнiң «Қазақ КСР үкiметiнiң қаулылар жинағы» редакциясында аудармашы-редактор болды. 1969-1976 жж. Қазақ Совет энциклопедиясының Бас редакциясында аға ғылыми редактор болып қызмет жасады. Алғашқы өлеңдері, очерктері, әңгiмелерi 1930 жылы жариялана бастады. Тұңғыш очерктер жинағы «Бiздiң шамшырақтар» 1962 жылы жарық көрдi. «Достарым менiң» атты әңгiмелер жинағы (1967), Ертiс өңірі еңбекшiлерiнiң Совет үкiметiн орнату жолындағы күресiн суреттейтiн «Ақбел асуы» (1976), белгiлi ақын, әншi, композиторлар Жаяу Мұса мен Иманжүсiптiң өмiрiн суреттеген «Жаяу Мұса» (1978), «Шынардың шыбығы» (1987) романдарының, сондай-ақ, «Жаяу-Мұса», «Келiндер», «Құтылмайды ол» пьесаларының авторы. Жекелеген туындылары орыс тiлiне аударылған. В.Ф.Панованың «Кружилиха» (1950), А.И.Куприннiң «Жекпе-жек» (1954), Я.Коластың «Талаш атай» (1956) т.б. романдарын қазақ тiлiне аударған. З.Ақышев «Еңбектегi ерлiгi үшiн» медалiмен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Бағдат Баянды (Дүйсенов) 1975 жылы, Баянауыл ауданының Мәшһүр Жүсіп ауылында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы факультетін бітірген. 2001-2007 жылдары ҚМҚПИ Екібастұз филиалында директордың орынбасары болды. ҚР ҰҒА Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты түркітану бөлімі аспирантурасында оқыған, оннан аса ғылыми мақаласы халықаралық конференциялар жинақтарында және ғылыми басылымдарда жарық көрген. 2007-2009 жылдары Астана қаласындағы «Жан» республикалық журналының шеф-редакторы қызметтерін атқарды. 2009-2010 жылдары «Қазақ энциклопедиясы» баспасында редактор болды. 2008 жылы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 150 жылдығына арнап «Ғұлама ғұмыры» кітабын шығарды. 2009 жылы Павлодар облыстық Мәшһүр Жүсіп мешітінің жанындағы «Рухани мұра» серіктестігінің қайырымдылық қаражатымен «Ар мен ай» өлеңдер жинағы жарық көрді. Өлеңдері және ғылыми мақалалары республикалық, облыстық мерзімді баспасөз беттерінде жарық көріп тұрады. Республикалық, облыстық ақындар айтысының жүлдегері, Павлодар облысы қаламгерлерінің 2008 жылғы І байқауының Қазақстан Жазушылар одағы және облыс Мәдениет департаменті тағайындаған Мәшһүр Жүсіп атындағы сыйлығының иегері. Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі

Зейтiн Ақышев 1911 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. 1936 жылы Омбы жұмысшы факультетiн бiтiрiп, кейiн 1938 жылы Семей пединститутының физика-математика факультетiн тәмәмдаған. 1938-1952 жылдары Баянауыл мектебiнде математика пәнiнен дәрiс берiп, кейiн мектеп директоры болды. Аудандық оқу бөлiмiнiң меңгерушiсi және Павлодар педучилищесiнде сабақ берiп, аудандық оқу бөлiмiнiң меңгерушiсi болып қызмет атқарды. Ұлы Отан соғысы жылдары Павлодар облысы оқу бөлiмiнiң (облоно) меңгерушi қызметiнде жүрiп, Павлодар облыстық тарихи- өлкетану мұражайының ашылуына үлкен көмек көрсетiп, мүмкiндiктер жасады.

З.Ақышев 1952-1966 жылдары «Мектеп» баспасында редактор, редакция меңгерушiсi, бас редактор. 1955-1960 жж. «Қазақстан мұғалiмi» газетiнде редактор. 1966-1969 жж. ҚазКСР Министрлер Кеңесiнiң «Қазақ КСР үкiметiнiң қаулылар жинағы» редакциясында аудармашы-редактор болды. 1969-1976 жж. Қазақ Совет энциклопедиясының Бас редакциясында аға ғылыми редактор болып қызмет жасады.

Алғашқы өлеңдері, очерктері, әңгiмелерi 1930 жылы жариялана бастады. Тұңғыш очерктер жинағы «Бiздiң шамшырақтар» 1962 жылы жарық көрдi. «Достарым менiң» атты әңгiмелер жинағы (1967), Ертiс өңірі еңбекшiлерiнiң Совет үкiметiн орнату жолындағы күресiн суреттейтiн «Ақбел асуы» (1976), белгiлi ақын, әншi, композиторлар Жаяу Мұса мен Иманжүсiптiң өмiрiн суреттеген «Жаяу Мұса» (1978), «Шынардың шыбығы» (1987) романдарының, сондай-ақ, «Жаяу-Мұса», «Келiндер», «Құтылмайды ол» пьесаларының авторы. Жекелеген туындылары орыс тiлiне аударылған. В.Ф.Панованың «Кружилиха» (1950), А.И.Куприннiң «Жекпе-жек» (1954), Я.Коластың «Талаш атай» (1956) т.б. романдарын қазақ тiлiне аударған.

З.Ақышев «Еңбектегi ерлiгi үшiн» медалiмен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Бағдат Баянды (Дүйсенов) 1975 жылы, Баянауыл ауданының Мәшһүр Жүсіп ауылында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы факультетін бітірген. 2001-2007 жылдары ҚМҚПИ Екібастұз филиалында директордың орынбасары болды. ҚР ҰҒА Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты түркітану бөлімі аспирантурасында оқыған, оннан аса ғылыми мақаласы халықаралық конференциялар жинақтарында және ғылыми басылымдарда жарық көрген.

2007-2009 жылдары Астана қаласындағы «Жан» республикалық журналының шеф-редакторы қызметтерін атқарды. 2009-2010 жылдары «Қазақ энциклопедиясы» баспасында редактор болды. 2008 жылы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 150 жылдығына арнап «Ғұлама ғұмыры» кітабын шығарды. 2009 жылы Павлодар облыстық Мәшһүр Жүсіп мешітінің жанындағы «Рухани мұра» серіктестігінің қайырымдылық қаражатымен «Ар мен ай» өлеңдер жинағы жарық көрді. Өлеңдері және ғылыми мақалалары республикалық, облыстық мерзімді баспасөз беттерінде жарық көріп тұрады.

Республикалық, облыстық ақындар айтысының жүлдегері, Павлодар облысы қаламгерлерінің 2008 жылғы І байқауының Қазақстан Жазушылар одағы және облыс Мәдениет департаменті тағайындаған Мәшһүр Жүсіп атындағы сыйлығының иегері.

Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі

Бөлісу: