Қоғабай Жұмағали. Ыдырысов Қабдыкәрім

8 Сәуір 2013, 03:50

Қоғабай Жұмағали 1949 жылы 1 қарашада Ақтоғай ауданы Шұға ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Ақкөл орта мектебін бітірді. 1969-1971 жылдары әскер қатарында болды. 1976 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің тіл және әдебиет факультетін бітіргеннен кейін, жаңадан ашылған Екібастұз педагогикалық училищесіне мұғалім, одан кейін облыстық «Қызыл ту» газетінің тілшісі, 1989-1998 жж. қалалық радио хабарларын тарату комитетінде бас редактор болып қызмет істеді. 1989 жылы Екібастұз қаласында қалалық «Қазақ тілі» қоғамын құруға қатысып, 1993 жылдан осы қоғамның төрағасы қызметін атқарды. 2000 жылдан «Богатырь Аксес Көмір» ЖШС-де аудармашы, 2001-2004 жылдары облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің меншікті тілшісі қызметін атқарды. Екібастұз өңірі мен Павлодар облысына танымал ақын, журналист. 1994 жылы «Екібастұздан ескен леп» өлеңдер жинағы, 2001 жылы «Дүмпуі көп дүние» атты орысша-қазақша өлеңдер жинағы, 2004 жылы «Жаңбырлы күн» атты жыр жинақтары, «Ел азаматы» атты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Д.К.Ахметова туралы деректі кітап жазып шығарды. Ақын Қабдыкәрім Ыдырысов 1928 жылы Павлодар облысы Ақтоғай ауданында шаруа отбасында туған. Қ.Ыдырысов 1948 жылы Павлодар педучилищесін, 1962 жылы Қазақ Абай атындағы мемлекеттік институтын бітірген. 1948-1952 жж. Павлодар облыстық Кеңес атқару комитетінде жұмыс істеген, 1952-1957 жж. республикалық «Қазақстан пионері» газетіде бөлім меңгерішісі, 1957-1961 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінде жауапты хатшы, 1965-1972 жж. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1972-1975 жж. Қазақ мемлекеттік кітап палатасының директоры, 1975-1978 жж. «Жалын» баспасының директоры қызметтерін атқарды. Үлкенді-кішілі отыздан астам кітабы жарық көрген. Тұңғыш өлеңдері 1947 жылдан жариялана бастады. «Өмір гүлі», «Саяхатта», «Ол кезде он үште едік», «Үйелмелі-сүйелмелі», «Жасырынбақ», «Әр қашан күн сөнбесін», «Аршында балақай» поэзиялық жинақтары жас жеткіншектерге арналды. «Әке жолы» поэмасы, «Шуақты күндер», «Жарқын жағалау» т.б. жыр кітаптары туған жерге деген пәк сезімді, совет адамдарының асыл мұратын толғаса, «Армысың, Арабстан» жинағы халықтар достығын жырлайды. «Ойлайық та ойлайық» пьесасы, «Ел жатса да, енекем жатпайды» әңгімелер жинақтары жарық көрді. Чех жазушысы Ян Дрданың «Май күндерінде» повесін, О.Гончардың «Қоңырау» романын, Гарсиа Лорканың «Қасіретті қайыңдар», И.Куприяновтың «Вьетнам жұлдызы» пьесаларын, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, К.Л.Хетагуров, Н.Хикмет, М.Луконин т.б. ақындардың көптеген өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Қазақ КСР-нің Құрмет Грамотасымен, «Еңбектегі ерлігі үшін», т.б. медальдармен марапатталған. Халық ағарту ісінің озық қызметкері. Дереккөзі: Павлодар облысының әкімідігі

Қоғабай Жұмағали 1949 жылы 1 қарашада Ақтоғай ауданы Шұға ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Ақкөл орта мектебін бітірді. 1969-1971 жылдары әскер қатарында болды. 1976 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің тіл және әдебиет факультетін бітіргеннен кейін, жаңадан ашылған Екібастұз педагогикалық училищесіне мұғалім, одан кейін облыстық «Қызыл ту» газетінің тілшісі, 1989-1998 жж. қалалық радио хабарларын тарату комитетінде бас редактор болып қызмет істеді.

1989 жылы Екібастұз қаласында қалалық «Қазақ тілі» қоғамын құруға қатысып, 1993 жылдан осы қоғамның төрағасы қызметін атқарды.

2000 жылдан «Богатырь Аксес Көмір» ЖШС-де аудармашы, 2001-2004 жылдары облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің меншікті тілшісі қызметін атқарды.

Екібастұз өңірі мен Павлодар облысына танымал ақын, журналист. 1994 жылы «Екібастұздан ескен леп» өлеңдер жинағы, 2001 жылы «Дүмпуі көп дүние» атты орысша-қазақша өлеңдер жинағы, 2004 жылы «Жаңбырлы күн» атты жыр жинақтары, «Ел азаматы» атты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Д.К.Ахметова туралы деректі кітап жазып шығарды.

Ақын Қабдыкәрім Ыдырысов 1928 жылы Павлодар облысы Ақтоғай ауданында шаруа отбасында туған. Қ.Ыдырысов 1948 жылы Павлодар педучилищесін, 1962 жылы Қазақ Абай атындағы мемлекеттік институтын бітірген. 1948-1952 жж. Павлодар облыстық Кеңес атқару комитетінде жұмыс істеген, 1952-1957 жж. республикалық «Қазақстан пионері» газетіде бөлім меңгерішісі, 1957-1961 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінде жауапты хатшы, 1965-1972 жж. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1972-1975 жж. Қазақ мемлекеттік кітап палатасының директоры, 1975-1978 жж. «Жалын» баспасының директоры қызметтерін атқарды.

Үлкенді-кішілі отыздан астам кітабы жарық көрген.

Тұңғыш өлеңдері 1947 жылдан жариялана бастады. «Өмір гүлі», «Саяхатта», «Ол кезде он үште едік», «Үйелмелі-сүйелмелі», «Жасырынбақ», «Әр қашан күн сөнбесін», «Аршында балақай» поэзиялық жинақтары жас жеткіншектерге арналды. «Әке жолы» поэмасы, «Шуақты күндер», «Жарқын жағалау» т.б. жыр кітаптары туған жерге деген пәк сезімді, совет адамдарының асыл мұратын толғаса, «Армысың, Арабстан» жинағы халықтар достығын жырлайды. «Ойлайық та ойлайық» пьесасы, «Ел жатса да, енекем жатпайды» әңгімелер жинақтары жарық көрді.

Чех жазушысы Ян Дрданың «Май күндерінде» повесін, О.Гончардың «Қоңырау» романын, Гарсиа Лорканың «Қасіретті қайыңдар», И.Куприяновтың «Вьетнам жұлдызы» пьесаларын, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, К.Л.Хетагуров, Н.Хикмет, М.Луконин т.б. ақындардың көптеген өлеңдерін қазақ тіліне аударған.

Қазақ КСР-нің Құрмет Грамотасымен, «Еңбектегі ерлігі үшін», т.б. медальдармен марапатталған. Халық ағарту ісінің озық қызметкері.

Дереккөзі: Павлодар облысының әкімідігі

Бөлісу: