Беркімбайұлы Естай

8 Сәуір 2013, 03:42

Естай (Есмағамбет) Беркімбайұлы 1868 жылы Павлодар облысы, Екібастұз ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келген. Әнші,ақын, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1939), Қазақстан Композиторлар одағының алғашқы мүшелерінің бірі (1940). Анасы Күлипа, нағашысы Байтұлым да әнші болған. Естай олардан көптеген жыр, дастан, толғаулар үйренді. Әнге деген құмарлығы 7-8 жасынан-ақ байқалады. Өз замандастары секілді халықтың өнер, білім мектебінің қызығына жастайынан кірісіп, «Әнші бала», «Беркімбайдың әнші баласы», «Естай-әнші жігіт» атанып өседі. Ауыл аймақтағы той-думан, айтыс, жыр өнерлерінің майталмандарының әсем әндері, күйлері Естайға үлкен әсер етіп, серілік сал жігіт, қыздардың қасынан қалмай өсе келе, 16 жасында Біржан салды тыңдап, ұмытылмастай әсер алады. Ақан серімен танысады, олардың өнеріне, бойларындағы әдемілік, көркемдік, ақындық, әншілік мәдениетіне ғашық болып, өзіне ұстаз тұтып бірге жүреді. Бұл халық арасында дәрежесінің көтеріліп, танылуына әсер етеді 16-18 жасынан бастап той-думандарға арнаулы шақырылуы, болашақ өнерпазға үлкен шабыт береді. Сондай-ақ, Е.Жарылғапберді, Балуан Шолақ, Сәтімағанбет, Үкілі Ыбырай, Шашубай сынды әнші-ақындармен бірге үлкен жиындарда (Омбы, Қараөткел, Көкшетау, Қызылжар, Семей, Кереку, Зайсан, Тарбағатай, Жетісу, Алматы) ән салып, халыққа танымал болады.Естай ақындық, орындаушылық өнерімен қатар шебер композитор ретінде де белгілі. Оның әндері сал-серілер дәстүрін ілгері дамытты. Естай әндерінің құрылымы, мазмұны, шарықтау шыңы, ырғақ ерекшеліктерімен ән мәдениетіне, өзіне тән жаңалық әкелгендігін академик Ахмет Жұбанов, фольклоршы-этнограф А.В. Затаевичтер өз еңбектерінде дәлірек көрсетеді. Композитордың алғашқы туындысы - «Шолпан қаққан» әні. Сүйіспеншілік табиғатының ән ұранына айналған Естайдың өз басынан өткен махаббаттың әсерінен туған «Қорлан» әні бүгін де, келешекте де өміршеңдігімен бүкіл халықтардың есінде мәңгі-аңыз болып, өзінің музыкалы-эстетикалық, көркемдік нәзік сырымен жастарға, ләззаттық нәрін тарта береді. Оның «Жай қоңыр», «Наз қоңыр», «Майда қоңыр», «Сандуғаш», «Юран-ай», «Бір мысқал», «Шоқ қара ағаш», «Ашу пышақ», «Дүние-ай», «Еркем», «Гүлнарайым», «Қоштасу», «Ғашық», «Қаламқас», «Қара көз», «Құрбылар», «Өмір», «Қоңыр жел» т.б. ән шығармашылығы қазақ халқының ән мәдениетінің шоқтық биіктері, інжу-маржаны, қайталанбас өнер байлығы. Ал классик. «Хорлан», «Құсни-Қорлан» әндері Естайдың есімін аңызға айналдырды. Естайдың әндерін тұңғыш рет нотаға түсірген А.В. Затаевич болатын. 1939 жылы Алматыға келіп, музыка зерттеуші әрі композитор Б.Г. Ерзаковичке өз әндерін нотаға түсіртеді. Естай шығармашылығы да басқа халықтардың өнер, мәдениет тарихында кездеспейтін дарындылық қазақ халқының шығармашылығында азды-көпті кездесіп тұруы кездейсоқ қасиет болмаса керек. Бұл өзінше жеке салыстырмалы түрде зерттеліп баға беретін сала деп білеміз. Естай шығармашылығын композиторлар М. Төлебаев «Біржан-Сара», Е. Брусиловский «Ер Тарғын» операларында «Қорлан» әнін пайдаланған, ал А.Ш. Шаргорводский, С.И. Шабельский қобыз бен оркестрге арналған концертінде арқау ретінде орынды пайдаланған. Ескі ғасырдың куәгері Естай әлеуметтік жаңа өмірге арнап «Туды күнім, құрбылар», «Өмір», «Қоңыр», «Жел» атты елді, Отанды, жерді құрметтеуге шақыратын патриоттық әндерді халқына тарту етті. 1939 жылы Қазақстан Республикасы композиторлар одағының мүшесі, «Еңбегі сіңген өнер қайраткері» құрметті атақтары берілді. Осы жылдары жыр алыбы Жамбылмен кездеседі, батасын алады. Музыка зерттеуші - Б.Г. Ерзаковичпен кездесіп көптеген әндер жаздырады. 1945 жылдары Отан соғысы тақырыптарына арнап жеңіс әндерін шығарады, Абайдың туғанына 100 жылдық салтанатына қатысады, Нұрлыбек, Төлеу, Сапарғали, Нартай ақындармен өнер жарысына түседі. Ақын М. Әлімбаев «Естай-Қорлан» поэмасын (1968) дарынды әнші, композиторға арнаған. 1946 жылғы 15 наурызда Куйбышев ауданы, Харков совхозының үшінші бөлімшесінде 73 жасында қайтыс болады. Сол ауылда ақынның 100 жылдық мерейтойында «Естай» атағы беріліп, ескерткіш орнатылған. Ақын есімі Павлодар, Екібастұз қалалары және Ақтоғай ауданындағы көшелерге берілген. Сонымен қатар, облыс халықтарының сұрауымен ақын есімі Павлодар қаласындағы мәдениет сарайына беріліп және өзінің туып өскен елді мекені «Қаражар» ауылына ескерткіш орнатылды. Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі

Естай (Есмағамбет) Беркімбайұлы 1868 жылы Павлодар облысы, Екібастұз ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келген. Әнші,ақын, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1939), Қазақстан Композиторлар одағының алғашқы мүшелерінің бірі (1940). Анасы Күлипа, нағашысы Байтұлым да әнші болған. Естай олардан көптеген жыр, дастан, толғаулар үйренді. Әнге деген құмарлығы 7-8 жасынан-ақ байқалады.

Өз замандастары секілді халықтың өнер, білім мектебінің қызығына жастайынан кірісіп, «Әнші бала», «Беркімбайдың әнші баласы», «Естай-әнші жігіт» атанып өседі. Ауыл аймақтағы той-думан, айтыс, жыр өнерлерінің майталмандарының әсем әндері, күйлері Естайға үлкен әсер етіп, серілік сал жігіт, қыздардың қасынан қалмай өсе келе, 16 жасында Біржан салды тыңдап, ұмытылмастай әсер алады. Ақан серімен танысады, олардың өнеріне, бойларындағы әдемілік, көркемдік, ақындық, әншілік мәдениетіне ғашық болып, өзіне ұстаз тұтып бірге жүреді. Бұл халық арасында дәрежесінің көтеріліп, танылуына әсер етеді 16-18 жасынан бастап той-думандарға арнаулы шақырылуы, болашақ өнерпазға үлкен шабыт береді. Сондай-ақ, Е.Жарылғапберді, Балуан Шолақ, Сәтімағанбет, Үкілі Ыбырай, Шашубай сынды әнші-ақындармен бірге үлкен жиындарда (Омбы, Қараөткел, Көкшетау, Қызылжар, Семей, Кереку, Зайсан, Тарбағатай, Жетісу, Алматы) ән салып, халыққа танымал болады.Естай ақындық, орындаушылық өнерімен қатар шебер композитор ретінде де белгілі. Оның әндері сал-серілер дәстүрін ілгері дамытты. Естай әндерінің құрылымы, мазмұны, шарықтау шыңы, ырғақ ерекшеліктерімен ән мәдениетіне, өзіне тән жаңалық әкелгендігін академик Ахмет Жұбанов, фольклоршы-этнограф А.В. Затаевичтер өз еңбектерінде дәлірек көрсетеді. Композитордың алғашқы туындысы - «Шолпан қаққан» әні.

Сүйіспеншілік табиғатының ән ұранына айналған Естайдың өз басынан өткен махаббаттың әсерінен туған «Қорлан» әні бүгін де, келешекте де өміршеңдігімен бүкіл халықтардың есінде мәңгі-аңыз болып, өзінің музыкалы-эстетикалық, көркемдік нәзік сырымен жастарға, ләззаттық нәрін тарта береді. Оның «Жай қоңыр», «Наз қоңыр», «Майда қоңыр», «Сандуғаш», «Юран-ай», «Бір мысқал», «Шоқ қара ағаш», «Ашу пышақ», «Дүние-ай», «Еркем», «Гүлнарайым», «Қоштасу», «Ғашық», «Қаламқас», «Қара көз», «Құрбылар», «Өмір», «Қоңыр жел» т.б. ән шығармашылығы қазақ халқының ән мәдениетінің шоқтық биіктері, інжу-маржаны, қайталанбас өнер байлығы. Ал классик. «Хорлан», «Құсни-Қорлан» әндері Естайдың есімін аңызға айналдырды. Естайдың әндерін тұңғыш рет нотаға түсірген А.В. Затаевич болатын. 1939 жылы Алматыға келіп, музыка зерттеуші әрі композитор Б.Г. Ерзаковичке өз әндерін нотаға түсіртеді.

Естай шығармашылығы да басқа халықтардың өнер, мәдениет тарихында кездеспейтін дарындылық қазақ халқының шығармашылығында азды-көпті кездесіп тұруы кездейсоқ қасиет болмаса керек. Бұл өзінше жеке салыстырмалы түрде зерттеліп баға беретін сала деп білеміз.

Естай шығармашылығын композиторлар М. Төлебаев «Біржан-Сара», Е. Брусиловский «Ер Тарғын» операларында «Қорлан» әнін пайдаланған, ал А.Ш. Шаргорводский, С.И. Шабельский қобыз бен оркестрге арналған концертінде арқау ретінде орынды пайдаланған.

Ескі ғасырдың куәгері Естай әлеуметтік жаңа өмірге арнап «Туды күнім, құрбылар», «Өмір», «Қоңыр», «Жел» атты елді, Отанды, жерді құрметтеуге шақыратын патриоттық әндерді халқына тарту етті.

1939 жылы Қазақстан Республикасы композиторлар одағының мүшесі, «Еңбегі сіңген өнер қайраткері» құрметті атақтары берілді.

Осы жылдары жыр алыбы Жамбылмен кездеседі, батасын алады. Музыка зерттеуші - Б.Г. Ерзаковичпен кездесіп көптеген әндер жаздырады. 1945 жылдары Отан соғысы тақырыптарына арнап жеңіс әндерін шығарады, Абайдың туғанына 100 жылдық салтанатына қатысады, Нұрлыбек, Төлеу, Сапарғали, Нартай ақындармен өнер жарысына түседі. Ақын М. Әлімбаев «Естай-Қорлан» поэмасын (1968) дарынды әнші, композиторға арнаған.

1946 жылғы 15 наурызда Куйбышев ауданы, Харков совхозының үшінші бөлімшесінде 73 жасында қайтыс болады. Сол ауылда ақынның 100 жылдық мерейтойында «Естай» атағы беріліп, ескерткіш орнатылған. Ақын есімі Павлодар, Екібастұз қалалары және Ақтоғай ауданындағы көшелерге берілген. Сонымен қатар, облыс халықтарының сұрауымен ақын есімі Павлодар қаласындағы мәдениет сарайына беріліп және өзінің туып өскен елді мекені «Қаражар» ауылына ескерткіш орнатылды.

Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі

Бөлісу: