Рамазан Айыпұлы Тоқтаров. Тыныбайтегі Ақын. Сергей Павлович Шевченко

8 Сәуір 2013, 03:37

Рамазан Айыпұлы Тоқтаров 1935 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. 1957 жылы Алматы шет тілдері институтының француз тілі факультетін бітірген. Институтты аяқтаған соң Павлодарға оралып, Павлодар қаласы «Қызыл Ту» газетінің (қазіргі «Сарыарқа самалы») мәдениет және тұрмыс бөлімінің меңгерушісі болып істей бастайды. Кейін Тоқтаровты тағдыры «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақ әдебиеті» (1960-1966 жылдары) газетімен табыстырады. 1966 жылдан 1976 жылға дейін проза бөлімінің меңгерушісі, кейін «Жазушы» баспасының аға редакторы; 1976 жылдан 1983 жылға дейін - Қазақстан жазушылар Одағы басқармасының мүшесі және проза бойынша кеңесші болды. 1989 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары болып істеген. «Ертіс перзенті» атты әңгімелер мен повестер жинағы 1962 жылы жарыққа шықты. Содан кейін балаларға арналған «Тыңнан келген бала» (1963 жылы) атты туындысы шығарылды. 1965 жылы автордың «Бақыт» атты алғашқы романы жарық көрді. Онда отбасындағы үлкен және кіші ұрпақтың арасындағы қарым-қатынас көрініс тапты. 1968-1969 жылдары «Ертіс мұхитқа құяды» деген екі дилогия кітабы баспа бетіне шықты. 1971 жылы «Солтүстік шұғыла» атты повестер мен әңгімелер жинағы жарық көрді. Кейін келе әр түрлі жылдарда «Тұлпардың сыны» (1975 жылы), «Ғасыр наны» (1983 жылы), «Сусамыр» (1985 жылы) романдары баспа бетіне таралады. Орыс тіліне Тоқтаровтың тек екі шығармасы ғана аударылған. Олар: «Иртыш впадает в океан» және «Степные корни» (1986 жылы). Жазушының 4 повесі бар. Олар: «Питомцы Иртыша», «Делегенская битва», «Звездный свет», «Северное сияние» тундра туралы повесі; 10 роман: «Счастье», «Иртыш впадает в океан», «Приметы скакуна». «Форма земли», «Степные корни», «Мужская дружба», «Секретный пергамент», «Палач», «Конец счастливого рабства». Автордың 1999 жылы жарыққа шыққан соңғы туындысы «Абайдың жұмбағы» романы болды. Осы роман үшін Р.Тоқтаров Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иесі лауазымын беруге лайық деп танылды. Шығармашылық уақытының төңірегінде Рамазан Тоқтаров көптеген әдеби-сын мақалалар, эссе, очерктер жазды. Аяқталмай қалған туындысы «Жабық жара» шығармасы. Рамазан Тоқтаров 2000 жылы 13 желтоқсанда қайтыс болды. 2002 жылы Павлодар қаласындағы Баспа үйінің қабырғасында мемориалдық тақта орнатылды. Тыныбайтегі Ақын 1943 жылы туған. 1967 жылы Монғолияның мемлекеттік техникалық университетінің жылу инженері мамандығын бітірген. Еңбек жолын Баян-Өлгий аймақтық жылу-электр станциясында инженер, цех бастығы болып бастап, онан кейін аймақтық жастар комитетінің бірінші хатшысы, партия комитетінде бөлім меңгерушісі, қазақ музыкалық драма театрының директоры қатарлы қызметтерде жүріп, 1992 жылы шілде айында ата-мекенге көшіп келген. 1992-1996 жылдың соңына дейін Лебяжі ауданы Қызылағаш селолық округ әкімі, 1997-2006 жылдарда облыстық статистка басқармасында экономист қызметін атқарып, құрметті демалысқа шыққан. «Менің анам», «Елім-жерім», «Ана жүрегі», «Сүйіктім менің» атты әңгіме повестер жинағы, «Асулар» романы жарық көрген. Өлеңдері түрлі газет, журналдарда жарияланып келеді. «Атадан қалған тұяқ», «Тағдыр» спектакельдері мен ондаған шағын көрністері театр сахналарында қойылған. Таңдамалы шығармалар жинағы 1985 жылы Ұланбатырда монғол тілінде басылып шыққан. 1990 жылдан Монғолия, 1993 жылдан Қазақстан Жазушылыр одағының мүшесі. Сергей Павлович Шевченко (21.10.1927 ж., Солтүстік Қазақстан облысы Борки ауылы - 19.06.2001ж., Павлодар қаласы) - жазушы, тілші, өлкетанушы. 1948 жылы Петропавл қаласы мұғалімдер институтының филология факультетін аяқтаған. 1949-50 жж. жеті жылдық мектептің директоры болып жұмыс істеген. 1951 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан ОблХББ инспекторы, Омбы педагогикалық институтының оқытушысы, проректоры болған. 1965 жылы теледидар студиясын ашу үшін Павлодар қаласына жіберіледі. Студияны он үш жыл бойы басқарған. «Зеленая лампа» бағдарламасын жүргізіп, «Надежда» жастар шығармашылық тобын басқарған. Бұдан кейін облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің бас редакторы болып жұмыс істеген. 1979-80 жж. «Октябрь» зауытының мұражайын ашты. Павел Васильев мұражайының ғылыми қызметкері, облыстық тарихи-географиялық қоғам жанындағы әдеби қызметкері болған. Сергей Павлович Шевченкомен он бес кітап жазылған, соның ішінде «Наследство» романы, «Пушки грохотали далеко», «Сегодня вы увидите», «На краю света», «Да свершится», «Зимние каникулы» повесттері; Павел Васильев туралы «Будет вам помилование, люди» кітабы бар. Сергей Шевченко «П.Васильев. Таңдаулы» кітабының құрастырушысы, көптеген телесценарийлер, очерктер, мақалалар т.б. авторы. Жазушының «Халықтық білім үздігі», «Теледидар және радио үздігі», «Шахтер белгісі» (Екібастұз туралы очерктер сериясы үшін) наградалары бар. Дереккөзі: Павлодар ьоблысының әкімдігі

Рамазан Айыпұлы Тоқтаров 1935 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. 1957 жылы Алматы шет тілдері институтының француз тілі факультетін бітірген. Институтты аяқтаған соң Павлодарға оралып, Павлодар қаласы «Қызыл Ту» газетінің (қазіргі «Сарыарқа самалы») мәдениет және тұрмыс бөлімінің меңгерушісі болып істей бастайды. Кейін Тоқтаровты тағдыры «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақ әдебиеті» (1960-1966 жылдары) газетімен табыстырады.

1966 жылдан 1976 жылға дейін проза бөлімінің меңгерушісі, кейін «Жазушы» баспасының аға редакторы; 1976 жылдан 1983 жылға дейін - Қазақстан жазушылар Одағы басқармасының мүшесі және проза бойынша кеңесші болды. 1989 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары болып істеген.

«Ертіс перзенті» атты әңгімелер мен повестер жинағы 1962 жылы жарыққа шықты. Содан кейін балаларға арналған «Тыңнан келген бала» (1963 жылы) атты туындысы шығарылды. 1965 жылы автордың «Бақыт» атты алғашқы романы жарық көрді. Онда отбасындағы үлкен және кіші ұрпақтың арасындағы қарым-қатынас көрініс тапты. 1968-1969 жылдары «Ертіс мұхитқа құяды» деген екі дилогия кітабы баспа бетіне шықты. 1971 жылы «Солтүстік шұғыла» атты повестер мен әңгімелер жинағы жарық көрді. Кейін келе әр түрлі жылдарда «Тұлпардың сыны» (1975 жылы), «Ғасыр наны» (1983 жылы), «Сусамыр» (1985 жылы) романдары баспа бетіне таралады. Орыс тіліне Тоқтаровтың тек екі шығармасы ғана аударылған. Олар: «Иртыш впадает в океан» және «Степные корни» (1986 жылы).

Жазушының 4 повесі бар. Олар: «Питомцы Иртыша», «Делегенская битва», «Звездный свет», «Северное сияние» тундра туралы повесі; 10 роман: «Счастье», «Иртыш впадает в океан», «Приметы скакуна». «Форма земли», «Степные корни», «Мужская дружба», «Секретный пергамент», «Палач», «Конец счастливого рабства». Автордың 1999 жылы жарыққа шыққан соңғы туындысы «Абайдың жұмбағы» романы болды. Осы роман үшін Р.Тоқтаров Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иесі лауазымын беруге лайық деп танылды.

Шығармашылық уақытының төңірегінде Рамазан Тоқтаров көптеген әдеби-сын мақалалар, эссе, очерктер жазды. Аяқталмай қалған туындысы «Жабық жара» шығармасы.

Рамазан Тоқтаров 2000 жылы 13 желтоқсанда қайтыс болды. 2002 жылы Павлодар қаласындағы Баспа үйінің қабырғасында мемориалдық тақта орнатылды.

Тыныбайтегі Ақын 1943 жылы туған. 1967 жылы Монғолияның мемлекеттік техникалық университетінің жылу инженері мамандығын бітірген. Еңбек жолын Баян-Өлгий аймақтық жылу-электр станциясында инженер, цех бастығы болып бастап, онан кейін аймақтық жастар комитетінің бірінші хатшысы, партия комитетінде бөлім меңгерушісі, қазақ музыкалық драма театрының директоры қатарлы қызметтерде жүріп, 1992 жылы шілде айында ата-мекенге көшіп келген.

1992-1996 жылдың соңына дейін Лебяжі ауданы Қызылағаш селолық округ әкімі, 1997-2006 жылдарда облыстық статистка басқармасында экономист қызметін атқарып, құрметті демалысқа шыққан.

«Менің анам», «Елім-жерім», «Ана жүрегі», «Сүйіктім менің» атты әңгіме повестер жинағы, «Асулар» романы жарық көрген.

Өлеңдері түрлі газет, журналдарда жарияланып келеді.

«Атадан қалған тұяқ», «Тағдыр» спектакельдері мен ондаған шағын көрністері театр сахналарында қойылған. Таңдамалы шығармалар жинағы 1985 жылы Ұланбатырда монғол тілінде басылып шыққан.

1990 жылдан Монғолия, 1993 жылдан Қазақстан Жазушылыр одағының мүшесі.

Сергей Павлович Шевченко (21.10.1927 ж., Солтүстік Қазақстан облысы Борки ауылы - 19.06.2001ж., Павлодар қаласы) - жазушы, тілші, өлкетанушы.

1948 жылы Петропавл қаласы мұғалімдер институтының филология факультетін аяқтаған.

1949-50 жж. жеті жылдық мектептің директоры болып жұмыс істеген.

1951 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан ОблХББ инспекторы, Омбы педагогикалық институтының оқытушысы, проректоры болған.

1965 жылы теледидар студиясын ашу үшін Павлодар қаласына жіберіледі. Студияны он үш жыл бойы басқарған. «Зеленая лампа» бағдарламасын жүргізіп, «Надежда» жастар шығармашылық тобын басқарған.

Бұдан кейін облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің бас редакторы болып жұмыс істеген.

1979-80 жж. «Октябрь» зауытының мұражайын ашты. Павел Васильев мұражайының ғылыми қызметкері, облыстық тарихи-географиялық қоғам жанындағы әдеби қызметкері болған.

Сергей Павлович Шевченкомен он бес кітап жазылған, соның ішінде «Наследство» романы, «Пушки грохотали далеко», «Сегодня вы увидите», «На краю света», «Да свершится», «Зимние каникулы» повесттері; Павел Васильев туралы «Будет вам помилование, люди» кітабы бар.

Сергей Шевченко «П.Васильев. Таңдаулы» кітабының құрастырушысы, көптеген телесценарийлер, очерктер, мақалалар т.б. авторы.

Жазушының «Халықтық білім үздігі», «Теледидар және радио үздігі», «Шахтер белгісі» (Екібастұз туралы очерктер сериясы үшін) наградалары бар.

Дереккөзі: Павлодар ьоблысының әкімдігі

Бөлісу: