Поминов Юрий Дмитриевич

8 Сәуір 2013, 03:27

Юрий Дмитриевич Поминов - Павлодар облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің бас редакторы. Юрий Дмитриевич 1953 жылы 22 ақпан күні Новосибирск облысында дүниеге келген. Әйелі - Ольга Николаевна Григорьева, тілші, ақын. Үш ұлы бар: Данил, Дмитрий, Павел. 1977 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің «журналистика» факультетін бітірген. Бітірген соң, Павлодар облыстық «Звезда Прииртышья» газетінде тілші, редактордың орынбасары, 1988 жылдан бастап осы газеттің редакторы болып жұмыс істеуде. Юрий Дмитриевич қазақстандық «Нива» әдеби-көркем және қоғамдық-саяси журналының редакциялық кеңесінің мүшесі (Астана қ.). Павлодар облыстық Қазақстан тілшілер одағы ұйымының төрағасы. Қазақстан Компартиясы облыстық комитетінің бюро мүшесі, Павлодар облыстық халық депутатары одағының депутаты болып сайланған. ҚР екі құрмет грамотасымен, мерейтойлық медальдермен, «Павлодар облысына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен наградталған. 2008 жылы Ю.Д. Поминов Қазақстанның үздік орыс тіліндегі газет редакторы ретінде, Г.И. Толмачев атындағы премиясымен марапатталды. 2009 жылы ол «Қазақстан Республикасының атақты журналисті» атағына ие болды, ол «Қазақстандық әдебиет - 2000» сайысының 1980, 2000 және 2003 жылдар премиясның лауреаты. Жазушы Новосибирск облыстық Ресей тілшілер одағы ұйымымен бекітілген «Отандық журналистика алдындағы еңбегі үшін» үшінші және екінші дәрежелі орденімен наградталған. Павлодар қаласы Инновациялық Еуразиялық университетінің доценті. Юрий Дмитриевич «Крупяной клин», «Помню и люблю», «Характеры», «Живу», «Мои современники», «Блёстки», «Между прошлым и будущим», «Хроника смутного времени» (бірінші және екінші) кітаптарының, сондай-ақ бірқатар ұжымдық жинақтардың авторы болып табылады. Юрий Поминовтың мақалалары «Журналист», «Огонек», «Простор», «Нива», «Южная звезда» журналдарында жарияланып тұрды. Ол «Крупяной клин», «Помню и люблю», «Характеры», «Живу», «Мои современники», «Между прошлым и будущим», «Блёстки» кітаптарының авторы. «Хроника смутного времени: записки редактора» атты кітаптары жарық көрді. Кітаптың бірінші бөлімінде қайта құру жылдарының бірегей жазбалары, облыстың ғана емес, сонымен қатар бүкіл елдің өмір хроникасы туралы баяндалған және ол 2007 жылы Павлодар қаласында жарыққа шыққан. «Хроника смутного времени: записки редактора» хроникалық-деректі публицистикалық зерттеуі, ең басты кітап деп саналады. Бұл трилогия өзіндік бірегей, онымен СССР ыдырыаушылық тарихын және тәуелсіз мемлекеттің құрылуын зерттеуге болады. Негізгі жұмыстан басқа Ю.Д. Поминовта қоғамдық қызметтер де аз емес. Ол - «Нива» әдеби-көркем және саяси-қоғамдық журналының редакциялық кеңесінің мүшесі. (Астана қаласы), Қазақстанның журналисттер Одағының Павлодар облысы ұйымының төрағасы, Еуразиялық инновациялық университетінің доценті. Қазақстан Республикасының екі құрмет грамоталарымен, «Павлодар облысының алдында қызметі үшін» белгісімен марапатталған. Іргелес ресей аймақ журналисттерімен қарым-қатынасты нығайтқаны үшін, Новосібір облыстық ұйымымен бекітілген, Ресей журналисттер Одағының, «Отандық журналистика алдында қызметі үшін» үшінші және екінші деңгейлі орденмен марапатталды. Дереккөзі: Павлодар облысының әкімдігі

Юрий Дмитриевич Поминов - Павлодар облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің бас редакторы.

Юрий Дмитриевич 1953 жылы 22 ақпан күні Новосибирск облысында дүниеге келген. Әйелі - Ольга Николаевна Григорьева, тілші, ақын. Үш ұлы бар: Данил, Дмитрий, Павел.

1977 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің «журналистика» факультетін бітірген. Бітірген соң, Павлодар облыстық «Звезда Прииртышья» газетінде тілші, редактордың орынбасары, 1988 жылдан бастап осы газеттің редакторы болып жұмыс істеуде.

Юрий Дмитриевич қазақстандық «Нива» әдеби-көркем және қоғамдық-саяси журналының редакциялық кеңесінің мүшесі (Астана қ.).

Павлодар облыстық Қазақстан тілшілер одағы ұйымының төрағасы.

Қазақстан Компартиясы облыстық комитетінің бюро мүшесі, Павлодар облыстық халық депутатары одағының депутаты болып сайланған.

ҚР екі құрмет грамотасымен, мерейтойлық медальдермен, «Павлодар облысына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен наградталған.

2008 жылы Ю.Д. Поминов Қазақстанның үздік орыс тіліндегі газет редакторы ретінде, Г.И. Толмачев атындағы премиясымен марапатталды. 2009 жылы ол «Қазақстан Республикасының атақты журналисті» атағына ие болды, ол «Қазақстандық әдебиет - 2000» сайысының 1980, 2000 және 2003 жылдар премиясның лауреаты.

Жазушы Новосибирск облыстық Ресей тілшілер одағы ұйымымен бекітілген «Отандық журналистика алдындағы еңбегі үшін» үшінші және екінші дәрежелі орденімен наградталған. Павлодар қаласы Инновациялық Еуразиялық университетінің доценті.

Юрий Дмитриевич «Крупяной клин», «Помню и люблю», «Характеры», «Живу», «Мои современники», «Блёстки», «Между прошлым и будущим», «Хроника смутного времени» (бірінші және екінші) кітаптарының, сондай-ақ бірқатар ұжымдық жинақтардың авторы болып табылады.

Юрий Поминовтың мақалалары «Журналист», «Огонек», «Простор», «Нива», «Южная звезда» журналдарында жарияланып тұрды. Ол «Крупяной клин», «Помню и люблю», «Характеры», «Живу», «Мои современники», «Между прошлым и будущим», «Блёстки» кітаптарының авторы. «Хроника смутного времени: записки редактора» атты кітаптары жарық көрді. Кітаптың бірінші бөлімінде қайта құру жылдарының бірегей жазбалары, облыстың ғана емес, сонымен қатар бүкіл елдің өмір хроникасы туралы баяндалған және ол 2007 жылы Павлодар қаласында жарыққа шыққан.

«Хроника смутного времени: записки редактора» хроникалық-деректі публицистикалық зерттеуі, ең басты кітап деп саналады. Бұл трилогия өзіндік бірегей, онымен СССР ыдырыаушылық тарихын және тәуелсіз мемлекеттің құрылуын зерттеуге болады.

Негізгі жұмыстан басқа Ю.Д. Поминовта қоғамдық қызметтер де аз емес. Ол - «Нива» әдеби-көркем және саяси-қоғамдық журналының редакциялық кеңесінің мүшесі. (Астана қаласы), Қазақстанның журналисттер Одағының Павлодар облысы ұйымының төрағасы, Еуразиялық инновациялық университетінің доценті.

Қазақстан Республикасының екі құрмет грамоталарымен, «Павлодар облысының алдында қызметі үшін» белгісімен марапатталған. Іргелес ресей аймақ журналисттерімен қарым-қатынасты нығайтқаны үшін, Новосібір облыстық ұйымымен бекітілген, Ресей журналисттер Одағының, «Отандық журналистика алдында қызметі үшін» үшінші және екінші деңгейлі орденмен марапатталды.

Дереккөзі: Павлодар облысының әкімдігі

Бөлісу: