Жазушы, журналист, аудармашы Ахат Имантайұлы Жақсыбаев 1940 жылы 5 шілдеде Павлодар қаласында туған. Орта мектепті бітірген соң 1958-1960 жылдары Екібастұз қаласында дренажды шахтада жұмыс істеді. 1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетіндегі филология факультетінің журналистика бөлімін бітірді. 1965-1967 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1967-1972 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, 1972-1993 жылдары «Жұлдыз» журналында жауапты хатшы, 1993-1997 жылдарында «Қазақ әдебиеті» газетінде бас редактор, ал 1997-2000 жылдары «Ақиқат» журналының бас редакторы қызметін атқарды. 2000 жылы жаңадан құрылған және «Ұлан», «Дружные ребята» газеттері мен «Ақ желкен», «Балдырған» журналдарын қамтитын «Жас өркен» ашық акционерлік қоғамның президенті болып тағайындалды.
2005 жылдың шілде айында «Жас өркен» ашық акционерлік қоғамы «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта құрылуына байланысты «Жас өркен» ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалды. 2007 жылдың ақпан айында қызметінен босатылып зейнетке шығып, еркін шығармашылық жұмысқа көшті.
Жазушы Ахат Жақсыбаев қазақ баспасөзінде ұзақ жылдар басшылық қызметте боп, журналистиканың жақсы дәстүрлерін қалыптастыруда, ұлтымыздың қоғамдық ойының биіктеуіне көп еңбек сіңірді. Журналистика саласында шығармашылық қуаты мол қарымды қаламгер ретінде елге танылды.
Ахат Жақсыбаев аудармашы ретінде де кеңінен танылды. 1986 жылы Го Хаггардтың «Маргарет ару» романы «Жалын» баспасында қазақ тілінде жарыққа шықты. Сонымен қоса, Рой Медведевтің «Сталиннің серіктері» және Әнуар Әлімжановтың «Таным» повесін орыс тіліне аударған болатын.
Бұларға қоса әр жылдарда «Уақыт және қаламгер», «Сөзстан», «Бесжылдық белестері» жинақтарымен жекелеген очерктері жарық көрді.
Ахат Имантайұлы 1971 жылдан бері Жазушылар одағының мүшесі, 1976 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, ал 1993 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы боп сайланды.
1991 жылы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағы берілді. 1978 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, 2002 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
2007 жылы Ахат Имантайұлы Жақсыбаевқа «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы берілді.
Дереккөзі: Павлодар облысының әкімдігі