Григорьева Ольга Николаевна

8 Сәуір 2013, 03:07

Ольга Николаевна Григорьева 1957 жылдың 25 сәуірінде Новосибирск қаласында дүниеге келген. 1971 жылдан бастап Қазақстанда (1977 жылдан бастап Павлодар қаласында) тұрады. С.М. Киров атындағы мемлекеттік университетінің (Алматы) журналистика факультетін аяқтаған. Ольга Николаевна «Данилкин кораблик» (А., 1985), «Ертіске саяхат» (А., 1989), «Бузиктің шытырман оқиғалары» (А, 1991), «Солнечный мячик» (А,1 998), «Солнечный мячик» (Павлодар, 2000), «Павлодарлық әліппе» (Павлодар, 2005), «Тәрбиелі бала» (Павлодар, 2006), «Омбы әліппесі» (Омбы, 2007) сияқты балаларға арналған кітаптардың авторы болып табылады. Сонымен қатар «Середина сентября» (Павлодар, 1993), «Мәңгі сюжет» (Павлодар, 1996), «Жалғыз тұрған ағаш» (Павлодар, 1998), «Есік» (Павлодар, 1999), «Менің достарым ән салады» (Павлодар, 2001), «Павлодардан ізгі ниетпен» (Павлодар, 2003), «Никогда не оглядывайся» (Павлодар, 2005), «Из семи тетрадей» (Павлодар, 2007), «Фотоөлеңдер» (Павлодар, 2007) поэтикалық кітаптары, «Вы - история, не поколение» (Павлодар, 2002), «Золотой песок бытия» (Павлодар, 2006) очерк кітаптарының авторы. Ольга Григорьеваның өлеңдері мен очерктері «Студенческий меридиан» (Мәскеу), «Миша» (Мәскеу), «Складчина» (Омбы), «Омская муза» (Омбы), «Нива» (Астана), «Простор» (Алма-Ата), альманахе «Южная звезда» (Ростов-на Дону) журналдарында, «Русская словесность в мировом культурном контексте» (Мәскеу, Достоевский қоры, 2004) Халықаралық Конгресс материалдарының жинағында және басқа да ғылыми жинақтарда басылды. Ольга Григорьеваның өлеңдері «Современное русское зарубежье» (М., 2005) 7-томдық антологиясына енді. Шығыс Қазақстан драма театрының (Өскемен) сахнасында Ольга Григорьеваның «Дочери царя» пьесасы бойынша «Марина Цветаева» қойылымы өтуде. Павлодар облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің мәдениет мәселесі бойынша шолушысы болып жұмыс істейді. Қазақстан тілшілер одағының мүшесі. «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісімен наградталған. 2008 жылдың 25 тамыз күні Мәскеу қаласы «Марина Цветаеваның мұражай-үйі» мәдени орталығында М.И. Цветаева атындағы екінші халықаралық әдеби сыйлығына ие болды. Сыйлық екі номинация: қазіргі заман поэзиясы және М.И. Цветаеваның өмірі мен шығармашылығын зерттеу бойынша берілді. Цветаева атындағы сыйлық 2007 жылдан бастап бекітілген. Әділқазылар алқасы 2007-2008 жылдары шығарылған 26 поэтикалық жинақты бағалады. Шығармашылық мұраға зор үлес қосқаны үшін М.И. Цветаева атындағы сыйлық, Қазақстан тілшілер одағының мүшесі, Павлодар облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің мәдениет мәселесі жөніндегі шолушысы, ақын Ольга Николаевна Григорьеваға табыс етілді. Конкурсқа ұсынылған шығармалардың арасынан ақынның «Из семи тетрадей» жинағы ең үздік болып танылды. О.Григорьева «2007 жылдың үздік балалар тілшісі» номинациясындағы «Балалық шақ досы» құрметті лауазымына ие болған. Дереккөзі: Павлодар облысының әкімдігі

Ольга Николаевна Григорьева 1957 жылдың 25 сәуірінде Новосибирск қаласында дүниеге келген.

1971 жылдан бастап Қазақстанда (1977 жылдан бастап Павлодар қаласында) тұрады. С.М. Киров атындағы мемлекеттік университетінің (Алматы) журналистика факультетін аяқтаған.

Ольга Николаевна «Данилкин кораблик» (А., 1985), «Ертіске саяхат» (А., 1989), «Бузиктің шытырман оқиғалары» (А, 1991), «Солнечный мячик» (А,1 998), «Солнечный мячик» (Павлодар, 2000), «Павлодарлық әліппе» (Павлодар, 2005), «Тәрбиелі бала» (Павлодар, 2006), «Омбы әліппесі» (Омбы, 2007) сияқты балаларға арналған кітаптардың авторы болып табылады.

Сонымен қатар «Середина сентября» (Павлодар, 1993), «Мәңгі сюжет» (Павлодар, 1996), «Жалғыз тұрған ағаш» (Павлодар, 1998), «Есік» (Павлодар, 1999), «Менің достарым ән салады» (Павлодар, 2001), «Павлодардан ізгі ниетпен» (Павлодар, 2003), «Никогда не оглядывайся» (Павлодар, 2005), «Из семи тетрадей» (Павлодар, 2007), «Фотоөлеңдер» (Павлодар, 2007) поэтикалық кітаптары, «Вы - история, не поколение» (Павлодар, 2002), «Золотой песок бытия» (Павлодар, 2006) очерк кітаптарының авторы.

Ольга Григорьеваның өлеңдері мен очерктері «Студенческий меридиан» (Мәскеу), «Миша» (Мәскеу), «Складчина» (Омбы), «Омская муза» (Омбы), «Нива» (Астана), «Простор» (Алма-Ата), альманахе «Южная звезда» (Ростов-на Дону) журналдарында, «Русская словесность в мировом культурном контексте» (Мәскеу, Достоевский қоры, 2004) Халықаралық Конгресс материалдарының жинағында және басқа да ғылыми жинақтарда басылды.

Ольга Григорьеваның өлеңдері «Современное русское зарубежье» (М., 2005) 7-томдық антологиясына енді.

Шығыс Қазақстан драма театрының (Өскемен) сахнасында Ольга Григорьеваның «Дочери царя» пьесасы бойынша «Марина Цветаева» қойылымы өтуде.

Павлодар облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің мәдениет мәселесі бойынша шолушысы болып жұмыс істейді.

Қазақстан тілшілер одағының мүшесі.

«Мәдениет қайраткері» құрмет белгісімен наградталған.

2008 жылдың 25 тамыз күні Мәскеу қаласы «Марина Цветаеваның мұражай-үйі» мәдени орталығында М.И. Цветаева атындағы екінші халықаралық әдеби сыйлығына ие болды. Сыйлық екі номинация: қазіргі заман поэзиясы және М.И. Цветаеваның өмірі мен шығармашылығын зерттеу бойынша берілді. Цветаева атындағы сыйлық 2007 жылдан бастап бекітілген.

Әділқазылар алқасы 2007-2008 жылдары шығарылған 26 поэтикалық жинақты бағалады. Шығармашылық мұраға зор үлес қосқаны үшін М.И. Цветаева атындағы сыйлық, Қазақстан тілшілер одағының мүшесі, Павлодар облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің мәдениет мәселесі жөніндегі шолушысы, ақын Ольга Николаевна Григорьеваға табыс етілді. Конкурсқа ұсынылған шығармалардың арасынан ақынның «Из семи тетрадей» жинағы ең үздік болып танылды.

О.Григорьева «2007 жылдың үздік балалар тілшісі» номинациясындағы «Балалық шақ досы» құрметті лауазымына ие болған.

Дереккөзі: Павлодар облысының әкімдігі

Бөлісу: