Васильев Павел Николаевич

8 Сәуір 2013, 03:05

Көрнекті орыс ақыны П.Васильевтің «шығармашылық бесігі» Поэзия шыңдарындағы ақынның майталман өлеңі мақталған, шексіз қазақ даласының хош иісі мен орыс өмірінің демі біріккен «саршатырлы қала» Павлодар болды. П. Васильев қаһарлы 37-ші жылы, талантының нағыз өркендеген кезінде қаза тапқан. 20 жыл бойы оның есімі мен поэзиясына тиым салынды. П. Васильев 1909 жылдың 23 желтоқсанында Зайсан қаласында (қазіргі Шығыс - Қазақстан облысы) қазақтар ортасында және шаруадан шыққан Павлодар көпесі қызының отбасында туған. Балалық шағы Павлодарда, Ертісте өтті. 1926 жылы П. Васильев Павлодар қаласында екінші сатылы мектепті бітірді. Он алты жасында Владивосток қаласына кетіп, Қиыр Шығыс университетіне, япон бөліміне шығыс тілдері факультетіне түсті. Сол жылдың желтоқсанында оқуын тастауға тура келді. Владивостокта П. Васильев Н. Асеев және Д. Бурлюковпен негізделген әдеби- көркемдік қоғам кештеріне қатысады. Оның өлеңдері П. Васильевтің бірінші көпшілікке орындауын ұйымдастырған Р. Ивнев және Л. Повицкиймен байқалған. 1926 жылы 6 қарашада «Красный молодняк» атты Владивосток газетінде П.Васильевтің бірінші «Октябрь» өлеңі басылып шығарылды. Бірқатар уақыт Новосибирск қаласында дене шынықтыру нұсқаушысы болып жұмыс істейді. Кейін саяхатқа жол салып, Оби, Енисей мен Амур бойында баржалар және кемелермен жүзді. Жапонияда болып қайтты. 1927 жылдан бастап ақынның шығармалары «Сибирские огни» журналында шығарыла бастады. 1927 жылдың шілдесінде П. Васильев В. Я. Брюсов атындағы жоғарғы әдеби- көркем институтында білімін жалғастыру мақсатымен Мәскеу қаласына келеді. Бұл жылдары институт жабық болғандықтан, Павел Васильев Сібірге қайтып оралады. 1928 жылдың басынан П. Васильев Омбы қаласында тұрады, осы уақытта оның отбасы сол қалаға көшіп келгендігі туралы «Рабочий путь» жергілікті газеті жазған. 1928 жылдың жазынан 1929 жылдың қазанына дейін «Сибирские огни» журналының тапсырмасы бойынша П. Васильев пен ақын Н. Титов Сібір және Қиыр Шығыс бойына жол жүруге аттанады. Көшпелі өмір оқиғалары «В золотой разведке» (1930 ж.) және «Люди в тайге» (1931ж.) кітаптарында, сонымен қатар 1929-1930 жж. «Красное знамя», «Голос рыбака» және «30 күн» журналында басылған очерктерде бейнеленген. 1929 жылдың күзінде Мәскеуге келіп, жоғарғы мемлекеттік әдеби курстарында оқиды. П. Васильев астаналық журналдар мен газеттерде белсенді түрде басылды. «Голос рыбака» газетінің тапсырмасы бойынша ол елдерді көп аралады. 1930 жылдың аяғында ақын «Песня о гибели казачьего войска» поэмасын аяқтады. П. Васильевтің шығармашылығында «Песни киргиз-казаков» өлеңі ерекше орын алады. Ол қазақ халқының ортасында көп өмір сүрді. Қазақ тілін, халық өнерін зерттегендігі кейін оған қазақ өлеңдері, аңыздар мен аңыз-әңгімелерінің сюжеттері, орыстың бос өлеңі үлгісінде, өлеңдердің біртума томтамасын шығаруға көмегін тигізді. 30-жылдар - оның шығармашылығында көбірек өркендеген кезең. Өз поэмаларының сансыз кейіпкерлерінің мінездері мен табиғат әлемін шеберлікпен суреттеген. Оның шығармашылығында лирика бағынышты орын алған. Барлық деректер, поэзиясының барлық бояулары оған Ертіс өңірінің туған қазақ елінен келген. Ең жақсы шығармасы «Соляной бунт» (1933 ж.). Сонымен қатар «Жаз» (1932 ж.), «Песня о гибели казачьего войска» (1928-1932 ж. 1957 жылы шығарылған), «Бір түн» (1933 ж.), «Август» (1932 - 1934 жж.), «Синицын және К» (1934 ж.), «Принц Фома» (1936 ж.), «Кулактар» (1936 ж.), «Христолюбоские ситцы» (1956 жылы ғана басылған) және т.б. П. Васильевтің өз заманының әлеуметтік қарама-қайшылығын шағылыстыратын, өткір даулылық поэмалары күштілігімен және бейнелердің мәнерлілігімен белгіленген. 1932 жылдың 4 наурызында П. Васильев «Сібір бригадасы» деп аталатын іс бойынша қамауға алынған. 1932 жылдың маусымында П.Васильев тұтқыннан босатылады. 1934 жылдың 14 маусымында «Правда» газетінде негізгі бөлігі П. Васильевке арналған М. Горькийдің «Әдеби қызығушылықтар туралы» мақаласы жарыққа шығады. Бұл мақаладан кейін оған өзін-өзі қорғаудан басқа түк қалмайды. «Түзелу» туралы уәде беріп жауап хат жазып жібереді. 1935 жылдың басында П.Васильев жазушылар одағынан шығарылады. 1935 жылдың тамызында П.Васильев Электросталь қаласындағы түзелу-еңбек колониясына жіберіледі. И. М. Гронскийдің (журналист және әдеби критик) көптеп жазған өтініштері де пайдасын тигізеді. 1936 жылдың наурызында П. Васильев Мәскеу қаласында болды. Осы жылдың жазында «Жаңа әлем» журналында оның «Кулактар» және «Принц Фома» поэмалары жарыққа шықты. Осыдан бастап ізіне түсудің жаңа кезеңі басталды. 1937 жылдың ақпанында П. Васильев тұтқындалып, 16 шілдеде Жоғарғы соттың үкімі бойынша атылған. Донский монастырь аумағындағы ағалар зиратында жерленген. Ақынның өмір сүрген кезінде жеке басылым болып екі кітабы ғана «Сібір туралы очерктер» (1930 ж.), және «Соляной бунт» (1933 ж.) поэмасы шыққан. 50-70 жылдары П. Васильевтің 7 ақындық шығармаларының жинағы басылып шықты. П. Васильев ... таң қаларлық тұлға. Ақын 27 жыл ғана өмір сүріп, қарапайым халықтың тағдыры мен қиыншылығын түсінетін, ашық жанды адам ретінде есте сақталып қалды. Ақын туралы естелік көшелердің аттарында, Орталық қалалық кітапханада, Павлодар қаласының әдеби бірлестігінде тұр. Қалада «П. Васильевтің мұражайы» жұмыс істейді. №9 мектепте П. Васильевтің мұражайы ұйымдастырылған. Васильев поэзиялары мерекесін өткізу дәстүрге айналды. Қаланың барлық оқу орындарында ақын- жерлесіміздің шығармалары оқылады. Дереккөзі: Павлодар облысының әкімдігі

Көрнекті орыс ақыны П.Васильевтің «шығармашылық бесігі» Поэзия шыңдарындағы ақынның майталман өлеңі мақталған, шексіз қазақ даласының хош иісі мен орыс өмірінің демі біріккен «саршатырлы қала» Павлодар болды.

П. Васильев қаһарлы 37-ші жылы, талантының нағыз өркендеген кезінде қаза тапқан. 20 жыл бойы оның есімі мен поэзиясына тиым салынды.

П. Васильев 1909 жылдың 23 желтоқсанында Зайсан қаласында (қазіргі Шығыс - Қазақстан облысы) қазақтар ортасында және шаруадан шыққан Павлодар көпесі қызының отбасында туған. Балалық шағы Павлодарда, Ертісте өтті. 1926 жылы П. Васильев Павлодар қаласында екінші сатылы мектепті бітірді. Он алты жасында Владивосток қаласына кетіп, Қиыр Шығыс университетіне, япон бөліміне шығыс тілдері факультетіне түсті. Сол жылдың желтоқсанында оқуын тастауға тура келді.

Владивостокта П. Васильев Н. Асеев және Д. Бурлюковпен негізделген әдеби- көркемдік қоғам кештеріне қатысады. Оның өлеңдері П. Васильевтің бірінші көпшілікке орындауын ұйымдастырған Р. Ивнев және Л. Повицкиймен байқалған. 1926 жылы 6 қарашада «Красный молодняк» атты Владивосток газетінде П.Васильевтің бірінші «Октябрь» өлеңі басылып шығарылды. Бірқатар уақыт Новосибирск қаласында дене шынықтыру нұсқаушысы болып жұмыс істейді. Кейін саяхатқа жол салып, Оби, Енисей мен Амур бойында баржалар және кемелермен жүзді. Жапонияда болып қайтты. 1927 жылдан бастап ақынның шығармалары «Сибирские огни» журналында шығарыла бастады.

1927 жылдың шілдесінде П. Васильев В. Я. Брюсов атындағы жоғарғы әдеби- көркем институтында білімін жалғастыру мақсатымен Мәскеу қаласына келеді. Бұл жылдары институт жабық болғандықтан, Павел Васильев Сібірге қайтып оралады. 1928 жылдың басынан П. Васильев Омбы қаласында тұрады, осы уақытта оның отбасы сол қалаға көшіп келгендігі туралы «Рабочий путь» жергілікті газеті жазған.

1928 жылдың жазынан 1929 жылдың қазанына дейін «Сибирские огни» журналының тапсырмасы бойынша П. Васильев пен ақын Н. Титов Сібір және Қиыр Шығыс бойына жол жүруге аттанады. Көшпелі өмір оқиғалары «В золотой разведке» (1930 ж.) және «Люди в тайге» (1931ж.) кітаптарында, сонымен қатар 1929-1930 жж. «Красное знамя», «Голос рыбака» және «30 күн» журналында басылған очерктерде бейнеленген.

1929 жылдың күзінде Мәскеуге келіп, жоғарғы мемлекеттік әдеби курстарында оқиды. П. Васильев астаналық журналдар мен газеттерде белсенді түрде басылды. «Голос рыбака» газетінің тапсырмасы бойынша ол елдерді көп аралады. 1930 жылдың аяғында ақын «Песня о гибели казачьего войска» поэмасын аяқтады.

П. Васильевтің шығармашылығында «Песни киргиз-казаков» өлеңі ерекше орын алады. Ол қазақ халқының ортасында көп өмір сүрді. Қазақ тілін, халық өнерін зерттегендігі кейін оған қазақ өлеңдері, аңыздар мен аңыз-әңгімелерінің сюжеттері, орыстың бос өлеңі үлгісінде, өлеңдердің біртума томтамасын шығаруға көмегін тигізді. 30-жылдар - оның шығармашылығында көбірек өркендеген кезең.

Өз поэмаларының сансыз кейіпкерлерінің мінездері мен табиғат әлемін шеберлікпен суреттеген. Оның шығармашылығында лирика бағынышты орын алған. Барлық деректер, поэзиясының барлық бояулары оған Ертіс өңірінің туған қазақ елінен келген. Ең жақсы шығармасы «Соляной бунт» (1933 ж.). Сонымен қатар «Жаз» (1932 ж.), «Песня о гибели казачьего войска» (1928-1932 ж. 1957 жылы шығарылған), «Бір түн» (1933 ж.), «Август» (1932 - 1934 жж.), «Синицын және К» (1934 ж.), «Принц Фома» (1936 ж.), «Кулактар» (1936 ж.), «Христолюбоские ситцы» (1956 жылы ғана басылған) және т.б. П. Васильевтің өз заманының әлеуметтік қарама-қайшылығын шағылыстыратын, өткір даулылық поэмалары күштілігімен және бейнелердің мәнерлілігімен белгіленген.

1932 жылдың 4 наурызында П. Васильев «Сібір бригадасы» деп аталатын іс бойынша қамауға алынған. 1932 жылдың маусымында П.Васильев тұтқыннан босатылады. 1934 жылдың 14 маусымында «Правда» газетінде негізгі бөлігі П. Васильевке арналған М. Горькийдің «Әдеби қызығушылықтар туралы» мақаласы жарыққа шығады. Бұл мақаладан кейін оған өзін-өзі қорғаудан басқа түк қалмайды. «Түзелу» туралы уәде беріп жауап хат жазып жібереді. 1935 жылдың басында П.Васильев жазушылар одағынан шығарылады. 1935 жылдың тамызында П.Васильев Электросталь қаласындағы түзелу-еңбек колониясына жіберіледі.

И. М. Гронскийдің (журналист және әдеби критик) көптеп жазған өтініштері де пайдасын тигізеді. 1936 жылдың наурызында П. Васильев Мәскеу қаласында болды. Осы жылдың жазында «Жаңа әлем» журналында оның «Кулактар» және «Принц Фома» поэмалары жарыққа шықты. Осыдан бастап ізіне түсудің жаңа кезеңі басталды. 1937 жылдың ақпанында П. Васильев тұтқындалып, 16 шілдеде Жоғарғы соттың үкімі бойынша атылған. Донский монастырь аумағындағы ағалар зиратында жерленген.

Ақынның өмір сүрген кезінде жеке басылым болып екі кітабы ғана «Сібір туралы очерктер» (1930 ж.), және «Соляной бунт» (1933 ж.) поэмасы шыққан. 50-70 жылдары П. Васильевтің 7 ақындық шығармаларының жинағы басылып шықты.

П. Васильев ... таң қаларлық тұлға. Ақын 27 жыл ғана өмір сүріп, қарапайым халықтың тағдыры мен қиыншылығын түсінетін, ашық жанды адам ретінде есте сақталып қалды. Ақын туралы естелік көшелердің аттарында, Орталық қалалық кітапханада, Павлодар қаласының әдеби бірлестігінде тұр. Қалада «П. Васильевтің мұражайы» жұмыс істейді. №9 мектепте П. Васильевтің мұражайы ұйымдастырылған. Васильев поэзиялары мерекесін өткізу дәстүрге айналды. Қаланың барлық оқу орындарында ақын- жерлесіміздің шығармалары оқылады.

Дереккөзі: Павлодар облысының әкімдігі

Бөлісу: