8 Сәуір 2013, 02:56
Құтпанұлы Иманжүсіп
Қазақтың халық композиторы, әнші ақын Иманжүсіп Құтпанұлы 1863 жылы Павлодар облысы Ақсу ауданында дүниеге келген.
Иманжүсіп жас кезінен-ақ жырға, шешендік сөзге құмар боп, сал серілер дәстүрін ұстап, саятшылдық құрып, балуан атанды. Ол суырып салма ақын болған. Өмірден көрген, білгендерін әнге қосып айтқан. Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Мәди әндерін тамылжыта шырқаған. Жарылғапберді, Естай т.б. әншілермен дос, сырлас болған. Ал, Жаяу Мұса Иманжүсіппен талай рет жүздесіп, ақыл - кеңес беріп, оған өлең де арнаған.
Иманжүсіп Құтпанұлы Ертіс бойында талай рет қуғынға ұшырап, Ақмолаға келеді. Мұнда да әкімдердің зорлық-зомбылығына, әділетсіздігіне шыдамай оларға шығарған өткір өлендерін айтады. Одан да қуғынға түсіп, 1905-1912 жылдары Өскеменге, 1914 жылы Жетісу жеріне айдалады. Шұбарағаш, Ойжалау, Лепсіде тұрады. Өмірінің қалған уақытын Сарыарқада өткізеді. Иманжүсіп Жаяу Мұса, Мәди сияқты әділет, теңдікті жырлаған күрескер әнші.
«Сармойын», «Бұқылы мен тақылы», «Ішім өлген дүниеай, құр сыртым сау», «Әкем Құтпан болғанда, ағам Шоқай», «Қысыраттың үйірі жирен ала», «Мен қалайша жалғанда тұрақтайын» т.б. әндері әр әншінің азаматтығын танытады. Оның әндерін А.В. Затаевич, Қ. Байсейітов, Иса Байзақовтар нотаға түсірткен. «Сармойын» іні Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсында (Бекежанның ариясы) пайдаланылады. Әндерін Қ. Байбосынов, Ж. Кәрменов т.б. әншілер орындайды. Иманжүсіптің әндері мен өлеңдері ел аузында сақталған.
Ақын Нұтфолла Шәкенов 1928 жылы 1 ақпанда Павлодар облысы, Ермак ауданы № 9 ауылында (қазіргі Ақсу ауданы Қ.Қамзин совхозы) дүниеге келді.
Балық шағы Семей облысы Абралы (қазіргі Абай) ауданында өтті.
1943 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің дайындық курсын, одан соң тіл әдебиеті факультетін бітірді.
Университетте оқи жүріп «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер және «Пионер» журналында бөлім меңгерушісі болып істейді.
1948 - 1949 жылдары Қызылорда педагогикалық институтында аға оқытушы.
1949 - 1953 жылдар аралығында қазақ радиосы, әдеби-драма хабарлары бөлімі бас редакторы, ал 1953 - 1955 жылдары «Қазақстан пионері» газетінің жауапы хатшысы қызметтерін атқарды.
1958 - 1961 жылдары Москвада Жазушылар Одағы жанындағы жоғарғы әдеби курсында оқиды.
Нұтфолла Шәкенов өлендері 1944 жылдан бастап республикалық және Москвадан шыққан басылымдарда шығып тұрды. Ақынның алғашқы өлеңдер жинағы «Біздің жыр» 1949 жылы жарық көрді. Бұл кітапқа Отан, еңбек адамдарының ерлік істері жайындағы лирикалық өлеңдер енген.
Нұтфолла Шәкеновтың соңғы жылдарда көбірек шұғылданған тақырыбы Байкал-Амур магистралінің құрылысы еді. Осы тақырыпқа оңдаған очерк, мақала, өлеңдер жазған. «Байкал», «Мен көрген қарындас», «Би алаңы», «Бам гүлдері» және т.б. бар.
Нұтфолла Шәкенов 1950 жылдан Жазушылар Одағының мүшесі.
Дереккөзі: Павлодар облысының әкімдігі