Сыртқы экономикалық байланыстарды өрістете отырып

4 Сәуір 2013, 06:19

Солтүстік Қазақстанның ауқымды және тұрақты экспорттық-импорттық әлеуетінің болуы дамыған ауыл шаруашылығы секторына, машина жасау және энергетика кешендеріне тікелей байланысты сыртқы сауда айналысы жыл сайын өсіп келеді, ал шетелдік серіктестер саны арта түсуде. Бүгін облыс әлемнің 70, солардың ішінде ТМД-ның сегіз елімен сыртқы экономикалық байланыс орнатқан. Көптеген жылдар бойы өзінің орналасу ерекшелігіне байланысты Ресей Федерациясы өңіріміздің басты сауда-экономикалық серіктесі болып келеді. Соның ішінде көршілес – Омбы, Түмен және Қорған облыстарымен қарым-қатынас барынша табысты дамып отыр. Олармен экономиканың әртүрлі саласы бойынша ынтымақтастық жөнінде келісімдер жасалып, табысты жүзеге асырылуда. Ресейдің көршілес өңірлерімен, сондай-ақ Мәскеу қаласымен екі жақты қатынасты нығайту және дамыту мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы жыл сайын делегациялар алмасып отырады. Транзиттік жеткізілімді қоса есептегенде сыртқы сауда айналымы соңғы үш жылда 1,6 есе өсіп, 2004 жылғы 679,6 миллион АҚШ долларынан 2006 жылы 1118,3 миллион долларға жетті. Соның ішінде экспорт 170,8 миллионнан 426,8 миллион долларға, немесе 2,5 есе, ал импорт 508,8 миллионнан 691,5 миллион долларға жетті немесе 1,4 есе өсті. 2006 жылдың қорытындысы бойынша облысымыздың негізгі серіктесі Нидерланды болып шықты. Барлық саудасаттықтың 29 пайызы осы елдің үлесіне тиеді. Сыртқа шығарылатын өнім көлемінің 19,8 пайызы – Ресей Федерациясына, 7,0 – Үндістанға, 6,5 – Италияға, 6,2 – Монпғолияға, 4,6 – Тәжікстанға. 3,8 – Әзірбайжанға, 3,0 – Қырғызстанға, 2,0 – АҚШ-қа, 1,7 пайызы – Қытайға жөнелтіледі. Импорттық өніммен басты жабдықтаушы бұрынғысынша Ресей Федерациясы болып қала береді. Сырттан алынатын барлық өнімнің 81 пайызы осы елдікі. Одан кейінгі орындарда: Австрия – 5,6, Германия – 5,8, Беларуссия – 2,0, Украина – 1,9, Канада – 1,2, Түркия – 1,0 пайыз. Ресей негізгі экспортшы есебінде Солтүстік Қазақстанға минералдық жанармай мен мұнай өнімдерін, пластмасса, каучук, резеңке және одан жасалған бұйымдар, ағаш, қара металл, қондырғылар мен механикалық жабдықтар, жерүстілік көлік құралдарын береді. Австрия, АҚШ, Германия және Канада облысымызда түрлі агрегаттар, құрал-жабдықтар, механикалық тетіктер, жерүстілік көлік құралдарын, резеңке-техникалық өнімдер, пластмасса, дайын тігін бұйымдарын және басқаларын жеткізеді. Облысымыз аграрлық өңір болып саналатындықтан, экспортқа шығарылатын өнімдер – бидай мен ұн, олардан дайындалатын бұйымдар болып қала береді. Аса көп емес мөлшерде былғары шикізаты, өнеркәсіптің химиялық өнімдері және азық-түлік экспортқа шығарылады. * * * Облыс басшылығының өңірдің экономикалық әлеуетін арттыру жолында жүзеге асырып жатқан шаралары тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартуға, өңірде материалдық жақсы жағдай және әлеуметтік жайлылық жасаудың сенімді алғышарттарын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен бірге осы қадамдар Мемлекет басшысының Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енгізу жөніндегі алға қойған міндеттерін шешуге ықпал жасауға бағытталған.

Солтүстік Қазақстанның ауқымды және тұрақты экспорттық-импорттық әлеуетінің болуы дамыған ауыл шаруашылығы секторына, машина жасау және энергетика кешендеріне тікелей байланысты сыртқы сауда айналысы жыл сайын өсіп келеді, ал шетелдік серіктестер саны арта түсуде. Бүгін облыс әлемнің 70, солардың ішінде ТМД-ның сегіз елімен сыртқы экономикалық байланыс орнатқан.

Көптеген жылдар бойы өзінің орналасу ерекшелігіне байланысты Ресей Федерациясы өңіріміздің басты сауда-экономикалық серіктесі болып келеді.

Соның ішінде көршілес – Омбы, Түмен және Қорған облыстарымен қарым-қатынас барынша табысты дамып отыр. Олармен экономиканың әртүрлі саласы бойынша ынтымақтастық жөнінде келісімдер жасалып, табысты жүзеге асырылуда. Ресейдің көршілес өңірлерімен, сондай-ақ Мәскеу қаласымен екі жақты қатынасты нығайту және дамыту мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы жыл сайын делегациялар алмасып отырады.

Транзиттік жеткізілімді қоса есептегенде сыртқы сауда айналымы соңғы үш жылда 1,6 есе өсіп, 2004 жылғы 679,6 миллион АҚШ долларынан 2006 жылы 1118,3 миллион долларға жетті. Соның ішінде экспорт 170,8 миллионнан 426,8 миллион долларға, немесе 2,5 есе, ал импорт 508,8 миллионнан 691,5 миллион долларға жетті немесе 1,4 есе өсті.

2006 жылдың қорытындысы бойынша облысымыздың негізгі серіктесі Нидерланды болып шықты. Барлық саудасаттықтың 29 пайызы осы елдің үлесіне тиеді. Сыртқа шығарылатын өнім көлемінің 19,8 пайызы – Ресей Федерациясына, 7,0 – Үндістанға, 6,5 – Италияға, 6,2 – Монпғолияға, 4,6 – Тәжікстанға. 3,8 – Әзірбайжанға, 3,0 – Қырғызстанға, 2,0 – АҚШ-қа, 1,7 пайызы – Қытайға жөнелтіледі.

Импорттық өніммен басты жабдықтаушы бұрынғысынша Ресей Федерациясы болып қала береді. Сырттан алынатын барлық өнімнің 81 пайызы осы елдікі. Одан кейінгі орындарда: Австрия – 5,6, Германия – 5,8, Беларуссия – 2,0, Украина – 1,9, Канада – 1,2, Түркия – 1,0 пайыз. Ресей негізгі экспортшы есебінде Солтүстік Қазақстанға минералдық жанармай мен мұнай өнімдерін, пластмасса, каучук, резеңке және одан жасалған бұйымдар, ағаш, қара металл, қондырғылар мен механикалық жабдықтар, жерүстілік көлік құралдарын береді. Австрия, АҚШ, Германия және Канада облысымызда түрлі агрегаттар, құрал-жабдықтар, механикалық тетіктер, жерүстілік көлік құралдарын, резеңке-техникалық өнімдер, пластмасса, дайын тігін бұйымдарын және басқаларын жеткізеді.

Облысымыз аграрлық өңір болып саналатындықтан, экспортқа шығарылатын өнімдер – бидай мен ұн, олардан дайындалатын бұйымдар болып қала береді. Аса көп емес мөлшерде былғары шикізаты, өнеркәсіптің химиялық өнімдері және азық-түлік экспортқа шығарылады.

* * *

Облыс басшылығының өңірдің экономикалық әлеуетін арттыру жолында жүзеге асырып жатқан шаралары тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартуға, өңірде материалдық жақсы жағдай және әлеуметтік жайлылық жасаудың сенімді алғышарттарын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен бірге осы қадамдар Мемлекет басшысының Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енгізу жөніндегі алға қойған міндеттерін шешуге ықпал жасауға бағытталған.

Бөлісу: