4 Сәуір 2013, 06:17
"№1 Автобус паркі" ААК 2006 жылдың шілде айында "Петропавл автобус паркі" ЖШС болып қайта тіркелді. Мұның өзі жыл аяғына дейін он автобус алуға, негізгі қорды 97,7 миллион теңгеге дейін, ал жұмысшылар санын 207 адамға жеткізуге, көлікпен қызмет көрсету нарығында өзінің орнын табуға мүмкіндік берді.
Қалалық жолаушылар тасымалдау ісінде троллейбус паркі нық ұстанымға ие болып отыр. Бүл шын мәнінде барынша болашағы бар, экологиялық таза көлік болып саналады. Облыс орталығындағы негізгі бағыттарда троллейбус паркі қызмет көрсетеді. 2001 жылдан бері Петропавл троллейбус паркі ААҚ, ал кейінірек ЖШС болып құрыла отырып, жарғылық қорына 100 пайыз мемлекеттік үлес қатынастағы осы кәсіпорын таза табыспен жұмыс істейді, оны өндірістік базаны нығайтуға және ұжымның әлеуметтік міндеттерін шешуге жұмсайды. Қаржылық тұрақтылық ЖШС-ға несие алуға, маман кадрларды жалдауға, жабдықтаушыларды таңдауға, дер кезінде салық төлеп отыруға мүмкіндік береді. 2002 жылдан бері кәсіпорын өз қаржысы және банктен алған несие есебінен жалпы қүны 50 миллион теңгеге жуық алты жаңа троллейбус сатып алды. 2006 жылы 19 миллион теңгеге екі жаңа троллейбус алынды. Қазіргі кезде ұзындығы 55,9 километрлік бес бағытқа күн сайын 36 троллейбус шығарылып, екі ауысымда жұмыс істейді. Күн сайын олар 30 мыңнан астам адамды тасымалдайды. Троллейбустарды төрт қосалқы станция электр қуатымен қамтамасыз етеді. Кәсіпорында 350-ден астам адам еңбек етеді.
Автокөліктердің үзіліссіз жұмыс істеуі әр тарапқа кететін көлік коммуникация сынсыз мүмкін емес. Автожолдар облыс орталығын елді мекендермен, республиканың басқа аймақтарымен, Солтүстік Қазақстанды Новосібірмен, Челябімен, Омбымен, Екатеринбургпен, Түменмен жалғастырады.
Облыстағы автокөлік жолдарының ұзындығы 9001,4 километр, оның 7533,4 километрі облыстық және аудандық мақсаттағы жалпы пайдаланылатын, 1468 километрі республикалық мақсаттағы жолдар. Олардың 4440,5 километрі асфальт, 2580 километрі қиыршық тас төселген, 1980,9 километрі қара топырақты және тегістелген. Облыстық әкімдік ұзындығы 3622 километр болатын облыстық мақсаттағы жалпы пайдаланыстағы жолдардың тізімін бекітті. 2453 километр жол қазір аудандық әкімдіктерге коммуналдық меншік ретінде бекітіліп берілді. Оған қоса аудандарға бұрын ешкім күтіп ұстамаған 1468,9 километр шаруашылық жолдары да берілді.
Облыстық және аудандық мақсаттағы жолдардың ұзындығы 2180 қума метр болатын 36 көпір мен өткел, 1660 суағар құбырлар, 9045 қума метр қауіпсіздік қоршаулары, кісі отыратын орындары бар 288 автопавильон, эстакада және қоршауы бар 18 автотүрақ, 25 темір жол өткелі, он өндірістік база – гараждар, қоймалар, бу қазандықтары және басқалар бар. Жергілікті мақсаттағы жолдардың бойында жолға қызмет көрсететін 25 нысан орналасқан.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жергілікті мақсаттағы жалпы пайдаланыстағы автокөлік жолдарын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде үлкен жұмыстар атқарылуда. Мысалы, КТ-19 "Покровка-Ильин-ка-Мектеп" автокөлік жолының бойында Мальпен сайы арқылы ұзындығы төрт километрлік көпір салынды. КТ-50 "Борки-Ташкентка-Долматово" автокөлік жолының бойында қалқымалы көпір орнатылды. 2005 жылы ұзындығы бес километрлік "Әуежайға барар жол" бойына күрделі жөндеу жүргізіліп, жарық орнатылды. 2006 жылы 1,9 километр жолға күрделі, 110,1 километрге орта, 7533,4 километрге ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша облыстық және аудандық мақсаттағы жалпы пайдаланыстағы жолдарды дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған" жаңа бағдарламасын жасады. Оның басты мақсаттары – автокөліктердің шектеулі жылдамдыққа және салмағына сәйкес үзіліссіз қауіпсіз қозғалысын, жолдар мен жол құрылыстарының сақталуын қамтамасыз ету, көліктердің қатынау ретіне қарай жолдардың техникалық жағдайын және пайдалану сапасын дер кезінде арттырып отыру. Осы мақсатқа 1612 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсау көзделуде. Бағдарламаны қаржыландыру көздері – облыстық және аудандық бюджеттер, сондай-ақ республика бюджетінен алынатын мақсатты трансферттер.