Облыстың көлік жүйесіндегі ең маңызды буындарының бірі – автокөлік

4 Сәуір 2013, 06:12

Өңірде жүк және жолаушылар тасымалдауда Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан мен Ресейдің көршілес өнеркәсіп орталықтарымен байланысын қамтамасыз ететін темір жол көлігінің үлес салмағы елеулі. Өңір аумағын Транс-сібір және Трансқазақстан темір жол магистралдары кесіп өтеді, оның ұзындығы 882 километр. Облыста Ресей Федерациясының Темір жол министрлігіне қарасты "Оңтүстік-Орал темір жолы" федералдық мемлекеттік унитарлық кәсіпорындарының еншілес кәсіпорыны — қарамағында теміржол кәсіпорындарының 12 филиалы, екі жол дистанциясы, 13 станциясы бар "Петропавл бөлімшесі" орналасқан. Олар қамтитын темір жолдың ұзындығы 187 километр. Кәсіпорын тұрақты жұмыс істейді: 2005 жылы олар 1667,0 мың тонна жүк және 4312218 жолаушы тасымалдады. 2006 жылы 1770,3 мың тонна жүк тасылып, 4662 мың жолаушыға қызмет көрсетілді. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мансұров пен Ресей Федерациясындағы Омбы облысының губернаторы Леонид Полежаев қол қойған қарым-қатынас жөніндегі келісім шеңберінде 2005 жылғы 5 тамызда №823/824 "Омбы-Петропавл-Омбы" бағытында жүрдек электропоезы қатынасы ашылды. Көршілес екі облыс тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы бар осы бағытта Ресей Федерациясына қарасты Батыс-Сібір темір жолының "Омбы-Пригород" ААҚ қызмет көрсетеді. Облыстың көлік жүйесіндегі ең маңызды буындарының бірі – автокөлік болып табылады. Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауда негізгі күш автокөлікке түседі, шаруашылық нысандары мен тұрғындар тарапынан көрсетілетін автокөлік қызметіне өсе түсіп отырған сұранысты солар қанағаттандырады. Экономиканы қайта құрудың күрделі жылдарында көптеген көлік кәсіпорындары арзанға сатылып кетіп жатқанда "№3 автокөлік кәсіпорыны" ЖШС мемлекеттік меншіктен ұжымдық меншікке көшіп қана қоймай, негізгі және айналма қорды сақтай отырып, ең бастысы кәсіби жүргізушілер мен жөндеушілерді жоғалтпай, тұрақты жұмысты қалыптастыра білді. Бүгіндері "АТП-3" ЖШС Қазақстан мен ТМД-да жүк тасымалдайды, облыстың көлік индустриясының бетке ұстары болып саналады. Осында қаржы-экономикалық қызметке алғашқылардың бірі болып компыотерлендіру енгізілді, осы заманғы технологияны игеруде көп іс тындырылды. Мысалы, кәсіпорында КамАЗ бен ЗИЛ автомашиналарының тетіктері мен агрегаттары зауыттық стандартқа сай жөнделеді, ал таяу болашақта жеңіл автокөліктерге техникалық қызмет көрсететін станция мен арнайы дүкен ашу көзделуде.

Өңірде жүк және жолаушылар тасымалдауда Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан мен Ресейдің көршілес өнеркәсіп орталықтарымен байланысын қамтамасыз ететін темір жол көлігінің үлес салмағы елеулі. Өңір аумағын Транс-сібір және Трансқазақстан темір жол магистралдары кесіп өтеді, оның ұзындығы 882 километр.

Облыста Ресей Федерациясының Темір жол министрлігіне қарасты "Оңтүстік-Орал темір жолы" федералдық мемлекеттік унитарлық кәсіпорындарының еншілес кәсіпорыны — қарамағында теміржол кәсіпорындарының 12 филиалы, екі жол дистанциясы, 13 станциясы бар "Петропавл бөлімшесі" орналасқан. Олар қамтитын темір жолдың ұзындығы 187 километр.

Кәсіпорын тұрақты жұмыс істейді: 2005 жылы олар 1667,0 мың тонна жүк және 4312218 жолаушы тасымалдады. 2006 жылы 1770,3 мың тонна жүк тасылып, 4662 мың жолаушыға қызмет көрсетілді.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мансұров пен Ресей Федерациясындағы Омбы облысының губернаторы Леонид Полежаев қол қойған қарым-қатынас жөніндегі келісім шеңберінде 2005 жылғы 5 тамызда №823/824 "Омбы-Петропавл-Омбы" бағытында жүрдек электропоезы қатынасы ашылды. Көршілес екі облыс тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы бар осы бағытта Ресей Федерациясына қарасты Батыс-Сібір темір жолының "Омбы-Пригород" ААҚ қызмет көрсетеді.

Облыстың көлік жүйесіндегі ең маңызды буындарының бірі – автокөлік болып табылады. Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауда негізгі күш автокөлікке түседі, шаруашылық нысандары мен тұрғындар тарапынан көрсетілетін автокөлік қызметіне өсе түсіп отырған сұранысты солар қанағаттандырады.

Экономиканы қайта құрудың күрделі жылдарында көптеген көлік кәсіпорындары арзанға сатылып кетіп жатқанда "№3 автокөлік кәсіпорыны" ЖШС мемлекеттік меншіктен ұжымдық меншікке көшіп қана қоймай, негізгі және айналма қорды сақтай отырып, ең бастысы кәсіби жүргізушілер мен жөндеушілерді жоғалтпай, тұрақты жұмысты қалыптастыра білді. Бүгіндері "АТП-3" ЖШС Қазақстан мен ТМД-да жүк тасымалдайды, облыстың көлік индустриясының бетке ұстары болып саналады. Осында қаржы-экономикалық қызметке алғашқылардың бірі болып компыотерлендіру енгізілді, осы заманғы технологияны игеруде көп іс тындырылды. Мысалы, кәсіпорында КамАЗ бен ЗИЛ автомашиналарының тетіктері мен агрегаттары зауыттық стандартқа сай жөнделеді, ал таяу болашақта жеңіл автокөліктерге техникалық қызмет көрсететін станция мен арнайы дүкен ашу көзделуде.

Бөлісу: