4 Сәуір 2013, 06:10
Облыстың шаруашылық кешені мен тұрғындары көліктің үш түрін — әуе, темір жол және автокөлік қызметтерін пайдаланады. Олардың әрқайсысы өздерінің ерекшеліктеріне байланысты өңірдің экономикалық мәселелерін шешуге қатысады.
Петропавлдың әуежайы ірі транзиттік орталық болып саналады. Оның негізінде құрылған "Петропавл қаласының халықаралық әуежайында" өзінің әуе ұшақтары бар және барлық тасымалды транзиттік бағыттар арқылы жүзеге асырады. Әуежай кешені ішкі және халықаралық әуе қатынастарының, ТМД елдерінің таяудағы әуежайларынан күн сайын отызға жуық жолаушы және жүк ұшақтарын қабылдай алады.
Әуежай қызметінің негізгі бағыты әуе ұшақтарына жер үстілік қызмет көрсету болып табылады. 2005 жылы ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізіліп, оның техникалық жағдайы едәуір жақсарды. әуежайда жарықпен белгі беретін "М-2" үлгідегі ОМИ қондырғысы орнатылды, ол ұшақтарды күрделі ауа райы жағдайында да қабылдауға мүмкіндік береді.
Ұшақтарды қабылдап, оларға жанар май құюды қамтамасыз ету үшін 6000 тоннаға дейін сақтай алатын ЖЖМ қоймасы, авиациялық жанармайдың сапасын анықтайтын зертхана бар. Әуежай да ұшу-қону жолағының жұмысын қамтамасыз ететін, ұшақтарға қызмет көрсететін жерүстілік техникалық құралдармен қамтылған.
"Петропавл қаласының халықаралық әуежайы" ААҚ-ның қызметімен "Эйр Астана" ЖАҚ және "Көкшетау Авиа" АҚ авиокомпаниялары үнемі пайдаланады. Аптасына төрт рет "Астана-Петропавл-Астана", төрт рет "Алматы-Көкшетау-Петропавл-Алматы" бағыттарында ұшақтар қатынайды. Басқа да авиакомпаниялар бір реттік бағыттарға шығады.
2004 жылы 485 ұшақ қатынасы болды, 5492 жолаушы жөнелтіліп, 5784 жолаушы қабылданды. 2005 жылы ұшырылған ұшақ саны 455 болды, 7943 адам жөнелтіліп, 8108 жолаушы қабылданды. 2006 жылы 424 ұшақ ұшырылып, 16607 жолаушы тасымалданды.
Он бес жылғы үзілістен кейін Петропавл мен Мәскеу арасындағы авиақатынас қайта жанданды: Ресейдің астанасына алғашқы ұшак 2006 жылы 9 тамызда ұшып шықты. Петропавлдың тұрғындарына Мәскеуге Омбы арқылы жету қымбат әрі қолайсыз болған еді. Аптасына екі рет тұрақты әуе қатынасын қалыптастыру жоспарлануда, Солтүстік Қазақстан облысымен келісім жасаған "РусЛайн" компаниясы күн сайынғы қатынасты қамтамасыз ете алады, сондықтан бұдан былай бәрі осы бағыт та қанша сұранысқа ие болатынына байланысты.
"Астана-Петропавл" бағыты бойынша қосымша, "Алматы-Петропавл" тура қатынастары ашылды. Болашақта тұтынушыға көрсетілетін қызметтің түріне және жағдайына байланысты билет бағасын реттеп отыру, әуежайдың техникалық жағдайын Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ХААҰ) нормалары мен ұсыныстарына және Еуропалық стандартқа жеткізу, спутниктік байланыс және бақылау жүйесін пайдалана отырып, әуе қатынасын ұйымдастыру жүйесін жетілдіру жоспарлануда.