Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту

4 Сәуір 2013, 06:08

Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жоғары қарқыны негізінен өндіріске елеулі түрде қаржы салуға және осы заманғы жоғары өнімді техника сатып алуға мүмкіндігі бар ірі агрофермалардың қызметімен қамтамасыз етіледі. 2005 жылдың басында облыста 1,0 миллион гектар немесе барлық егістіктің 25 пайызы көлемінде жері бар 6292 шаруа қожалығы болатын. Олардың ішінде 2316-сы немесе 49,3 пайызы 100, 1792-сі немесе 38,1 пайызы — 100 гектардан 500 гектарға дейін жер телімдерін иеленді. Жүргізілген түгендеу жұмыстары бұл жерлердің тиімді пайдаланылмай отырғандығын көрсетті: шаруашылық нысандарының 11 пайызында техника жоқ, 15 пайызы егін сеппейді. Мұндай құрылымдар несие ала алмайды және осы заманғы агротехнологияны қолдану мүмкіндігі жоқ, сондықтан олардағы астық шығымдылығы облыстық орташа көрсеткіштегіден 3-4 центнер төмен болады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шаруашылықтарды ірілендіру міндетін қойды. 2005 жылғы 25 ақпанда Петропавлда сөйлеген сөзінде "500 немесе 1000 гектар жері бар шаруа не сатып ала алады? Бір жылы күйіп кетеді де, бәрі босқа қалады. Сондықтан шаруалардың, шаруашылықтардың іріленуі, бірігуі, қуатты болуы керектігіне көздерін жеткізу керек", - деп атап көрсеткен болатын. Шағын шаруа қожалықтарын ірілендіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру 2005-2006 жылдары олардың санының жартысын қысқартуға мүмкіндік берді. Бос жатқан жерлер тұрақты жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы құрылымдарына берілді. 2007 жылдың бірінші қаңтарында облыстағы шаруа қожалықтарының саны 4312 болды. Солтүстік Қазақстан облысында ауылды әлеуметтік-экономикалық жағынан қайта құрудың негізі Мемлекеттік агроазық-түліктік бағдарлама мен Ауылдық аумақтарды дамытудың бағдарламасында жатыр. Осы құжаттардағы міндеттерді табысты шешу аграрлық сектордағы "бедерді" өзгертеді: ол индустриялық негізге көшіріледі, ал ауыл тұрмысы — ауқатты болады. Ел Президенті өңірлерден өзін толықтай ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуді талап етті. Осыған байланысты облыста астық өндірісімен барынша тиімді айналысатын, мал шаруашылығын белсенді дамытатын, көкөніс дақылдарын көбірек өсіретін, балық және орман шаруашылығының орасан зор мүмкіндігін тиімді пайдаланатын боламыз. Осындай аграрлық саясат өңірдің агроөнеркәсіп кешенін жеделдете дамытуға ықпал жасайтын болады деп санайды облыста.

Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жоғары қарқыны негізінен өндіріске елеулі түрде қаржы салуға және осы заманғы жоғары өнімді техника сатып алуға мүмкіндігі бар ірі агрофермалардың қызметімен қамтамасыз етіледі. 2005 жылдың басында облыста 1,0 миллион гектар немесе барлық егістіктің 25 пайызы көлемінде жері бар 6292 шаруа қожалығы болатын. Олардың ішінде 2316-сы немесе 49,3 пайызы 100, 1792-сі немесе 38,1 пайызы — 100 гектардан 500 гектарға дейін жер телімдерін иеленді. Жүргізілген түгендеу жұмыстары бұл жерлердің тиімді пайдаланылмай отырғандығын көрсетті: шаруашылық нысандарының 11 пайызында техника жоқ, 15 пайызы егін сеппейді. Мұндай құрылымдар несие ала алмайды және осы заманғы агротехнологияны қолдану мүмкіндігі жоқ, сондықтан олардағы астық шығымдылығы облыстық орташа көрсеткіштегіден 3-4 центнер төмен болады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шаруашылықтарды ірілендіру міндетін қойды. 2005 жылғы 25 ақпанда Петропавлда сөйлеген сөзінде "500 немесе 1000 гектар жері бар шаруа не сатып ала алады? Бір жылы күйіп кетеді де, бәрі босқа қалады. Сондықтан шаруалардың, шаруашылықтардың іріленуі, бірігуі, қуатты болуы керектігіне көздерін жеткізу керек", - деп атап көрсеткен болатын.

Шағын шаруа қожалықтарын ірілендіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру 2005-2006 жылдары олардың санының жартысын қысқартуға мүмкіндік берді. Бос жатқан жерлер тұрақты жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы құрылымдарына берілді.

2007 жылдың бірінші қаңтарында облыстағы шаруа қожалықтарының саны 4312 болды.

Солтүстік Қазақстан облысында ауылды әлеуметтік-экономикалық жағынан қайта құрудың негізі Мемлекеттік агроазық-түліктік бағдарлама мен Ауылдық аумақтарды дамытудың бағдарламасында жатыр. Осы құжаттардағы міндеттерді табысты шешу аграрлық сектордағы "бедерді" өзгертеді: ол индустриялық негізге көшіріледі, ал ауыл тұрмысы — ауқатты болады. Ел Президенті өңірлерден өзін толықтай ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуді талап етті. Осыған байланысты облыста астық өндірісімен барынша тиімді айналысатын, мал шаруашылығын белсенді дамытатын, көкөніс дақылдарын көбірек өсіретін, балық және орман шаруашылығының орасан зор мүмкіндігін тиімді пайдаланатын боламыз. Осындай аграрлық саясат өңірдің агроөнеркәсіп кешенін жеделдете дамытуға ықпал жасайтын болады деп санайды облыста.

Бөлісу: