Аграрлық ғылымның жаңа жетістіктері

4 Сәуір 2013, 06:06

2004 жылы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 3125 мың тонна тауарлы астық өндірді, әр гектардан 10,4 центнерден өнім алынды. Жоғары өнімді техника, агротехникалық шараларды жүргізу, аграрлық ғылымның жаңа жетістіктерін өндіріске енгізу және ауыл еңбеккерлерінің жанқиярлық еңбегі қол жеткен табысты баянды етуге және 2005 жылы әр гектардан 12,7 центнерден өнім жинай отырып, барынша мол — 3970 мың тонна астық жинауға көмегін тигізді. Алайда облыс ең жоғары табысқа 2006 жылы қол жеткізді: дәнді дақылдардан рекордтық өнім – 5224 мың тонна астық алынды. Бұл елімізде жалпы жиналған астықтың 28 пайызы. Егін шығымдылығынан да рекордтық көрсеткішке ие болдық, әр гектардан 16,4 центнерден өнім жиналды. Бұл Қазақстанның астық өсіретін облыстары арасында көлемі жағынан ең жоғары жалпы түсім. Ауа райының күрделі жағдайында қол жеткізілген мүндай нәтиже жыл басынан ғылыми ұсыныстарды, тәжірибені және озық тәсілдерді есепке ала отырып, жүргізілген жүйелі жұмыстың осы заманғы технологиясын сақтаудың арқасында мүмкін болды. Осындай қол жеткізілген табыстар облыстың республикадағы үш ірі тауарлы астық өндіруші өңірлердің қатарында қалуға мүмкіндік берді. Мұндағы жалпы түсімнің үлес салмағы Қазақстанда өндірілетін барлық астықтың төрттен бірін құрайды. Облыста дәнді дақылдар алқабы үш миллион гектардан асады. Майлы, сондай-ақ жемазықтық жарма және бұршақ дақылдарының да егістік алқаптары ұлғайтылуда. Жемазықтық дақылдар алқабы бақылауға алынған учаскелердегі тыңайған жерлерді игеру есебінен ұлғайтылуда. Көкөніске және картопқа сұраныс қолда бар алқаптар есебінен толық қанағаттандырылуда. 2006 жылы бұл дақылдардан сәйкес түрде 111,4 мың және 372,3 мың тонна өнім өндірілген болатын. Мал шаруашылығы күрт дами бастады. Соңғы жылдары малдың барлық түрінің өсімі мен тауарлы өнім өндіру көлемінің тұрақты түрде ұлғая түсуі сақталуда. 2007 жылдың басында ауыл шаруашылығы малдарының табыны едәуір ұлғайды. Онда 337 мың ірі қара, 190 мың қой, 211 мың шошқа, 79 мың жылқы және 2429 мың құс бар. Егер 2003 жылы 21598 миллион теңгенің мал шаруашылығы өнімі өндірілсе, 2004 жылы ол – 24772, 2005 жылы – 28556,2, ал 2006 жылы – 30771,2 миллион теңгеге жетті. Сондай-ақ тірілей салмақпен ет өндіру көлемі 85,7 мың тонна, сүт — 523,4 мың тонна, жүн — 626,7 тонна, жұмыртқа — 233,4 миллион дана болды. 2006 жылы барлығы 6,2 миллиард теңгенің мал шаруашылығы өнімі сатып алынды, бұл оның алдындағы жылдағыдан 8,4 пайыз артық.

2004 жылы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 3125 мың тонна тауарлы астық өндірді, әр гектардан 10,4 центнерден өнім алынды. Жоғары өнімді техника, агротехникалық шараларды жүргізу, аграрлық ғылымның жаңа жетістіктерін өндіріске енгізу және ауыл еңбеккерлерінің жанқиярлық еңбегі қол жеткен табысты баянды етуге және 2005 жылы әр гектардан 12,7 центнерден өнім жинай отырып, барынша мол — 3970 мың тонна астық жинауға көмегін тигізді. Алайда облыс ең жоғары табысқа 2006 жылы қол жеткізді: дәнді дақылдардан рекордтық өнім – 5224 мың тонна астық алынды. Бұл елімізде жалпы жиналған астықтың 28 пайызы. Егін шығымдылығынан да рекордтық көрсеткішке ие болдық, әр гектардан 16,4 центнерден өнім жиналды. Бұл Қазақстанның астық өсіретін облыстары арасында көлемі жағынан ең жоғары жалпы түсім. Ауа райының күрделі жағдайында қол жеткізілген мүндай нәтиже жыл басынан ғылыми ұсыныстарды, тәжірибені және озық тәсілдерді есепке ала отырып, жүргізілген жүйелі жұмыстың осы заманғы технологиясын сақтаудың арқасында мүмкін болды.

Осындай қол жеткізілген табыстар облыстың республикадағы үш ірі тауарлы астық өндіруші өңірлердің қатарында қалуға мүмкіндік берді. Мұндағы жалпы түсімнің үлес салмағы Қазақстанда өндірілетін барлық астықтың төрттен бірін құрайды. Облыста дәнді дақылдар алқабы үш миллион гектардан асады. Майлы, сондай-ақ жемазықтық жарма және бұршақ дақылдарының да егістік алқаптары ұлғайтылуда. Жемазықтық дақылдар алқабы бақылауға алынған учаскелердегі тыңайған жерлерді игеру есебінен ұлғайтылуда. Көкөніске және картопқа сұраныс қолда бар алқаптар есебінен толық қанағаттандырылуда. 2006 жылы бұл дақылдардан сәйкес түрде 111,4 мың және 372,3 мың тонна өнім өндірілген болатын.

Мал шаруашылығы күрт дами бастады. Соңғы жылдары малдың барлық түрінің өсімі мен тауарлы өнім өндіру көлемінің тұрақты түрде ұлғая түсуі сақталуда. 2007 жылдың басында ауыл шаруашылығы малдарының табыны едәуір ұлғайды. Онда 337 мың ірі қара, 190 мың қой, 211 мың шошқа, 79 мың жылқы және 2429 мың құс бар.

Егер 2003 жылы 21598 миллион теңгенің мал шаруашылығы өнімі өндірілсе, 2004 жылы ол – 24772, 2005 жылы – 28556,2, ал 2006 жылы – 30771,2 миллион теңгеге жетті. Сондай-ақ тірілей салмақпен ет өндіру көлемі 85,7 мың тонна, сүт — 523,4 мың тонна, жүн — 626,7 тонна, жұмыртқа — 233,4 миллион дана болды. 2006 жылы барлығы 6,2 миллиард теңгенің мал шаруашылығы өнімі сатып алынды, бұл оның алдындағы жылдағыдан 8,4 пайыз артық.

Бөлісу: