Дәнді және жемазықтық дақылдар

4 Сәуір 2013, 06:01

Өндірістік қатынастардың ескі түрінің орнына жаңа түрінің қалыптасуына байланысты қатты дағдарыс кезеңін басынан өткерген агроазық-түлік секторы соңғы жылдары дамудың барынша жоғары деңгейіне жетті. Бұған Қазақстан Республикасының мемлекеттік агроазық-түліктік және ауылдық аймақтарды дамыту бағдарламаларын жүзеге асырудағы жүйелі жұмыс мүмкіндік берді. Соның арқасында ауыл шаруашылығына 14,4 миллиард теңге қаржы тартылды. Минералдық тыңайтқыштардың бағасы 40 пайызға арзандатылды, жанар-жағар май, элиталық тұқым, гербицидтер және пестицидтер сатып алуға мемлекет жәрдем жасайды. Аграрлық кешенді дамытудың түйінді мәселесі машина-трактор паркін жаңарту болып табылады. 2004-2006 жылдары облыстың шаруашылықтары соңғы он жылда алғаш рет ауыл шаруашылығы техникасын сатып ала бастады. 2004 жылдың басында ауылдағы машиналардың 80 пайызы ескірген болып шықты, сондықтан 2004 жылы облысқа 8,2 миллиард теңгенің жаңа шетелдік техникасы келіп түсті. Салыстыру үшін: 2003 жылы 3,6 миллиард теңгенің техникасы алынған еді. 2004-2006 жылдары АҚШ-тан, Германия мен Канададан жалпы құны 31 миллиард теңгенің 3830-дан астам осы заманғы техникасы сатып алынды. Оның 90 пайызы осы заманғы соңғы үлгідегі тіркеме құралдарымен жарақтандырылған. Қазір Петропавлдың бірқатар кәсіпорындарында ауыл шаруашылығы машиналарын шығару жолға қойылды. Оларда лущильниктер, астық тиегіштер, жаткалар, дән жарғыштар, сабан ұн-тақтағыштар және басқа техникалар жасалады. Осы жағдайға Мемлекет басшысы ерекше назар аударды. 2005 жылғы 27 қыркүйекте аграрийлермен кездескенде ол осы саланың техникасын жаңарту және жетілдіру ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін үлғайтуға да, сапасын жақсартуға да, ендеше оның бәсекеге төтеп беру қабілетін де арттыруға мүмкіндік береді деп атап көрсетті. Дәнді және жемазықтық дақылдардан тұрақты өнім алуға мүмкіндік беретін жоғары құнарлы жердің болуы облысымызда біріншіден — астық өндірісін, екіншіден — етті-сүтті мал, шошқа, қой, жылқы және құс шаруашылығын дамытуға болатынын айқындап берді. Бұл танаптар мен фермалардағы экономикалық құлдырауды жеңіп, аграрлық секторда қалыпты жағдай орнықтыруға мүмкіндік береді. Өңірдің ауыл шаруашылығында егіншілік басым сала болып табылады. Міне, осы сала, әсіресе, дәнді дақылдар өндірісі облыстың экономикалық жағдайына әсер етеді.

Өндірістік қатынастардың ескі түрінің орнына жаңа түрінің қалыптасуына байланысты қатты дағдарыс кезеңін басынан өткерген агроазық-түлік секторы соңғы жылдары дамудың барынша жоғары деңгейіне жетті. Бұған Қазақстан Республикасының мемлекеттік агроазық-түліктік және ауылдық аймақтарды дамыту бағдарламаларын жүзеге асырудағы жүйелі жұмыс мүмкіндік берді. Соның арқасында ауыл шаруашылығына 14,4 миллиард теңге қаржы тартылды. Минералдық тыңайтқыштардың бағасы 40 пайызға арзандатылды, жанар-жағар май, элиталық тұқым, гербицидтер және пестицидтер сатып алуға мемлекет жәрдем жасайды.

Аграрлық кешенді дамытудың түйінді мәселесі машина-трактор паркін жаңарту болып табылады. 2004-2006 жылдары облыстың шаруашылықтары соңғы он жылда алғаш рет ауыл шаруашылығы техникасын сатып ала бастады. 2004 жылдың басында ауылдағы машиналардың 80 пайызы ескірген болып шықты, сондықтан 2004 жылы облысқа 8,2 миллиард теңгенің жаңа шетелдік техникасы келіп түсті. Салыстыру үшін: 2003 жылы 3,6 миллиард теңгенің техникасы алынған еді. 2004-2006 жылдары АҚШ-тан, Германия мен Канададан жалпы құны 31 миллиард теңгенің 3830-дан астам осы заманғы техникасы сатып алынды. Оның 90 пайызы осы заманғы соңғы үлгідегі тіркеме құралдарымен жарақтандырылған. Қазір Петропавлдың бірқатар кәсіпорындарында ауыл шаруашылығы машиналарын шығару жолға қойылды. Оларда лущильниктер, астық тиегіштер, жаткалар, дән жарғыштар, сабан ұн-тақтағыштар және басқа техникалар жасалады. Осы жағдайға Мемлекет басшысы ерекше назар аударды. 2005 жылғы 27 қыркүйекте аграрийлермен кездескенде ол осы саланың техникасын жаңарту және жетілдіру ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін үлғайтуға да, сапасын жақсартуға да, ендеше оның бәсекеге төтеп беру қабілетін де арттыруға мүмкіндік береді деп атап көрсетті.

Дәнді және жемазықтық дақылдардан тұрақты өнім алуға мүмкіндік беретін жоғары құнарлы жердің болуы облысымызда біріншіден — астық өндірісін, екіншіден — етті-сүтті мал, шошқа, қой, жылқы және құс шаруашылығын дамытуға болатынын айқындап берді. Бұл танаптар мен фермалардағы экономикалық құлдырауды жеңіп, аграрлық секторда қалыпты жағдай орнықтыруға мүмкіндік береді.

Өңірдің ауыл шаруашылығында егіншілік басым сала болып табылады. Міне, осы сала, әсіресе, дәнді дақылдар өндірісі облыстың экономикалық жағдайына әсер етеді.

Бөлісу: